2-тармақтағы «нормативтiк» деген сөз алып тасталсын;
11) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Конституциялық Кеңестiң қызметiн қаржыландыру
Конституциялық Кеңестiң және оның аппаратының қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
43-бап. Конституциялық Кеңестiң аппараты
Конституциялық Кеңестің аппараты ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да көмекшi жұмысты орындайтын мемлекеттік орган болып табылады.
Конституциялық Кеңестің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Конституциялық Кеңес аппаратының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Конституциялық Кеңестің Регламентiмен және Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы ережемен реттеледi.
Конституциялық Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.».
7. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат):
1) тақырыпта және мәтінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 3-бапта:
екінші бөліктің екінші сөйлемі «қорына» деген сөзден кейін «және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «оның қорының» деген сөздер «ол құратын заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бап «аумағында» деген сөзден кейін «президенттік,» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.».
8. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):
1) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нормативтік қаулылар қабылдайды;»;
2) 20-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.»;
3) 29-бапта:
1-тармақта:
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отыз жасқа толған;»;
«5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама нәтижесі бойынша сот жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, облыстық сот жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.»;
«5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.»;
4) 30-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерліктерін алуға тиіс.»;
5) 44-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот жюриі біліктілік комиссиясының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»;
6) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады.»;
7) 57-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.».
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы маусымның 15-і.
№ 75-VI