2. Ведомстволық есепке алуды қалыптастыру тәртібі ведомстволық нұсқаулықтармен айқындалады.
3. Ведомстволық есепке алуда бар мәлiметтер тек қана мемлекеттік органның құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу шегiнде пайдаланылуы мүмкін.
16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық ақпаратты жариялауға, статистикалық жинақтар шығаруға және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.
2. Құқықтық статистикалық ақпарат ақпараттық есепке алу құжаттары және есептілік нысандары түрiнде уәкiлеттi орган анықтайтын талаптарға сәйкес оның сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады.
3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының