ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ өзгертілді
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі бар орган жауапты болып табылады.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» немесе «(жинақ)» деген белгісі болмаса, тапсырмада тізбеленген органдардың барлығы өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.
Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.
Тапсырмада «келісілген», «бірыңғай» деген анықтауыштар болған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша тапсырмада тізбеленген бірлесіп орындаушы барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмада тізбеленген мемлекеттік органдар аталған мәселе бойынша тиісті ұстанымның әзірленуін және кеңеске шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):
1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;
2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;
3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;
4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда
26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Кеңседе тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» деген белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.
Мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс
28. ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын
қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау тәртібін регламенттейді.
Өтініш - бұл «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Кеңсеге жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.
Сұрау салу - бұл «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ақпарат иеленушіге айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер және сұрау салулар Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
Жеке тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі - ТБН) реттік нөмірден және «ЖТ» әріптік индексінен тұрады.
Заңды тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және «ЗТ» әріптік индексінен тұрады.
Анонимдік өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.
«Ақпаратқа қол жеткізу» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат беру туралы өтініш тіркелген жағдайда тіркеу нөміріне «С» әріптік индексі қосылады.
Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш және сұрау салу қайта түскен кезде «екінші», «үшінші» және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің және сұрау салудың бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де «Қайталама» деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға алдыңғы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:
1) алдыңғы өтініш және сұрау салу бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;
2) түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш және сұрау салу иесі жауап алмаған болса, бұрын жіберілген өтініштің және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;
3) алдыңғы өтінішті және сұрау салуды қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш және сұрау салу қайталама болып саналады.
Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері және сұрау салулары бірінші өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары өтініш беруші ЭЦҚ-ның, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің және заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірінің тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.
Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер және сұрау салулар бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің және сұрау салудың (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті және сұрау салуды қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет (1-қосымша).
Жеке тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтінішті және сұрау салуды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.
5. Егер бірінші өтінішті және сұрау салуды тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші және сұрау салуы бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары қайталама болып саналады. Сол автордың әртүрлі мәселелер бойынша өтініштері және сұрау салулары бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш және сұрау салу түскен кезде бірінші өтініш және сұрау салу негізгі өтініш және сұрау салу ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке және сұрау салуға толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш және сұрау салу келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш және сұрау салу ретінде қаралады.
Сол бір мәселе бойынша авторға толымды жауап берілген көп мәрте келген өтініштер және сұрау салулар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне және сұрау салуларына «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға оның алдындағы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері және сұрау салулары қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге үш күн мерзімде хабарланады.
6. Өтініштер және сұрау салулар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе БҚҚБ алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді және сұрау салуларды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.
7. Жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін БҚҚБ-нің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.
8. БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен сұрау салуларға және карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының сырт жағына БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын болып белгіленеді және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.
Егер жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтініштің қаралуы аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Сұрау салуға жауаптар күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.
Сұрау салуға жауап беру кезінде қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу талап етілген жағдайда, Басшылық қарау мерзімін күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Сұратылатын ақпаратты беру Кеңсенің құзыретіне кірмейтін сұрау салу ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті орталық және/немесе жергілікті атқарушы және/немесе өзге органға жіберіледі, бір мезгілде бұл туралы сұрау салуды жіберген өтініш беруші хабардар етіледі.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай:
1) өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірі қабылданады.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген тәртіппен сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылады.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады, бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті және сұрау салуды бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге және сұрау салуларға жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде және сұрау салуларда қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері және сұрау салулары бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен сұрау салулар және оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін болмайтын, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері және сұрау салулары анонимдік өтініштер және сұрау салулар деп саналады және оған мұндай өтініште және сұрау салуда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, БҚҚБ-нің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер және сұрау салулар қаралуға жатпайды.
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен сұрау салулары және оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Анонимдік өтініштер және сұрау салулар іс жүргізу және мұрағат секторында зерделенеді және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне БҚҚБ-нің меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын, азаматтардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Кеңсенің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісіндегі ақпараттық тақтаға ілінеді.
Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, өтініш пен сұрау салудың және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.
17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің БҚҚБ-і жүзеге асырады.
18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(карточканың бет жағы)
Түскен өтінішті және сұрау салуды
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
ТІРКЕУ
_____________________________________________________________________
Т.А.Ә. Тіркеу нөмірі Тіркелген күні
Өтініш берушінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
Өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды
_____________________________________________________________________
Әлеуметтік жағдайы Өтініштің және сұрау салудың қысқаша түсініктемесі
_____________________________________________________________________
Ұсыныс, өтініш, шағым, үн қосу, сұрау салу
Өтініш қай тілде жазылған
Қарарды орындаушының шифрі
_____________________________________________________________________
(карточканың сырт жағы)
Күні | Өтінішті және сұрау салуды кім жіберді, кімге | Қолхат |
Істі сақтау/том:
Орындалуы дейін ұзартылды
Бақылаудан алынды:
Тексерудің қорытындысы:
Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1а-қосымша