21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылаудың өзге де нысандары алдын алу-профилактикалық іс-шаралар болып табылады, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, тексерілетін субъектіге оны жою тәртібі түсіндіріле отырып, нұсқама жасалады. Бақылаудың өзге де нысандары тексерілетін объектілерге бармастан, мониторинг, есепке алу және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы есептілікті бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;
3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеріп-қарау жүргiзуге;
4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;
7) есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптар бұзылған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiң өндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;
8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрiне лицензия берген кезде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер органдарының қорытындысы ескерiледi.
Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында тiкелей есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлерге нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен айырмайтыны туралы, сондай-ақ аталған тұлғалар арасында кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi атқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылғандар жоқ екендiгi туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бақылаудағы және есірткі, психотроптық заттарды өндіру мен дайындау үшін пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ оларды әзірлеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерін белгілейді.
2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-бап. Мемлекеттік квоталар
1. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қажеттілік есебі, лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы қажеттілік шегінде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік квота Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Мемлекеттік квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі күнтізбелік жылға өтінім жасаған белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерін қамтиды.
3. Заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеуді не құрамында есірткі, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді ұсынады;
2) қамтамасыз ету нормативіне сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.
5. Уәкілетті органдар келесі күнтізбелік жылға арналған жиынтық тұтыну нормативін бекіту үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жинақтап қорытылған өтінімдерді жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.
6. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтері өтінімдерінің негізділігін тексереді;
2) бекітуге өтінім жасаған тұтыну нормативтерін жинақтайды және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерін бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерін бөледі.
7. Қамтамасыз ету нормативін үлестік бөлу Тізімге енгізілген барлық есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өтінім жасаған, құрамында аталған заттар бар өнімдерге қатысты жүзеге асырылады.
9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды мақсат етедi.
2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада сынақтан өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.
3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10 -бап өзгертілді
10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру , дайындау, өңдеу
1. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етiлген есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды өндiрудi , дайындауды, өңдеуді сол қызмет түрiне лицензиясы бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалар белгiленген мемлекеттік квоталар шегiнде жүргiзедi.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар өндiретiн , дайындайтын, өңдейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 11-бап өзгертілді
11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есірткі және психотроптық заттардың әрбір сериясы үшін тұтыну бумаларын таңбалау бірыңғай болуға және Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Тiзiмде аталған заттар құрамында бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атаулары және олардың салмақ бiрлiгiмен немесе процентпен алынған құрамы көрсетiледi.
3. Алынып тасталды
4. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттардың буып-түйiлуi мен жазбалары сәйкес келуге тиiстi шарттар бұзылған жағдайда есiрткi және психотроптық заттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қойылады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Әкелуге немесе әкетуге берілген лицензияны есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке арналған лицензиясының болуына қарамастан, басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.
3. Жүктiң әрбiр тобына есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге арналған лицензияның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi, ол да жүк апарылатын елдiң үкіметіне жiберiледi.
4. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында әкелу және әкету сертификаттарын алмасу арқылы экспорт сертификатына нақты тобының түскенi туралы және әкелу немесе әкету операциясының аяқталғаны туралы белгi қойыла отырып, жүзеге асырылады.
5. Егер есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың әкелiнiп (әкетiлiп) отырған нақты мөлшерi лицензияда көрсетiлген мөлшерге сәйкес келмесе, бұл туралы мәлiметтер әкелiнген (әкетiлген) елдiң тиiстi құзыреттi органына хабарланады.
6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын кәсiпорындардың атаулары мен мекен-жайлары, осы заттардың тiзбесi мен мөлшерi дәл көрсетiлмейiнше, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат негізінде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитін жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
8. Осы бапта белгiленген талаптар бұзылған жағдайда есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленуге тиiс. Тәркiленген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды одан әрi пайдаланудың немесе жоюдың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту
1. Халықаралық тасымалдауды қоса алғанда, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, сондай-ақ осы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жүктi тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендiрiлген күзет немесе басқа күзет қызметтерi жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды жүзеге асыру құқығы заңды тұлғаларға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiне тиiстi лицензиялар алғаннан кейiн берiледi.
