4. Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады.
Көрсетілген құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа алып келеді.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшiн ғана пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген дәрiлiк препараттар:
1) азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкте;
2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiздегi) оқу-жаттығуларға шығу кезiнде жауынгерлік машиналарда (корабльдерде);
3) ұшуды орындау кезiнде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрi қобдишасында;
4) мемлекеттiк мекемелердің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кезек күттірмейтін көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкiн.
Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша белгілейдi.
7. Осы баптың 6-тармағында аталған рұқсатта бұл дәрiлiк заттарды орынсыз пайдалануға және олардың заңсыз жолдармен таралып кетуiне жол бермеу мақсатында қолданылуы тиiс шаралар белгiленедi. Рұқсатта экипаж құрамынан осы дәрiлiк заттар сенiп тапсырылатын адамдар, олардың сақталу шарттары, оларды босатудың, алмастырудың тiркелуi, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есеп берудiң кезеңдерi көрсетiледi.
8. Дәрiлiк препараттарды осы баптың 7-тармағына сәйкес оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларда пайдалану осы Заңның азаматтарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды босатудың тәртібі туралы ережелерiн бұзу деп қаралмайды.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану
1. Мал дәрiгерлiгiнде, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдаланатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды ветеринарияда пайдалану шарттары мен тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға байланысты қызметке лицензия алған заңды тұлғаларға осы лицензияда дәл көрсетiлген мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-1 Заңына сәйкес 19-бап жаңа редакцияда; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану
Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сот-сараптама қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары сақталған жағдайда есiрткi заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғысын анықтау үшiн сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғыларын анықтау үшiн сот сараптамасы мемлекеттік органының сараптама жүргiзуі, сондай-ақ iшкі iстер және ұлттық қауіпсiздік органдарының жедел-криминалистiк бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзуi лицензиялаусыз жүзеге асырылады
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану
Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын қызметкерлер мен жеке құрамды арнайы даярлау және қызметтік иттерді үйрету кезінде есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға рұқсат етiледi.
Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда сатып алу мен жұмсау тәртiбi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiсінде айқындалады.
2006.02.03 № 130-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою
1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есірткі заттар, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен құрамында есірткі заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
2. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою:
1) есірткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жарамдылық мерзiмi өткен;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар химиялық немесе физикалық әсерге ұшырап, соның салдарынан қайта қалпына келтiру немесе қайта өңдеу мүмкiндiгiнен айрылып, жарамсыз болған;
3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.02.03 № 130-III Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау
1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсімдіктерді өсіру мен жинауға және оларды өнеркәсіптік, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшін пайдалануға қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік квотадан аспайтын көлемде рұқсат беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия берудiң және оларды тек қана өнеркәсіптік, оқу, ғылыми және медициналық мақсаттарда пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртібі
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, өткізу, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңмен және оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлерімен реттеледi.
2. Заңды тұлғаларға өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарынан артық мөлшердегi прекурсорларды сақтауға тыйым салынады.
3. Бөлшек сауда жасайтын заңды тұлғаларға прекурсорларды көтерме сатуға тыйым салынады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген заттардың бiрi есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдемелер болған жағдайларда, прекурсорларға сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдағанға дейiн дереу тыйым салынады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (I кесте), сондай-ақ прекурсорлар (IV кесте) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалауға, яғни айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуы мен өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы, кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда кез келген жерде таратылатын және (немесе) орналастырылатын ақпаратқа тыйым салынады.
Қазақстан Республикасында бақылануға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар (II және III кестелер) тiзiміне енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар, сол тектестер бар дәрiлік препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.
3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану
Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтың көздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.
27-бап. Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру
1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың (мемлекеттік органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн.
3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiп алуға құқылы.
28-бап. Бақыланатын жеткізу
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары есiрткiні, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ осыған қатысатын адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын өнім беру әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, транзиттеуге жол беруi мүмкiн.
2. Бақыланатын жеткізу мемлекет аумағы шегiнде жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдауға және жөнелтуге қатысты да пайдаланылуы мүмкiн.
3. Бақыланатын жеткізу iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгiленедi.
2006.02.03 № 130-III Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдемелер, барлау-нұқсан келтіру іс-қимылының белгілері мен фактілерін алу үшiн жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнің өз құзыретi шегiнде есiрткiні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргiзуге құқығы бар.
2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 30-бап өзгертілді және толықтырылды; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Заңды тұлғаны тарату
1. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететiн ұйымдарда есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері туралы мәлiметтер анықталған жағдайда мұндай ұйым соттың шешiмi бойынша тартылуға тиiс, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.
31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.
2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге масаң күйде деген ақпарат түскен адам медициналық куәландырылуға жатады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге масаю белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi, сондай-ақ зерттеп-қаралатын адам организмiнде есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң бар-жоғына тестілеулер болған кезде анықталады.
3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал «нашақорлық» диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия белгілейді.
4. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке қою тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 33-баптың жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi теріс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық зерттеп-қарау
1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.
2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
34-бап. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртібі және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртібі, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
35-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткізудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде науқасқа - еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.