36-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
Исламдық сақтандыру қағидаттары:
1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;
2) осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген, пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;
3) темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу болып табылады.
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.
4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты шығындар үшін, мұндай шығындар оның кінәсінан туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.
5. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.
6. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігі түрінде сыйақы алуға құқылы.
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1. Қызметтің, операциялардың және мәмілелердің осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін, осы Заңның 36-3-бабында көрсетілген сыйақыдан басқа, кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге де кіріс алуға құқылы емес.
2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес орындалған немесе ішінара орындалған исламдық сақтандыру шартын осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп таныған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мұндай шарт бойынша кірісі қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:
1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;
2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;
3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
7-тарау. Лицензиялау
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңдарымен 37-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;
2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
11-1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.
Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға қатысу шартының, егер сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгiленген болса, нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3-1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшiрмесiн;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.
Осы тармақтың талабы:
1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.
5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында, уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.
Сақтандыру портфелі берілгенге дейін сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):
1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
1-1) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі;
3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.
2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;
2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;
3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.
39-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Актуарийлік қызметті лицензиялау
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.