Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ...
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
Показать изменения
1. Рұқсаттық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін рұқсаттық бақылау бақылаудың өзге нысаны тәртібімен тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданады.
Показать изменения
Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік және рұқсат беру талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы осы тармақта көрсетілген тәртіппен рұқсаттық бақылауға жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Показать изменения
3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Показать изменения
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру үшін сақтауын дербес тексереді.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
52-бап. Өтпелі ережелер
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі.
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лицензияның және оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы
Оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Ескертпе
1
2
3
4
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
1.
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
2.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
3.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия
1. Діни білім беру бағдарламалары.
2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
3. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
4. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары.
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.
7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
4.
Іздестіру қызметіне лицензия
1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
2) жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
3) жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiрулер, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);
4) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақтыға көшірумен байланысты байланысты геодезиялық жұмыстар.
2. Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:
1) геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
2) жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
5.
Жобалау қызметіне лицензия
1. Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
1) жоспарлау құжаттамасын (аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
2) елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасатын көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнің) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасатын сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
3) құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
4) ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызарларды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
5) тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерін орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
7) құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
8) инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу.
2. Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды
3. Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
1) негiздер мен iргетастарды;
2) бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
3) металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды.
4. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
1) жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
2) су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
3) тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
4) iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
5) 35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
6) магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау.
5. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
1) мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығулар, демалыс пен туризм кәсiпорындарына, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
2) көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
6. Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
1) энергетика өнеркәсiбiне арналған;
2) жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
3) ауыр машина жасауға арналған;
4) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
5) бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
6) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларды;
7) көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
7. Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
1) автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
3) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) желiлерiне және өзге де телекоммуникация түрлерiне қызмет көрсету объектiлерiн технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
8. Мыналарды:
1) теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
2) барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
3) қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
9. Өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу)
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
6.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия
1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде:
1) іргетас негіздерді орналастыру;
2) жер қабатындағы бұрғылау жұмыстары;
3) суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстар.
2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:
1) металл конструкцияларды монтаждауды;
2) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
3) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
4) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
5) түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
6) тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
7) көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен көтергіш құрылыстардың басқа да конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
8) монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
9) шатыр жабу жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен жол өткізгілерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салу.
3. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды, оның ішінде:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
3) кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
4) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс және телекоммуникация желiлерiн салу бойынша арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары.
4. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның iшiнде:
1) теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
2) газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
4) электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтитын инженерлiк желiлер мен жүйелердi орналастыру.
5. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын, оның ішінде:
1) темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын;
2) I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелетін қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
3) III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
4) аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын салу.
6. Мыналарға:
1) гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстарға;
2) құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндiруге;
3) театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлерге;
4) байланысқа, авариядан қорғауға, бақылау және дабыл жүйесiне, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулауға, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарына байланысты технологиялық жабдықты монтаждау, iске қосу-оңдау жұмыстары.
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
7.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
Показать изменения
Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
8.
Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия
1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру
2. Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).
3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.
4. Құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау.
5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).
6. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу.
7. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.
8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.
9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.
10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану.
11. Көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау.
12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
9.
Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия
1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру.
2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу.
3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу.
5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары
6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату.
7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау.
8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру.
9. Химиялық өндірістерді пайдалану.
Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
2-сынып
Показать изменения
20.
Жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
2-сынып
Показать изменения
21.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтер көрсетуге лицензия
1. Құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу
2. Иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау
3. Аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау
4. Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу
Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия
1. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау
2. Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану
«Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау» кіші түрі үшін, «иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану» (қол жүгін және багажды тексеруге арналған рентген құралдарын, рентген дифрактометрлерін, спектрометрлерді, анализаторларды қоспағанда) кіші түрі үшін - иеліктен шығарылмайтын;
«Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану» (қол жүгін және багажды тексеруге арналған рентген құралдарын, рентген дифрактометрлерін, спектрометрлерді, анализаторларды қоспағанда) кіші түрі үшін - иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
23.
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия
1. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау
2. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану
3. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау
4. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі - 5 жыл;
лицензияны беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы үшінші бөлігінің және 26-бабы 1,2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
25.
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия
1. Физикалық қорғау жүйелерін монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету
2. Ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде олардың физикалық қорғалуын қамтамасыз ету
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
26.
