1) 16-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
алтыншы және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.»;
«Заңды тұлғаны тарату тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тартқан, мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.»;
2) 16-1-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.»;
«Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.».
5. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;»;
мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректер;
25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;»;
5-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 5-бапта:
1-тармақ 7) тармақшадағы «сыра жатады.» деген сөздер «сыра;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сыра сусыны жатады.»;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде пайда болған этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерін, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатын, олардың қайта өңделген өнімдерін, дәмді хош иісті заттар мен хош иістендіргіштерді қоса отырып не қоспай, этил спиртін қоспай, сырадан (кемінде дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызы) және (немесе) сыраның ашытылған сөлінен (кемінде шикізат массасының 40 пайызы) дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 9-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаңылтыр ыдыста (сырадан, сыра сусыны мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінен басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыра мен сыра сусынын құюды қоспағанда);».
6-тармақ 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты - темекi өнiмдерiнің орын ауыстыруына бақылау жасауға арналған құжат;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.
Ілеспе жүкқұжаттарынсыз, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып темекі өнімдерінің айналымына және орын ауыстыруына тыйым салынады.».
7-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
43-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен астам, туындаған күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар тұлғаға қатысты;
өзіне қатысты банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты мемлекеттік кіріс органдарына;».
8-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-1-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
9-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі):
27-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;».
10-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 42-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:»;
2) 48-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының;»;
3) 49-баптың 1) тармақшасында:
елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2022 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:»;
жетпісінші абзацтағы «әкетуден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.» деген сөздер «әкетуден;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетпіс бірінші абзацпен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.»;
4) 49-1-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шарушылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 71-баппен толықтырылсын:
«71-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 193-бабының 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.».
11. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 23-24, 125-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «14) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын,» деген сөздерден кейін «15) тармақшасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «15) тармақшасын,» деген сөздер алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік кіріс органдарының тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін қалыптастастыру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, Мемлекеттік органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
13. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
4) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген, мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларында және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, кейіннен мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;»;
«15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу - мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің мұнай өнімдерін өткізуі кезінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;
24-2) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;
2) 6-бапта:
13-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-5) тармақшамен толықтырылсын:
«12-5) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының операторын айқындайды;»;
13-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
13-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізгенде, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.