1) салық органдарының офистерінде;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.
21-БӨЛІМ. Тексеру нәтижелеріНЕ ЖӘНЕ
салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
93-тарау. Тексеру нәтижелері ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 666-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
666-бап. Жалпы ережелер
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және қарау осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
Салық тексерулерінің нәтижелеріне жасалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарау бойынша әдістемелік ұсынымдарды қараңыз
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеруді жүргiзген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына шағымның көшiрмесiн жiберуге тиiс.
Уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келіп ұсыну тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол бар болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті органға шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
5. Шағымға:
1) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмелері;
2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
669-бап. Шағымды қараудан бас тарту
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 670-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.
2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын мәселелер шегінде қаралады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.
5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;
4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.
6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын адамдарға қандай да бір ықпал етуіне тыйым салынады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 671-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәждi шешiм шығарады.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның толық немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағым бойынша шешім жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 672-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізілгенде - уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;
2) мемлекеттік органдардың, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарының және өзге де ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мұндай органдарға және ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде - жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауап алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыруларды ұсынғанда - он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте, осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 673-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;
3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
5) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 674-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары
Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуын тоқтата тұрады.
Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 675-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.
3. Тақырыптық тек серу осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеру жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде уәкілетті орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік уәжді болуға тиіс.
94-тарау. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
95-тарау. Салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
686-бап. Шағым жасау құқығы
Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
687-бап. Шағым жасау тәртібі
Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.
688-бап. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
| | |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 99-ІV ҚРЗ