2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.
5. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi. Осы әскери қызметшілерге келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қатысты осы Заңның талаптары қолданылады.
Аталған әскери қызметшiлер лауазымнан босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін – он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он жыл;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін – бес жыл қалғанға дейін;
4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;
8) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған адам қабылданбайды.
14) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық жағдайына байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
4. Сондай-ақ мыналар:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу
1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге:
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;
қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;
«Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.
4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне «лейтенант» əскери атағы беріледі.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге «кіші сержант» əскери атағы беріледi.
Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтан оқытуды қолдана отырып қана білім алады.
3. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған əскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сəйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
40-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi
1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) үш жылға - келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін - əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін - оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына);
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін - оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.
2. Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ
41-бап. Запасқа қою
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Запаста болудың шекті жасына толмаған:
1) әскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған;
2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен:
қатардағы және сержанттық құрамдар қатарынан;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептермен;
қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын орындамауға байланысты шығарылған;
3) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуіне байланысты әскери қызмет өткермеген;
5) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша даярлықтан өткен;
7) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.
2. Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мерзiмдi əскери қызметке шақырудан босатылған жəне жиырма жеті жасқа толуына байланысты əскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен əскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi əскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») əскери атағын бере отырып, запасқа алады.
4. Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары айқындайды.
5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы əскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi əскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.
6. Запаста болу әскери жиындардан өтудi, әскери қызметке шақыру қағидаларын орындауды және әскери есеп бойынша мiндеттердi сақтауды қамтиды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде əскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары əскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
8. Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.
42-бап. Запаста тұрудың шектi жасы
1. Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қатардағы және сержанттық құрамдар - елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін - алпыс жасты қоса алғанда.
2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қатардағы және сержанттық құрамдар үшiн - отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн - қырық бес жасты қоса алғанда.
3. Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.
4. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.
43-бап. Әскери жиындардан өту
1. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады, сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады.
2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.
3. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.
4. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі.
5. Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.
6. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.
Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді.
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Əскери жиындар кезеңіндегі əскери міндеттілерді қоспағанда, əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:
1) еңбек сіңірген жылдары;
2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;
3) əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Əскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) жəне 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген;
3) қамақта болған кезеңдерде;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.
2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
3. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.
4-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және бөлімдерінде тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1. Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.