2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Байланыс операторлары уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерiн көрсетуге мiндетті. Байланыстың басым операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.
26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiн қосу ерекшеліктері
2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi.
Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыстың үстем операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында және (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркiн таңдаудың техникалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары:
1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға;
2) өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерінің және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-трафик алмасу нүктелеріне және Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне өз желілерінің жалғануын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.
4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;
3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
5. Қалааралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
6. Халықаралық байланыс операторлары:
1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
2 тармақша 2006 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді
2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін,
радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары
1. Байланыс желiлерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпақтар белгiленедi, олар жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табылады.
2. Күзетілетiн аймақтарға енгiзiлген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленедi. Мұндай жер меншік иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
Телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерін, радиожиілік спектрін, байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын күзету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленеді.
3. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртібін қорғау мақсатында электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiне нормаланбаған бөгеуiлдер туғызатын радиоэлектрондық байланыс құралдарын шығаруға және Қазақстан Республикасына әкелуге, сондай-ақ пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеулер белгiленуi мүмкін.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктердi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1- тараумен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс
және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
28-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-3-бап 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-4-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-5-бап. Радиобақылауды жүргізу тәртібi
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық құжаттамасына және өлшемдеріне құжаттық бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерін бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегімен бақылау (аспаптық бақылау) жолымен жүзеге асырылады.
Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісін тіркейтін, метрологиялық тексеруден өткен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсінген жөн.
Радиобақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен радиобақылау жоспар-кестелеріне сәйкес жүргізеді.
Радиобақылаудың жоспар-кестесін аумақтық бөлімшелер әрбір тоқсанға жасайды.
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушылар жол берген бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсат берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:
1) бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық өлшемдерінің, соның ішінде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нормалар мен стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізуі қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелері сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтірілуі жөнінде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды ауыстыруға тиіс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуіл туындаған кезде бөгеуіл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иелері уәкілетті органға жүгінеді;
2) уәкілетті орган бөгеуілдердің көздерін және сипатын, олардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың белгіленген өлшемдерінің және (немесе) жұмыс режимінің бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өзара әсеріне негізделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуілдер салдарынан болғанда уәкілетті орган бөгеуілдерді жою жөнінде нұсқама немесе ұсыным береді;
4) тағайындалған жиіліктердегі бөгеуілдерді жою мүмкін болмаған кезде уәкілетті орган радиожиіліктерді жаңадан тағайындауды жүргізеді;
5) қапияда болған, өнеркәсіптік немесе технологиялық сипаттағы бөгеуілдер болғанда уәкілетті орган бөгеуіл көзін анықтау және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Шет мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерінен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуілдерге шағымдар түскен кезде уәкілетті орган халықаралық келісімге сәйкес осы шағымдардың құқықтық негізін анықтайды, егер шағымдар негізделген болса, бөгеуілдердің себептерін белгілейді және оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан көздерден бөгеуіл жасалып отырған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық келісімге сәйкес бөгеуілдерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Радиобөгеуілдер мен тиісті рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шараларды уәкілетті орган жүргізеді.
28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің құқықтары
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) берілген рұқсат талаптарына сай қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға тағайындалған радиожиіліктегі (радиожиілік арнасындағы) бөгеулерді жою үшін уәкілетті органға жүгінеді;
3) лауазымды адамдардың, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасайды.
28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғылар иелерінің міндеттерi
Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар иелері:
1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға, сондай-ақ белгіленген ережелер мен нормаларға сай келуін қамтамасыз етеді;
2) қызмет куәлігін көрсеткен кезде уәкілетті органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиіліктерін (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның ішінде, уақытша тыйым салуды енгізу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның ішінде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланушыларға берілген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқаманы орындайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 28-8-баппен толықтырылды
28-8-бап. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі
1. Радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі - уәкiлеттi органның радиожиiлiк ресурсын пайдалану жөнінде шешiм қабылдауы үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында радиосигналдардың және радиосәуле тарату көздерінің параметрлері мен сипаттамалары туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенi.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін уәкілетті орган:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн анықтау;
2) радиосәуле тарату параметрлері мен сипаттамаларын дерекқорда тіркелген көздердің мәлімделген параметрлері мен сипаттамаларына сәйкестендіру;
3) тiркелмеген радиосәуле тарату көздерін табу;
4) радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін табу;
5) Халықаралық электр байланысы одағының, Өңірлік электр байланысы одағының және Компьютерлік оқыс оқиғаларға ден қою қызметінің ұсынымдары бойынша, сондай-ақ шекара маңындағы елдердің байланыс әкімшіліктерінің өтініштері бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде өлшеулер жүргізу;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингі нәтижелерiн есепке алу, сақтау және өңдеу мақсатында жүзеге асырады.
6-тарау. Байланыс желілерін дамыту
29-бап. Байланыс желілерін дамыту
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады.
Пайдаланушыларға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін байланыс желілерін дамыту Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Байланыс желілерін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру өз қаражатының және қарыз қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлердi салу кезiнде iшкi және орамдар iшіндегі байланыс желiлерiн жобалау мен тарту, сондай-ақ абоненттiк пошта шкафтарын орнату қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзiнде құрылысқа тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Тұрғын жай массивтерiнiң кешендi құрылысын, өндiрiстiк объектiлер мен оған iргелес жатқан елдi мекендердi салу кезiнде, азаматтық ғимараттар мен пошта бөлiмшелерiнiң үй-жайларын қоса алғанда, барлық байланыс құралдарын жобалау мен салу тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін байланыс операторларына шарт негізінде алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.
5. Үйлердi, ғимараттарды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе қайта жаңарту кезiнде байланыс желiлерiн қайта салу мен көшiру жөніндегі жұмыстар стандарттарға сәйкес және байланыс желiлерiнiң меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады.
6. Жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желiлерiн жобалауды, салуды құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негiзiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
7. Қызметкерлерi үкiметтiк байланыс желісінiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ғимараттарын, құрылыстары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олар орналасқан жерiн ауыстырған кезде қосу желiлерiн және арнаулы мақсаттағы iшкi байланыс желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру
Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады.
Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды
29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің жылжымалы желісінің байланыс арналарын пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.
30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану
1. Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiне шарт талаптарымен темір жол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен жолдары бойынша пошта байланысы қызметкерлерiнiң, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметкерлерiнiң алып жүруiмен пошта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға, сондай-ақ пошта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.
2. Облыс iшіндегі қалааралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық бағдарлар бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетуге мүмкiндiгi болмаған жағдайларды қоспағанда, пошта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес, сонымен қатар:
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің және арнаулы байланыс қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Фельдъегерлік қызметтің және арнаулы байланыс қызметінің автомобиль көлiгi құралдары қандай да бiр ерекше жазбаларсыз «арнаулы» санатқа жатқызылады және соғыс жағдайын енгізу немесе соғыс уақытын жариялау жағдайларын, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу кезiн не табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болған кездi қоспағанда, оларды осы қызметтердiң келісімiнсiз мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың мүдделерiне пайдалануға болмайды.
4. Бүлiнген байланыс желiлерi мен құралдарында авариялық ахуал туындаған жағдайда байланыс ұйымдары тасымалдаушыдан көлiк құралдарын бiрiншi кезекте жалға алуға құқылы.
Байланыс ұйымдарына тиесiлi автомобиль көлiгi құралдарының арнаулы рәмiздерi болуы мүмкiн және оларды байланыс ұйымдарының келісімiнсiз байланыс саласындағы қызметке жатпайтын қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға болмайды.
31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады.
2. Автостанциялар мен темір жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан пошта тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық поштамттар мен пошта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, пошта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген пошта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.