2) күрделі салымдарға бағытталатын шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған нысаналы салым қаражатын жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымының ұйымдары және (немесе) шығыстардың бағыттары арасында оларды дамытуға қайта бөлуге құқығы бар.
Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.
2-2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі Университет меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.»;
5) 6-баптың 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.»;
6) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Университетті және Зияткерлік мектептерді, олардың ұйымдарын аккредиттеуді тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен айқындалған аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы жүзеге асырады.»;
7) 9-бапта:
тақырып, 1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін дербес әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады.
Университет бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.
Университет тәрбие жұмысын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес дербес айқындайды.
3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын дербес бекітеді.
4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар дербес бекітеді.»;
6-тармақ «Университет» деген сөзден кейін «, оның ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «өз бетінше» деген сөздер «дербес» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Зияткерлік мектептер бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.
Зияткерлік мектептер тәрбие жұмысын Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік мектептер:
1) оқуға қабылдау;
2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;
3) эксперименттік қызмет;
4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;
5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;
6) білім беру мониторингі және білім беру сапасын бағалау;
7) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
8) педагог қызметкерлерді аттестаттау және оны өткізудің мерзімділігі қағидаларын дербес бекітеді.
Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқару Зияткерлік мектептер дербес айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
9) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Университет пен Зияткерлік мектептерде білім беру процесін грантпен және стипендиямен қамтамасыз ету
1. Университетте білім алу «Назарбаев Университеті» білім беру гранты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының халықаралық білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.
«Назарбаев Университеті» білім беру гранты Университетке оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдіктерге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының халықаралық білім беру грантын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол осы тармақтың екінші бөлігінде көзделмеген жағдайларда, Университетке оқуға қабылданған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға берілуі мүмкін.
2. «Назарбаев Университеті» білім беру гранты қаражатының есебінен Университетте оқуға құқығы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жыл сайын айқындайды. Университет қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
3. Университет білім алушыларға «Назарбаев Университеті» білім беру грантын беруді Университеттің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес дербес жүргізеді.
4. Университет «Назарбаев Университеті» білім беру грантының қаражатын басқаруды беру, айыру немесе білім алушылар арасында қайта бөлу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, дербес жүзеге асырады.
5. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнын қалыптастыру кезінде Университеттің оқу процесін ұйымдастырумен байланысты шығыстар ескеріледі. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың бағыттарын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган Университеттің өтінімі негізінде қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7. Университет және Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен білім алушыларға өзге де білім беру гранттарын, стипендиялар мен төлемдерді тағайындауға құқылы. Өзге де білім беру гранттарының, стипендиялар мен төлемдердің мөлшерін және оларды беру тәртібін Университет және Зияткерлік мектептер дербес айқындайды.
12-2-бап. Инновациялық кластер
1. Инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері:
1) Университет;
2) Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары;
3) ғылым жөніндегі орталық офис;
4) коммерцияландыру офисі;
5) тәжірибелік-эксперименттік цех;
6) келісімшарттық зерттеулер орталығы;
7) бизнес-инкубатор;
8) ғылыми парк;
9) технологиялық парк болып табылады.
2. Инновациялық кластерге қатысушыларға мынадай санаттардың бірі беріледі:
1) инноватор;
2) инновациялық компания;
3) жоғары технологиялық компания;
4) зерттеу орталығы.
3. «Инноватор» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші жеке тұлға болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады және коммерцияландыру офисінің, тәжірибелік-эксперименттік цехтың базасындағы ғылыми зерттеулердің, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алынған нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
4. «Инновациялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
2) өтінім беруші бизнес-инкубатордың, технологиялық парктің, ғылыми парктің, келісімшарттық зерттеулер орталығының базасындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
5. «Жоғары технологиялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өнімді өндіруге бағытталады.
6. «Зерттеу орталығы» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және ғылыми-зерттеу қызметін және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асырады.
7. Инновациялық кластерге қатысушыны іріктеу, оған мәртебе беру және одан айыру қағидаларын, сондай-ақ инновациялық кластер қызметінің тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
8. Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.
Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға ұсынатын қолдау шараларына:
1) инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды және гранттық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;
2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
3) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
4) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру;
5) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;
6) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдығына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорларына рұқсат беру;
7) Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары жатады.».
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 119-1, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
«119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз береді.»;
3) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.»;
4) 203-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын;
3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацын;
4) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1), 8), 9), 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының бірінші, екінші және төртінші абзацтарын, 12) және 13) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы шілденің 21-і.
№ 337-V