74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;
78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.
3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері
Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:
1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;
3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, пошта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі;
4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;
5) адал бәсеке;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың қауіпсіздігін, сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету;
7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету;
8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.
6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері
Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету, уәкілетті органға осы мәселелер бойынша өкілеттіктер беру;
3) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану тәртібін бекіту;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) байланыс қызметін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін конкурстар өткізу тәртібін бекіту;
7) Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту;
12) поштамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;
14-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;
14-3) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14-4) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14-5) - 14-8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-9) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-10) тармақшамен толықтырылды
14-10) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-1) - 6-9) тармақшалармен толықтырылды
6-1) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту;
6-2) қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту;
6-3) қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту;
6-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылау;
6-5) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін мемлекеттік бақылау;
6-6) куәландырушы орталықты айқындау;
6-7) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;
6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;
6-9) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;
7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;
8-3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды
8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-5) - 8-7) тармақшалармен толықтырылды
8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;
8-6) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
10) пошта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;
11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;
12) 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;
19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-2) тармақша өзгертілді
19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 19-3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19-3) телекоммуникациялар және пошта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-4) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
19-5) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-6) тармақшамен толықтырылды
19-6) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-8) - 19-16) тармақшалармен толықтырылды
19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
19-9) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;
19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту;
19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
19-6) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19-17) тармақшамен толықтырылды
19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қабылдау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;
7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды
9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.
2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу;
2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;