2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қарсылық, шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде беріледі.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Беру тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды алған күн;
2) пошта арқылы - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдау туралы белгі қойған күн;
3) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы - ол электрондық құжат нысанында алынған күн, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар бойынша - ол мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы алынған күн қарсылықты, шағымды апелляциялық комиссияға берген күн болып табылады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қарсылықтың, шағымдардың нысаны мен мазмұны:
1) аудиторлық есепке және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықтар, шағымдар бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар бойынша камералдық бақылау қағидаларында;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
1. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықты, шағымды қараудан бас тартады.
2. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, әлеуетті өнім берушіні, арыз берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты:
1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
2. Қарсылық мемлекеттік аудит объектісі дау айтатын мәселелер шегінде қаралады.
3. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау кезінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады. Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Қарсылық, шағым мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін келіп түскен жағдайда, оны жасау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасың Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарсылық, шағым камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау туралы шешімді мемлекеттік аудит объектісінің қабылдауы сатысында келіп түскен жағдайда, оны орындау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-5-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімдейді.
58-6-бап. Дауларды апелляциялық реттеу
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиті және камералдық бақылауы нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік қаражатты мақсатсыз және (немесе) негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау оларды орындауды тоқтата тұрмайды.
3. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-1-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-2-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-3-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-4-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-5-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-6-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-бап. Өтпелі ережелер
Мемлекеттік аудитор болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 39-бабында айқындалған тәртіппен тиісті сертификаттаудан өтуге міндетті.
62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын, 27-бапты;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағын, 13-баптың 3-тармағын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметші;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 12-і.
№ 392-V