Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда
51. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52-тармақ жаңа редакцияда
52. Қаулы жобасының және оның заң жобасын, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қамтитын, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қосымшаларының әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі дәйектейді.
53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 4.5-1-бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.5-1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.5-1-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 53-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 53-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-1. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге беріледі.
Кеңсеге енгізілетін Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар алдын ала тексеру рәсімінен өтпей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей жіберіледі.
Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.
Мыналарға:
1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;
2) гуманитарлық көмек көрсетуге;
3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;
4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімінен өтпей қабылданады және құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.
Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары, сондай-ақ пысықталғанынан кейін мемлекеттік органдар қайта енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе тек қағаз жеткізгіштерде қабылдайды.
Үкімет қаулыларының жобалары:
1) заң техникасы қағидаларының сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын алдын ала тексеру үшін Кеңсенің БҚҚБ-ға жіберіледі (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және жауапты хатшы дербес жауапты болады).
Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-2. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен жобалар МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы жобаны қарауға жауапты, жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқалары), сондай-ақ бірлесіп орындаушы бөлімдерге және Заң бөліміне (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелері) жіберіледі.
Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. Нөмірге қайта (олар алдын ала тексерілгеннен кейін) келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің орындаушы құрылымдық бөлімшесіне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.
Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) Заң бөлімінің қабылдау бөлмесіне беріледі.
53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды
53-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.6-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 54-тармақ өзгертілді
54. Жоба пысықтауға:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;
3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;
3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;
3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;
4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;
5) ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күні мерзімі бұзылған жағдайда қайтарылуы мүмкін.
55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 56-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 56-тармақ жаңа редакцияда
56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы
әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Премьер-Министр, оның орынбасарлары не Кеңсе Басшысы қаулының (өкімнің) жобасын қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Жоба:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Үкімет отырысы хаттамасының негізінде;
3) Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысының шешімі бойынша қараудан алынуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.7-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 60-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60. Үкімет отырысына шығарар алдында қаулы жобасы электрондық құжат нысанында ресімделеді, оны БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі.
Бір уақытта МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келісіле отырып, елтаңбалық бланкідегі жобаға жобаны бұрын келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Кеңсе Басшысы, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгі қояды.
Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы жобаны дауыс беру үшін Үкімет отырысына шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, қаулы жобалары Үкімет отырысына Кеңсеге түскенінен кейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес баяндайды.
63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.
64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65. Дауыс беру қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жобаларды қоспағанда, сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша электрондық түрде өткізіледі.
66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 67-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жобалар бойынша) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады. Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 70-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70. Үкімет отырысында (оның ішінде сырттай дауыс беру тәртібімен) қабылданған қаулы жобалары бойынша (кадрлықтан басқа) Кеңсе Басшысы осы Регламентке 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында және қағаз жеткізгіште дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы туралы анықтамалар тиісті қаулы жобаларымен бірге Премьер-Министрге жіберіледі.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды, оның ішінде ЭЦҚ арқылы қол қояды.
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің қағаз даналарына Премьер-Министр Кеңсе Басшысының, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), сондай-ақ жобаны бұрын келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қолбелгілері болған жағдайда қол қояды.
Премьер-Министр болмаған кезде Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын адам немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам қол қоя алады.
Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін үш күн ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда - 20 (жиырма) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері - 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.
70-1. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70-2. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.8-бөлім. Үкімет қаулыларын (Премьер-Министр өкімдерін) тіркеу және есепке алу
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 72-тармақ өзгертілді
72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы «ө» әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және»«қпү» кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес»«аса м» -» «аса маңызды», «өқ» -» «өте құпия», «қ» - «құпия» кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ерекше жағдайларда Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының нұсқауымен қаулыларға (өкімдерге) тиісті құрылымдық бөлімшенің жазбаша өтініші негізінде құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен берілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 72-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 72-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 74-тармақ өзгертілді
74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) не ПМК құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің расталған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Техникалық қателер анықталған кезде құпия емес Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) жазбаша өтініші (сұрау салуы) және/немесе ПМК жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметтік жазбахаты негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды қағаз жеткізгіштерде алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» («Взамен ранее разосланного») мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қайта жіберіледі. Түзетілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанындағы қаулылар (өкімдер) мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.
Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Баспасөз қызметімен келісіледі.
Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.