3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініш берушілердің өтініштері күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.
4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен өтініштерді қарау мерзімі қажет болған кезде өтініш берушіге атқарылатын жұмыс туралы міндетті түрде ақпарат беріле отырып ұзартылады.
5. Қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құзыреті шеңберінде өтініштің мәні бойынша жауап беріледі.
6. Өтініштерді қарау мерзімдерін ұзарту, уәкілетті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберу, өтініш берушілерге өтініштердің қаралу барысы туралы ақпарат беру тәртібін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл белгілейді.
312-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;
2) жоғары білімі болуға;
3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындалады.
3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын мынадай негіздер бойынша босатылуы мүмкін:
1) өз қалауы;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
3) осы Кодексте белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;
4) лауазымдық өкілеттіктерін бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын теріс қылықтар жасауы;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.
4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мынадай:
1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.
5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.
313-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді.
2-параграф. Инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі
314-бап. Инвестициялық омбудсмен
1. Инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары
1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
3) инвестициялық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
2. Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсмен өткізген кеңестердің хаттамалары түрінде ресімделеді.
3. Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен туындайтын мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультациялар және хаттамалық кездесулер өткізеді.
4. Егер инвесторлардың мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін жағдайда, инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері
1. Инвестициялық омбудсменнің:
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кідіріссіз қабылдауына;
инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;
инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;
4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.
317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық омбудсменнің қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Инвестициялық омбудсменнің қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымдарды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға міндетті.
319-бап. Шағым жасау құқығы
1. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын болса, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.
2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, лауазымды адамға шағым беру даулы құқықтарды, бостандықтарды және (немесе) заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
320-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
3. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Өзінің заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалу салдарынан кәсіпкерлік субъектісі шеккен барлық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау процесінде, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау кезінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектісін Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қолданылған шаралар туралы бір айдың ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Өтелуге қойылатын залалдар көлеміне, оның ішінде кәсiпкерлiк субъектiлерінің жұмыскерлеріне материалдарды тексеруге дайындағаны үшін төленген сыйақы сомалары, өндiрiстің мәжбүрлеп тоқтатылған уақытындағы жалақы, өндiрiстi тоқта тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi өткiзген кезде кәсiпкерлiк субъектiсiнің алуы мүмкін, жіберіп алған пайда енгізiледі.
31-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
323-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
1. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн өзiнiң қолданысын сақтайды.
2. Осы Кодекстің 159-бабы 1-тармағының, 295-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының салық сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағының лизингтік компанияларды кедендік әкелу баждарын салудан босату бөлігіндегі нормалары 2016 жылғы 1 қазаннан бастап инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттарға қолданылады.
324-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Кодекс:
1) 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 36-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасын және 38-бабы 2-тармағының 5) тармақшасын;
2) 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 193-бабы 4-тармағының екінші бөлігін;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Кодекс мазмұнының 211-бабының тақырыбын, 211-бабын, 290-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын;
4) өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 3-бабы 2-тармағының 19) тармақшасын, 22-бабын, 58-бабының 2-тармағын, 62-бабын, 80-бабының 2-тармағы үшінші бөлігінің бесінші абзацын және 82-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын;
5) осы Кодекстің 65-бабының 1-тармағы үшінші бөлігінің, 66-бабының ережелері кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдар жобаларының тұжырымдамалары бойынша сараптамалық қорытындылар бөлігінде құқықтық актілер туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі;
6) органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін осы Кодекстің 138-бабының 111) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекс мазмұнының 173 және 197-баптарының тақырыптары, 88-бабының 9), 13) және 14) тармақшалары, 116-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы, 138-бабының 68) тармақшасы, 173-бабы, 195-бабының 3) тармақшасы, 196-бабы 6-тармағының 2) тармақшасы, 197-бабы, 292-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Кодекс мазмұнының 119-бабының тақырыбы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда жазылады деп белгіленсін:
«119-бап. Реттелетін нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу».
4. Осы Кодекстің 36-бабының 1-тармағы бірінші абзацының қолданылуы 2016 жылғы 1 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кіріс органына тікелей немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:».
5. Осы Кодекстің 88-бабы 7) және 16) тармақшаларының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;»;
«16) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаны анықтайды;».
6. Осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының қолданылуы 2016 жылғы 1 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;».
7. Осы Кодекстің 111-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының қолданылуы 2016 жылғы 1 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4) мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;».
8. Осы Кодекстің 118-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тариф белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Табиғи монополия субъектісінің реттелетін тауарларына, жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтеріне табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.».
9. Осы Кодекстің 119-бабының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«119-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
1. Бағаларды мемлекеттiк реттеу темiржол көлiгi, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнiмдерiн өндiру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, газ саласындағы реттелетiн нарықтар субъектiлерiнiң тауарларына, жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне қолданылады.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекітеді.
2. Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.
Осы тармақта көзделген мемлекеттік баға реттеуді қолданудың жалпы мерзімі бір жыл ішінде күнтізбелік 180 күннен аспайды.
3. Реттелетiн нарық субъектілер өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес шекті баға белгілеу арқылы жүзеге асырылады.».
10. Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекiткен тәртiппен бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткізуге шектi бағаларды белгiлейдi.».
11. Осы Кодекстің 138-бабы 54) тармақшасының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;».
12. Осы Кодекстің 193-бабы 3-тармағының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 наурызға дейін:
«3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.».
2) 2016 жылғы 1 наурыз - 2017 жылғы 1 қаңтар аралығында:
«3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.».
13. Осы Кодекстің 193-бабының 4-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 2017 жылға 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қолданылмайды.».
14. Осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2017 жылға 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және кәріз бойынша қосылатын қуат үшiн ақы төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда босатылады;».
15. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат);
2) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат);
3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11,52-құжат);
4) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14,72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 9, 46-құжат);