Ядролық материалдармен жұмыс істеуге лицензия
1. Ядролық материалдарды өткізу
2. Ядролық материалдарды пайдалану
3. Ядролық материалдарды сақтау
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі - 5 жыл;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
2-сынып.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
27.
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу
2. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру)
Иеліктен шығарылмайтын;
Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (тауарларды) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу талап етілмейді;
1-сынып
28.
Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсетуге лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
29.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
30.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасау
3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу
4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау
6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу.
2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өндіру.
3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу.
4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу.
5. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.
Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып
Показать изменения
36.
Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, жасау
2. Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу
3. Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
37.
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу
2. Босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
38.
1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою
2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану
3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензия беру кезде осы Заңның 25-бабы
3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
39.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензия
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау саласындағы қызметті лицензиялау
40.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
41.
Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия
1. Арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі
2. Ликер-арақ өнімдерінің өндірісі
3. Шарап материалының өндірісі
4. Шарап өндірісі
5. Коньяк өндірісі
6. Бренди өндірісі
7. Сыра өндірісі
8. Сыра сусынының өндірісі
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
42.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оларды сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
43.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оларды сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия
Иеліктен шығарылатын;
2-сынып
44.
Этил спиртінің өндірісіне лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
45.
Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
46.
Тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
47.
Тауар биржалары саласындағы дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
48.
Тауар биржалары саласындағы брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Экспорт және импорт саласындағы лицензиялау
49.
Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып
Показать изменения
49-1.
Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия
Экспорттық бақылауға жататын өнімді импорттауға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып
Показать изменения
52.
Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып
Қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау
Показать изменения
53.
Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия:
1. Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу
2. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу
3. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
4. Банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі
5. Кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі
6. Аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау
7. Есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт)
8. Банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі
9. Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
10. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау
11. Төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау
12. Аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау
13. Банктерге ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру
14. Банктерге үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік кепілдемелер мен өзге де міндеттемелерді беру
15. Тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату
16. Құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату
17. Вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті
18. Лизингтік қызметті жүзеге асыру
19. Меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару
20. Факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқықтарын иелену
21. Форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу
22. Сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару
23. Сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
54.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Кастодиандық қызмет
2. Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет
3. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызмет
4. Трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру
5. Брокерлік қызмет
6. Дилерлік қызмет
7. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет:
1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет;
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
7. Ислам банкінің банктік операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет.
Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып
Показать изменения
58.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру
2. Ауру жағдайына арналған сақтандыру
3. Автомобиль көлігін сақтандыру
4. Теміржол көлігін сақтандыру
5. Әуе көлігін сақтандыру
6. Су көлігін сақтандыру
7. Жүктерді сақтандыру
8. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру
9. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
10. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
11. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
12. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
58-1.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру.
2. Ауру жағдайына арналған сақтандыру.
3. Автомобиль көлiгiн сақтандыру.
4. Темiржол көлiгiн сақтандыру.
5. Әуе көлiгiн сақтандыру.
6. Су көлiгiн сақтандыру.
7. Жүктердi сақтандыру.
8. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3) - 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру.
9. Автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру.
10. Әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру.
11. Су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру.
12. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9) - 11) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.
13. Қарыздарды сақтандыру.
14. Ипотекалық сақтандыру.
15. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру.
16. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және
16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру.
17. Өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру.
18. Титулдық сақтандыру.
19. Сот шығыстарын сақтандыру.
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
59.
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Өмірді сақтандыру
2. Аннуитеттік сақтандыру
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
59-1.
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
1. Өмірді сақтандыру.
2. Аннуитеттік сақтандыру.
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурстың рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
60.
Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін лицензия
Иелктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
61.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
62.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банктік операцияларға берілетін лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
63.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне лицензия
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
3. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
4. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
5. Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
6. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
7. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
8. Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
9. Міндетті экологиялық сақтандыру
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
63-1.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
4. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру.
5. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілi-гiн мiндеттi сақтандыру.
6. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру.
7. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
8. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.
9. Мiндетті экологиялық сақтандыру.
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
64.
Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
64-1.
Исламдық қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Показать изменения
65.
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
66.
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
67.
Ойын автоматтары залының қызметімен айналысуға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл;
3-сынып
Показать изменения
68.
Казино қызметімен айналысуға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл;
3-сынып
Показать изменения
69.
Тотализатор қызметімен айналысуға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл;
3-сынып
Показать изменения
70.
Букмекерлік кеңсе қызметімен айналысуға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл;
3-сынып
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
71.
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия