7. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың күтіп-ұсталуын, аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуын (шығарылуын), орналасу пункттеріне қайта оралуын есепке алуды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
49-бап. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзу (пайдаланылу) тәртібі
1. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуіне және (немесе) пайдаланылуына тек қана рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандарда немесе навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген схемаларына сәйкес жол беріледі. Оларға:
1) рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) ауданның шегінен шығуға, қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, егер хабарламаларда ондай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарланған болса, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғы мен құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына кіруге;
2) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше тәртіп ескертілмеген болса, аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз аппаратты әуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен катерлеріне аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда түнгі уақытта, белгіленген шамдарсыз жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда корабльдердің және катерлердің командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де авариялық жағдай тудыру мүмкіндігін болғызбайтын шаралар қолдануға міндетті.
3. Аумақтық сулардың (теңіздің) белгілі бір аудандарында уәкілетті органдар қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуін шектейді, бұл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда күні бұрын хабар беріледі.
50-бап. Шетелдік кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, шетелдік әскери корабльдердің жүзу (пайдаланылу) тәртібі
1. Осы Заңның 45, 46, 48, 49, 52-баптарының талаптары аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға), мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылады.
2. Аумақтық сулар (теңіз) арқылы жүзіп өтуді жүзеге асыратын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар), сондай-ақ шетелдік әскери корабльдер жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және заңнамасын сақтауға тиіс.
3. Шетелдік әскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда (теңізде) жүзу тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды (теңізді) дереу тастап шығуды талап етеді.
51-бап. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу
1. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе онда осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге де уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергілер жасамауға тиіс.
2. Аумақтық суларға (теңізге) шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және ұйымдар осы Заңның 48-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа:
1) жобаның сипаты және мақсаты;
2) кемелердің атауын, типін және сыныбын, ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;
3) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық деректер;
4) зерттеу жүргізетін кемелер келген және кеткен немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылған және алып тасталған күн;
5) жоба үшін жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беруге міндетті.
3. Аумақтық суларда (теңізде) алдағы жүргізілетін теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметі туралы жұмыс басталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі хабардар етіледі.
4. Әуесқой балықшылардың, туристердің, спортшылардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығуы, оның ішінде мұз астында балық аулауға шығуы осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізуді бақылау осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
52-бап. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзу
1. Осы Заңда белгіленген:
1) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу;
2) аумақтық суларда (теңізде) және iшкi суларда, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізу тәртібін бұзу аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзу болып танылады.
2. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, сондай-ақ осы тарауда көрсетілген өзге де уәкілетті органдар осы Заңға сәйкес заңсыз қызметті тоқтатуға қажетті шаралар қолданады.
7-тарау. КОНТИНЕНТТІК ҚАЙРАҢ РЕЖИМІ
53-бап. Континенттік қайраң режимі
1. Континенттік қайраң шегінде теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың континенттік қайраңдағы тәртібі - континенттік қайраң режимі белгіленеді.
2. Континенттік қайраң режимі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен белгіленеді.
3. 2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Континенттік қайраң режимінің негізгі мақсаты континенттік қайраңның табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
54-бап. Континенттік қайраң режимін бұзу
1. Континенттік қайраңда теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, оның ішінде жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу континенттік қайраң режимін бұзу болып танылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Континенттік қайраң режимінің бұзылуына байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Заңға сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
55-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
2) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымын белгілеу тәртібін айқындайды;
3) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу қағидаларын айқындайды;
4) шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілейді;
5) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру тәртібін айқындайды;
6) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығару үшін негізге алынатын сызықтарды, сондай-ақ аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді;
7) Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізеді немесе оны кесіп өтуді тоқтатады;
8) карантин режимін енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе екі және одан көп облыстар аумағында оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
9) өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды айқындайды;
10) өткізу пункттерінің тізбесін бекітеді;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылды
10-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарды айқындайды;
10-2) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша айқындайды;
10-3) жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды;
11) халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді;
12) қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген ұсынуы бойынша шекаралық режимге кіретін жекелеген шектеулердің қолданысы алып тасталуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін белгілейді;
14) өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді;
15) шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін айқындайды;
16) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді;
17) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
56-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, континенттік қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді қамтамасыз етеді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекетін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
5) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттарды және материалдарды дайындауға қатысады;
6) шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
7) шекаралық кеңістікте және халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық ахуалды талдауды және болжауды жүзеге асырады;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өзінің жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады, құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауға және шекаралық кеңістікте ұсталған адамдарды тексеруге қатысады;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
10) өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери шаруашылығы туралы қағидаларды бекітеді;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жоспарлау қағидаларын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді тікелей орындайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріндегі кезекші күштер мен құралдардың құрамы туралы ережені бекітеді;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық наряд басшысы туралы ережені бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі басқару органдарының қызметі жөніндегі қағидаларды бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді жедел қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
18) 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетінің техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі инженерлік-техникалық құралдарының жай-күйін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында, әскери, арнаулы оқу орындары мен құрылымдық бөлімшелерінде зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қамтамасыз ету, оларды ұйымдастыру, пайдалану және есепке алу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің зымырандық-артиллериялық қару-жарағын жөндеуге, оған техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, құрал-сайманды, керек-жарақты, калибрлер жабдығын, сүртетін-майлайтын және басқа материалдарды күтіп-ұстау және олардың жұмсалу нормалары туралы ережені бекітеді;
23) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы зымырандық-артиллериялық қару-жарақты санаттарға бөлу қағидаларын бекітеді;
24) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы оқ-дәрілерді және танкіге қарсы басқарылатын реактивтік снарядтарды санаттарға бөлу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
25) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оқ-гильза қорын құру туралы қағидаларды бекітеді;
26) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде автотехникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды бекітеді;
28) әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарын күзетуді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
30) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу-баспа қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
32) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін заттай қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
33) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
34) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін ветеринариялық қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін пәтерлік-пайдаланушылық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясын қолдану қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану қағидаларын бекітеді;
37) Қазақстан Республикасының теңізінде, өзендерінде және өзге де су айдындарында шекаралық корабльдер мен катерлерді қолдану қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды
37-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің шекара корабльдерін, катерлері мен кемелерін дайындау, оларға техникалық және өзге де құжаттаманы келісу, оларды өндіруді бақылау және қабылдау жөніндегі қызметі қағидаларын бекітеді;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 37-2) тармақшамен толықтырылды
37-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекітеді;
38) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде кинологиялық қызмет пен із кесушілікті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
39) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 40) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
40) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде жылқыларды ұстау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша өткiзу пункттерiнде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудi ұйымдастырудың үлгiлік схемаларын бекiтедi;