Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған кезектілік тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
9) салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң және әлеуметтік төлемдердің сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастамашылық жасаған күні;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей;
операциялық күннің ішінде, бірақ екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізілген не екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық терминалдары арқылы қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
10) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын нұсқамасы болған кезде жіберуге;
11) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен, осы Кодекстің 118-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің корреспонденттік шоттарды қоспағанда, банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелер тоқтатылған кезде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері міндеттеме орындау жолымен тоқтатылған кезінде қолданылмайды;
13) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
Үшінші абзац 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаның;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;
осы Кодекстің 59 және 66-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;
тұратын жерінде іс жүзінде болмауы осы Кодекстің 70-бабында айқындалған тәртіппен расталған және салықтық есептілікті ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін оны ұсынбаған, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін, осы Кодекстің 67-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;
туындаған күнінен бастап төрт ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекет етпейтін жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;
Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.
13) тармақшаның екінші бөлігі 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
14) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Сегізінші абзацын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;
осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;
Төртінші абзац 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:
бас банк Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры - банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;
салық төлеуші банктік шотты ашу үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18) қосылған құн салығын есепке алу үшін ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде беруге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер - тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті.
Салық төлеушілердің санаттары мен тізімін, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.
Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Осы баптың бірінші бөлігінің 7), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынылады. Техникалық проблемалардың салдарынан оларды телекоммуникациялар желісі арқылы ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес ұсынатын мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы
Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiнде мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді;
шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты;
9) көлік пен коммуникацияларды;
10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен;
12) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-баптың тақырыбы өзгертілді
26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынуға мiндеттi.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар лицензиялар және оларға қосымша (қосымшалар), куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке төленетін төлемдер салынатын объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 18-бөлiмiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысандар бойынша өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша салық органдарына ұсынуға мiндеттi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, ұсынылатын мәліметтерде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге мiндеттi.
5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келу мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық органына олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органмен келісу бойынша индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 650-бабына сәйкес салықтық міндеттемелер туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынуға мiндеттi.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы ісер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жеріндегі салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық бөлімшелері қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтерді салық органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
12-тармақ 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
12. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган қосылған құн салығының сомалары бойынша дайындаушы ұйымдар алған бюджеттік субсидия сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
13-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13. Нотариустар жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша:
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы;
2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы;
3) егер мәміледе (шартта) көзделген бағасы жалақының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 160 еселенген ең төмен мөлшерінен асатын жағдайда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелелер мен шарттар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың нысанын, оны беру тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
14-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
15-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.