Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 534 Қаулысы
(2013.17.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Ақтау теңіз портының сұйытылған көмірсутегі газын жөнелту жөніндегі теңіз терминалының иесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы сұйытылған көмірсутегі газын тасымалдауды жүзеге асыратын кемелерді өткізудің технологиялық схемасын бекіту жөніндегі шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.17.09. № 977 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 647-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сыртқы рейд - теңіз портына кіреберістерде арнайы бөлінген және кемелердің тұрақта тұруына, қызмет көрсетуге және оларды ресімдеуге арналған су кеңістігі.»;
мынадай мазмұндағы 64-1 және 74-1-тармақтармен толықтырылсын:
«64-1. Порт құрылыстарының техникалық бейімсіздігіне және қауіпсіздік талаптарына байланысты кеменің портқа кіру мүмкіндігі болмаған кезде, порт капитанының жазбаша рұқсаты және шекаралық, кедендік бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша кеменің келуін ресімдеу порттың сыртқы рейдінде жүзеге асырылады.»;
«74-1. Осы Қағиданың 64-1-тармағында көзделген жағдайларда, кеменің портқа кіру мүмкіндігі болмаған кезде кеменің шығуын ресімдеу порттың сыртқы рейдінде жүзеге асырылады.».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |