317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі -
авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі -
жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі -
техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі -
ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 317-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы
1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:
1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;
2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 317-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 318-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
318-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу -
заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 320-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 320-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
320-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы -
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Құрылыс салушының, уәкілетті компанияның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті ұсынбауы не олардың анық емес мәліметтер мен есептілікті, сол сияқты инжинирингтік компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы анық емес немесе толық емес есепті ұсынуы - заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға алып келген бұзушылықтарды жоймау - үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
4. Кондоминиум объектісін басқару органының тұрғын үй заңнамасында көзделген жағдайларда, екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне арналған ағымдағы және (немесе) жинақ шоттарын ашу мерзімдерін бұзуы —
ескерту жасауға алып келеді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кондоминиум объектісін басқару органының, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының, басқарушы компанияның кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың төртінші және бесінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 321-бап өзгертілді
321-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға - бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 322-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
322-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген конструкциялық элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң төмендеуіне және жойылуына, тұрғызылып жатқан объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуiне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi жобалау, салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, мiндеттi талаптарды, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да нормативтік актілерді сақтамау, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп түсініледі.
2. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйiскен тораптарының, ғимараттың және құрылыстың негiзгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне және әсерлеріне бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiк деп түсініледі.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, тіреу және қоршау конструкцияларының нормаланатын көрсеткiштердің мәндерiмен айқындалған функцияларды орындау қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 323-бап өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
323-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгіленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 323-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 323-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
323-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
лауазымды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 326-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
326-бап. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсаттың шарттарын орындамау -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Экологиялық рұқсаттың сол бір шарттарына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, экологиялық залал келтірумен ұштасқан әрекет -
экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы -
экологиялық рұқсаттан айыруға алып келеді.
Ескертпелер:
1. Экологиялық рұқсат шарттарын бұзғаны үшін осы бапта көзделген жауаптылық экологиялық рұқсаттың шарттарын жекелеген бұзушылық үшін осы тараудың басқа баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделмеген жағдайларда туындайды.
2. Егер экологиялық рұқсат бірнеше объектіге берілген жағдайда, осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес тоқтатыла тұрған экологиялық рұқсаттың қолданысы бұзушылық жойылмаған объекті бойынша тоқтатылады.
327-бап. 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 327-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
327-1-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді ұсынбау, толық ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не қоршаған ортаға ластағыш заттардың өндірістік нормативтен тыс эмиссияларымен, қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін асырумен және қоршаған ортаға басқа да жағымсыз әсер етуімен ұштасқан әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген анық емес міндетті мәліметтерді ұсыну -
жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған не экологиялық рұқсатты бұзумен немесе қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндетті іс-шараларды орындамаумен ұштасқан әрекет -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алты жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 327-2-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
327-2-бап. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу немесе жүргізбеу
1. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу -
тиісті экологиялық рұқсаттың қолданысын немесе қызметті тоқтата тұрып, бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 328-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 328-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)