4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейді.
5. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды почта, соның iшiнде халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тыйым салынады.
14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрiне берiлген лицензияның негiзiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда белгiленген шектеулер заңсыз айналымнан алынған және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары белгiлеген тәртiппен сақтаулы тұрған есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестер мен прекурсорларға қолданылмайды.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15 -бап өзгертілді
15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды және бөлудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы қызмет түрлерiне берiлген лицензиясы болған кезде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Азаматтарға құрамында есiрткi , психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Азаматтарға құрамында есiрткi, , психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар осындай қызмет түрiне лицензиясы бар дәрiхана және емдеу-профилактикалық ұйымдарында ғана босатылады. Азаматтарға құрамында есiрткi , психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша белгiлейдi.
4. Құрамында есірткі психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттар азаматтарға рецепт бойынша ғана тек медициналық мақсатта пайдалану үшiн, оларды осы мақсаттарға пайдалануға лайықты нысандар мен мөлшерде тағайындалады және босатылады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдаланылып жүрген құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды ең ұзақ тағайындалу мерзiмiн, сондай-ақ олардың бiр рецепт бойынша жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн белгiлейдi.
6. 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану
1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен медициналық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн.
2. Тiзiмге енгiзiлген, медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк заттарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, таралады.
3. Тiзiмге енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрiхана ұйымдарында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау жасауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Тiзiмге енгiзiлген құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады. Аталған құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ғана пайдаланылатын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Тізімге енгізілген дәрілік препараттар:
1) азаматтық мақсаттағы көлікте;
2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңіздегі) оқу-жаттығуларына шығу кезінде әскери машиналарда (кемелерде);
3) ұшу кезінде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрі қобдишасында;
4) мемлекеттік мекемелердің, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шұғыл көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкін.
Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртібін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленді.
7. Осы баптың 6-тармағында аталған рұқсатта бұл дәрiлiк заттарды орынсыз пайдалануға және олардың заңсыз жолдармен таралып кетуiне жол бермеу мақсатында қолданылуы тиiс шаралар белгiленедi. Рұқсатта экипаж құрамынан осы дәрiлiк заттар сенiп тапсырылатын адамдар, олардың сақталу шарттары, оларды босатудың, алмастырудың тiркелуi, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есеп берудiң кезеңдерi көрсетiледi.
8. Дәрiлiк препараттарды осы баптың 7-тармағына сәйкес оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайларда пайдалану осы Заңның азаматтарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды босатудың тәртібі туралы ережелерiн бұзу деп қаралмайды.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану
1. Мал дәрiгерлiгiнде, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдаланатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану шарты мен тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға байланысты қызметке лицензия алған заңды тұлғаларға осы лицензияда дәл көрсетiлген мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-1 Заңына сәйкес 19-бап жаңа редакцияда; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану
Осы Заңның 18-бабында көрсетiлген лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сот-сараптама қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары сақталған жағдайда есiрткi заттар мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғысын анықтау үшiн сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалана отырып не соңғыларын анықтау үшiн сот сараптамасы мемлекеттік органының сараптама жүргiзуі, сондай-ақ iшкі iстер және ұлттық қауіпсiздік органдарының жедел-криминалистiк бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзуi лицензиялаусыз жүзеге асырылады
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды қарсы барлау және жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану
Жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын қызметкерлер мен жеке құрамды арнайы даярлау және қызметтік иттерді үйрету кезінде есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды пайдалануға рұқсат етiледi.
Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда сатып алу мен жұмсау тәртiбi жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiсінде айқындалады.
2006.02.03 № 130-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою
1. Айналымда одан әрi пайдалану орынсыз деп танылған есірткі заттар, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен құрамында есірткі заттар бар өсiмдiк тектес заттар, сондай-ақ аспаптар мен жабдықтар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.