50) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды
50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
51) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52) денсаулық сақтау саласындағы сараптамалардың жүргізілуін бақылау;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
53) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды бақылау;
54) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
55) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
56) халықты профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу;
57) - 58) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
59) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;
64) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;
66) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 68) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімін айқындау;
69) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 70) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін айқындау;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 70-1) тармақшамен толықтырылды
70-1) уәкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 71) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 71-1) тармақшамен толықтырылды
71-1) биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін ұйымдар тізбесін бекіту;
72) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 73) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 73) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 74) - 103) тармақшалармен толықтырылды
74) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
75) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 77) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
78) клиникалық базалар тізбесін бекіту;
79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту;
80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту;
81) денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындау;
82) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;
83) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту;
85) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту;
86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;
88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау;
89) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;
90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;
91) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
92) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту;
93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;
94) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;
95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;
96) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін бекіту;
98) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту;
99) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін бекіту;
100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту;
101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту;
102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 102-1) және 102-2) тармақшалармен толықтырылды
102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту;
102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 103) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекітіп беру тәртібін бекіту;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122) және 123) тармақшалармен толықтырылды
104) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
105) медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
106) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру;
107) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
108) орфандық препараттар тізбесін бекіту;
109) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту;
110) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту;
111) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту;
112) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
113) Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
114) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
115) тиісті фармацевтикалық практикаларды әзірлеу және бекіту;
116) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
117) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу және бекіту;
118) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындау;
119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібін айқындау;
120) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
121) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлеу және бекіту;
122) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;
123) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;
3) регламенттерді әзірлеу және бекіту;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымның дамуын қамтамасыз ету және ғылыми қызметті үйлестіру;
9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;
10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
13) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу;
14) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;
15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
16) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
17) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;
18) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
20) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
22) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасына бақылау жасау;
23) халықты профилактикалық егудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
24) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
25) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;
26) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;
27) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;
28) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы, тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін айқындау;
29) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
32) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын келісу;
33) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату мен жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
34) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асыру;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды
37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережені, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.
9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;
3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;
4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;
8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;
9) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) және 3-8) тармақшалармен толықтырылды
3-2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
3-3) денешынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3-4) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
3-5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
3-6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
3-7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
3-8) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;