1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау болып табылады.»;
2) 12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) ревизиялық комиссиялардың төрағасы мен мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібі мен оларды бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;»;
4) 18-баптың 5-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жолданымдары бойынша;»;
12-тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақша «жолданымдары бойынша,» деген сөздерден кейін «тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қараған мәселелерді (дәлелдерді) қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 30-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Камералдық бақылауды және шағымдарды апелляциялық реттеуді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау жүргізіледі.»;
6) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ревизиялық комиссияның төрағасы мен мүшелері лауазымына мемлекеттік аудитор сертификаты және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілігі бар кандидат тағайындалады.»;
7) 55-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
12-тармақтың 8) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 58-4-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
Осы Заңның міндеттері:
1) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін белгілеу;
2) мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, негізгі құқықтары мен міндеттерін, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін, мемлекеттік органдардағы өзге де адамдардың қызметін реттеу;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.»;
3) 5-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;».
14. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бағалау стандарты - бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау қызметінің субъектілері үшін бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін дамыту бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің міндеттері:
1) бағалау қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) бағалау қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
3) бағалаушылар палатасы мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасындағы бағалау институтына деген сенімді нығайту болып табылады.
3. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің қағидаттары:
1) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі объективтілік;
3) бағалауды жүргізу кезіндегі анықтық;
4) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау қызметі субъектілерінің бағалауды жүргізу нәтижесінде өздері алатын немесе жасайтын ақпаратты үшінші тұлғаларға беру не ондағы мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз олардың сақталуы жөніндегі міндеттемені жүзеге асыруы кезіндегі құпиялылық болып табылады.»;
3) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалау туралы есептің сараптамасын Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалауды жүргізген бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі жүргізеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Реттелуі өзге мемлекеттік органның құзыретіне кіретін саланы қозғайтын бағалау стандарты тиісті саладағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.»;
6) 30-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;»;
5) және 10) тармақшалар алып тасталсын.
15. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңды реттеудің мақсаты мен міндеті
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның реттеу мақсаты болып табылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлемдерін қамтамасыз ету осы Заңның реттеу міндеті болып табылады.».
16. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6) тармақшадағы «сатып алуын қоспағанда, тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданылатын тарифі бекітілген табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.» деген сөздер «сатып алуын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Табиғи монополия субъектісі біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөліктерге (лоттарға) бөледі.»;
5-тармақта:
6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында осындай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынған;»;
9) тармақша алып тасталсын.
17. «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 1-баптың 2-тармағы 16) тармақшасындағы «сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) исламдық қаржыландыру бойынша, оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында тіркелген ұйымдармен жасалатын мәмілелерді іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті
1. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында жүргізілетін саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына, мемлекеттің міндеттері мен функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңда көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару бойынша квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу субъектілері үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның міндеті болып табылады.»;
17-тармақтың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы - әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша түрде жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;»;
17-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының тендер, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.»;
17-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 11-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады әрі оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) осы Заңның мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы, оның ішінде жекелеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын айқындайды;
4) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүргізуі кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды әрі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
18-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) офтейк-келісімшарттар тізілімі - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;»;
2) 48-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар, мерзімдері және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган офтейк-келісімшарттар тізіліміне енгізеді.».
2-бап. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 10-тармағын, 12-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын, 5) және 8) тармақшаларын, 17-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларын, 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 1 шілде
№ 107-VІІІ ҚРЗ