19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
20) 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда
22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылады (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылады (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 25-3) тармақшамен толықтырылды
25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-1) тармақша жаңа редакцияда
27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35) тармақша өзгертілді
35) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды
36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
37) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды
38-1) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды
38-2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды
38-3) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 38-4) тармақшамен толықтырылды
38-4) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекітеді және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастырады;
39) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;
42) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43) тармақша жаңа редакцияда; 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43) тармақша өзгертілді
43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 43-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды
43-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 44-1), 44-2), 44-3), 44-4), 44-5), 44-6) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 44-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
44-4) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекітеді;
44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекітеді;
44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
45) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-2) тармақшамен толықтырылды
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;
45-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 46) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 46-1), 46-2), 46-3), 46-4), 46-5), 46-6), 46-7), 46-8) және 46-9) тармақшалармен толықтырылды; 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 46-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін (бұдан әрі - жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 46-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-5) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-6) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия докторларын (РһD) нысаналы даярлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-7) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-8) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46-9) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 46-10), 46-11), 46-12), 46-13) және 46-14) тармақшалармен толықтырылды
46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-11) тармақша өзгертілді
46-11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-13) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-15) 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 46-16) тармақшамен толықтырылды
46-16) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-17) тармақшамен толықтырылды
46-17) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-18) тармақшамен толықтырылды
46-18) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-19) тармақшамен толықтырылды
46-19) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 46-20) тармақшамен толықтырылды
46-20) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 46-21) тармақшамен толықтырылды
46-21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 46-22) тармақшамен толықтырылды
46-22) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 47) тармақшамен толықтырылды
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі - Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;
11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбелерін бекітеді;
17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;
18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;