Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған иелік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған анық емес ақпарат негізінде қабылданса, бұл заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырлануға қатысушылар монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімін қайта қарайды.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін өтініш беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға арнап бұрын қабылданған шешімді қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.
10. Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым салынады.
209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама монополияға қарсы органға келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі.
2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтаса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiс нұсқама шығарады.
3. Мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.
210-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері
1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:
1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;
2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган айқындаған мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірген;
3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін анық емес ақпарат берген жағдайларда, тоқтатылуға жатады.
2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және өтінішхат берген тұлғаға мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3. Өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін өтініш беруші монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.
211-бап. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19-тарау. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
216-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексереді және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тергеп-тексеру деп монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді осы Кодексте көзделген тәртіппен жинауға бағытталған іс-шаралары түсініледі.
2. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің келіп түсуі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектісінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) монополияға қарсы органға келіп түскен, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы монополияға қарсы органның хабарламасын нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның белгіленген мерзімде орындамауы болып табылады.
3. Тергеп-тексерудiң басталуы тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi тергеп-тексеруді жүргізу кезінде тапсырылады.
217-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар:
1) өтініш беруші - монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылғаны туралы мәліметтерді жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеп-тексеру объектісі - өзінің әрекетіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;
3) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкері;
5) куә - тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске мүдделі емес жеке тұлға болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысатын тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Кодекстің 216-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі ретінде тартады.
218-бап. Тергеп-тексеруді жүргізу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрық шығарады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Монополияға қарсы орган:
1) осы Кодекстің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында көзделген белгілер болған кезде тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;
2) осы Кодекстің 174-бабында көзделген белгілер болған кезде, тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.
Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңіне қолданылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тергеп-тексеру объектісінің немесе объектілерінің атауы;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер;
3) тергеп-тексеру объектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) байқалатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері;
4) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу датасы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тергеп-тексеру нысанасы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) тексерілетін кезең;
5) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге қатысатын адамдардың құқықтары қамтылуға тиіс.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
5. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер
1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның ішінде:
1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және куәлардың түсініктемелері;
2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің дәлелдемелері бола алады.
2. Дәлелдемелерді жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар нақты деректер ұсынуға және олардың анықтығын дәлелдеуге құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 220-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
220-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың:
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысатын басқа да адамдарға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндірмелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәйектерін келтіруге;
6) тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәйектеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару үшін монополияға қарсы органға өтініш жасауға құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 221-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезінде:
1) тергеп-тексеру объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің автоматтандырылған дерекқорларына (ақпараттық жүйелеріне) және өзге де электрондық жеткізгіштеріне қол жеткізуге;
3) тергеп-тексеру объектісінің қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелерді монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде сұратуға;
4) тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретінде тартуға;
5) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің үй-жайы мен аумағындағы заттарды, электрондық және қағаз құжаттарды және басқа да ақпарат жеткізгіштерді қарап-тексеруге;
6) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектісінің дерекқорынан (ақпараттық жүйелерінен) және өзге де электрондық жеткізгіштерінен құжаттардың, ақпараттардың көшірмелерін түсіріп алуға;
7) мыналарға:
тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің және тергеп-тексеру объектісінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін);
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайлары мен аумақтарын;
тергеп-тексеру объектісінің үй-жайындағы немесе аумағындағы мүлікті аудио-, фото- және бейнетіркеуді жүргізуге;
8) сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеуге құқығы бар.
Сараптама үшін өнім үлгілерін іріктеу тәртібі осы Кодекстің 149-бабына сәйкес айқындалады.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының осы бапта көзделген барлық құқығы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден бастап 18.00 дейінгі аралықта және тергеп-тексеру нысанасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
222-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы iстi тергеп-тексеруді тоқтата тұру
1. Монополияға қарсы орган:
1) монополияға қарсы орган, сот, қылмыстық қудалау органдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына сол бір осы тергеп-тексеру объектiсiне қатысты басқа тергеп-тексеру жүргiзiлген;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сараптама жүргізілген;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұрған кезде үзiледi және тергеп-тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сарапшыға жiберiледi.
223-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - заңды тұлға таратылған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi - жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган мынадай:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жағдайларда нұсқама шығару;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.
Келісу комиссиясы қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.
Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) келісу комиссиясының қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тергеп-тексеру объектісінің өтініші немесе лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысы келіп түскен кезден бастап келісу комиссиясы ескертулер мен ұсынымдар шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісінің тарапынан қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы деп есептеледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.
5. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қоса тіркей отырып, қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабарланады.