«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 Қаулысы
(2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тобыл», «Каспий» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
3) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
№ 970 қаулысымен
бекітілген
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді
1. Құру мақсаты
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады:
жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат;
инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері;
жер қойнауын пайдалану құқығы;
пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері;
акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Тобыл» ӘКК» ҰК» қызметінің негізгі қағидаттары
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ қызметі айқындылық, кешенділік пен басымдылық қағидаттарына негізделеді.
Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды көздейді. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады.
Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді.
Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға артықшылық берілетінін білдіреді.
3. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;
мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру;
инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру;
бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру;
шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;
өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау;
мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету;
өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту;
кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту;
бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою;
ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту;
жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау;
ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы айқындалады.
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы кіреді.
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау;
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою;
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары кіреді.
Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді.
Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте»«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
№ 970 қаулысымен
бекітілген
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстарын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес» «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады:
жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат;
инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері;
жер қойнауын пайдалану құқығы;
пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері;
акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделеді.
Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады.
Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді.
Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;
мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру;
инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру;
бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру;
шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;
өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау;
мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету;
өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту;
кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту;
бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына»«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде» «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою;
ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту;
жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау;
ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы айқындалады.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы кіреді.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен»«Каспий» ӘКК» ҰК»
АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді.
Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметші ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
№ 970 қаулысымен
бекітілген
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді
1. Құру мақсаты
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі -»«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады:
жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат;
инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері;
жер қойнауын пайдалану құқығы;
пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;
мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері;
акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделеді.
Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады.
Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді.
Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;
мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру;
инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру;
бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру;
шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;
өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау;
мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету;
өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту;
кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту;
бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою;
ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту;
жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау;
ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелері