38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібі
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы қордың біржақты тәртіппен оны бұзуы үшін негіздер болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға сондай-ақ:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің осы Заңның 16-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауы;
2) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын елеулі түрде бұзуы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, шартты бұзу туралы тиісті хабарлама жіберу арқылы жасалады.
4. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты осы бапта көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарт бойынша міндеттемелердің орындалмаған (тиісінше орындалмаған) көлеміне қайтадан жүргізіледі.
8-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертілді
40-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 шілдеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық барлық адамдарға, оның ішінде өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген адамдарға қолданылады деп белгіленсін.
Дербес төлеушілер 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жарналарды медициналық көмек алатын күннің алдында кемінде үш ай қатарынан қорға төлейді деп белгіленсін.
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң:
2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 1-тармағын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 2 - 4-тармақтарын, 6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының екінші бөлігі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 5-бабының 2-2-тармағы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 30-бабы 6-тармағы 6) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 16-і.
№ 405-V