2. Уақытша ұстау изоляторлары өздерінің ведомстволық тиесілігіне қарай тиісінше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады жəне таратылады.
3. Қабылдау-бөлу орындары жəне арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады жəне таратылады.
Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін жəне одан өз еркімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері жəне (немесе) жеке басын куəландыратын құжаттары жоқ немесе əкімшілік қамаққа алынған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары жəне арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
4. Арнаулы үй-жайлар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімімен полиция органдарының кезекші бөлімдері жанынан құрылады.
5. Арнаулы мекемелер мен арнаулы үй-жайларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
8) 9, 9-1 жəне 9-2-баптар алып тасталсын;
9) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілге жəне оның өкілдеріне, прокурорға, сотқа, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен үй-жайлар, гауптвахталар қарамағында болатын орталық мемлекеттік органдарға (олардың ведомстволары мен органдарына) жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар цензурадан өткізілмейді жəне адресатқа желімдеп жабылған түрінде дереу жіберіледі.»;
10) 46-4-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» деген сөздер «Құқық қорғау қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 3-2-тараудың тақырыбы «арнаулы қабылдау орындарында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 46-6-бапта:
тақырып «арнаулы қабылдау орындарына,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «арнаулы қабылдау орнына,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнына,» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «мөрімен бекемделген» деген сөздерден кейін «не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «арнаулы қабылдау орнында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Арнаулы қабылдау орнына,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнына,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «арнаулы қабылдау орнына,», «арнаулы қабылдау орнының,» деген сөздерден кейін тиісінше «қабылдау-бөлу орнына,», «қабылдау-бөлу орнының,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «өтініштері» деген сөзден кейін «мен ұсыныстары» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлік «адамдарды» деген сөзден кейін «қабылдау-бөлу орнында немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қабылдау-бөлу орнында əкімшілік қамауға алынған адамдар жəне белгілі бір тұрғылықты жері жəне (немесе) жеке басын куəландыратын құжаттары жоқ адамдар бөлек ұсталады.»;
13) 46-7-бапта:
1-тармақ «арнаулы қабылдау орнындағы,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік «Арнаулы қабылдау орындарында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» деген сөздер «Құқық қорғау қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «Арнаулы қабылдау орындарында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «Арнаулы қабылдау орындарына,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарына,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 46-8-бапта:
тақырып «Арнаулы қабылдау орындарында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац «Арнаулы қабылдау орындарында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орындарында,» деген сөздермен толықтырылсын;
1), 2) жəне 7) тармақшалар «арнаулы қабылдау орнында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнында,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «арнаулы қабылдау орнының,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнының,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Арнаулы қабылдау орындарына,», «арнаулы қабылдау орнындағы,» деген сөздерден кейін тиісінше «Қабылдау-бөлу орындарына,», «қабылдау-бөлу орнындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 46-9-бапта:
тақырып пен 1-тармақ «арнаулы қабылдау орнынан,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «есірткі заттарын» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «арнаулы қабылдау орнында,» деген сөздерден кейін «қабылдау-бөлу орнында,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мəселелері бойынша өтініштер мен шағымдар» деген сөздер «құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мəселелері бойынша өтініштер» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 1-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты мемлекеттік қорғау шараларын іске асыру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекет өз азаматтарының қылмыстық процеске қатысуына байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау;
2) қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік билік органдары жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету;
3) қорғалатын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шараларын айқындау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу;
3) қорғалатын адамның жеке басының құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
4) қорғалатын адамдар мен мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдардың өзара жауапкершілігі.».
8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерін, күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің мəртебесі мен өкілеттіктерін айқындау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық жəне өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке жəне заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу жəне сақтау;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін ескеру;
4) күзет қызметін жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу.»;
4) 4-бап алып тасталсын;
5) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Күзет қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілетін күзет қызметтерінің түрлері, сондай-ақ орындаушының күзет қызметтерін көрсетуге арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні туралы мəліметтер қамтылуға тиіс.».
9. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
1. Төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайларды жою осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Төтенше жағдай енгізу аймағында барлық қызмет салаларының жұмыс істеуін қалпына келтіру осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, төтенше жағдайдың туындауы салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен егемендігінің негіздерін сақтау;
2) заңдылықты сақтау.».
10. «Сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 6-баптың 2), 2-1), 2-2), 3) жəне 5) тармақшалары алып тасталсын;
3) 8-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
11-тармақ 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-1 жəне 101-3-баптарына сəйкес тұрғын үй төлемдерін алушы жалдаушы ретінде болса, тұрғынжайды жалдау шарты жылжымайтын мүлікті пайдалану мерзіміне қарамастан мемлекеттік тіркеуге жатады.».
12. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың» деген сөздер «бастықтары не олардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық жəне мəдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, қоғамдық орындарда бет-əлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүруге тыйым салынады.».
14. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысына сəйкес денсаулық жағдайы, дене бітімі немесе психикалық даму жағдайы бойынша құқық қорғау қызметін өткеруге жарамсыз деп танылған;»;
2) 7-1-баптың 10-тармағында:
екінші бөліктегі «бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады, онымен» деген сөздер «бос немесе уақытша бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады. Онымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі» деген сөздер «бос немесе уақытша бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі сынақ мерзіміне, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тиісті лауазымға тағайындаумен қатар» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «құқық қорғау қызметі лауазымына тағайындау» деген сөздер «құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-баптың 4-1-тармағындағы «басқа жерге» деген сөздер «басқа елді мекенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 31-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Қызметке» деген сөз «Осы баптың 3-тармағында аталған қызметкерлерді қоспағанда, қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқа жерге» деген сөздер «басқа елді мекенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында онымен тұрақты бірге тұратын жəне бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері не Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген жасына байланысты зейнеткер ата-анасы бар лауазымды адамдардың басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациясына осы лауазымды адамдардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Көрсетілген мəн-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
Басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациядан бас тартқан жағдайда, осы санаттағы қызметкерлерге нақ сол елді мекеннен бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым ұсынылады не құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша лауазымда болу мерзімі үш жылға дейін ұзартылады.
Лауазымда болудың ең ұзақ мерзімі өткен соң қызметкерге нақ сол елді мекеннен қызметінің нəтижелері, кəсіби қасиеттері, құқық қорғау қызметінің өтілі ескеріле отырып, лауазым ұсынылады.
Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда қызметкер атқаратын лауазымынан босатылады жəне оның одан əрі қызмет өткеруі мəселесін шешу үшін құқық қорғау органының қарамағына қабылданады.»;
6) 45-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдарға жəне халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу кезеңінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтар, кепілдіктер, жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру жəне əлеуметтік қорғалу сақталады.»;
7) 46-1-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «лауазымнан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.» деген сөздер «лауазымнан босату;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Заңның 31-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда ұсынылған лауазымнан бас тарту қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.»;
8) 47-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі «тағайындалса» деген сөзден кейін «, жоспардан тыс аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда,» сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының басшысы жəне оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі не əскери қызметтегі өтілі кемінде жиырма жыл болатын қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.»;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «кəсіптік» деген сөз «прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, кəсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақ «заңнамасын» деген сөзден кейін «, қазақ тілін» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 57-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Адамды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартуға алып келген теріс қылық жасағаны үшін тəртіптік жаза ақтау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) жəне 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
Сот ақтау үкімінің не ақтау негіздері бойынша істі тоқтату туралы қаулының күшін жойған жағдайда, құқық қорғау органының қызметкеріне осы іске байланысты əрекеттері үшін бұрын қолданылған тəртіптік жаза қайта қарауға жатады. Егер қызметкердің əрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сай келетіні анықталса, тəртіптік жазаның күші жойылады.
Бұл ретте қызметкерге осындай жазаның салдарынан алынбаған сыйақылардың, үстемеақылардың жəне басқа да жеңілдіктердің өтелу құқығы беріледі. Кезекті атақ немесе сыныптық шен беру мəселесі тəртіптік жаза есепке алынбай, оны берудің тиісті күні ескеріле отырып шешіледі.»;
10) 60-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Қызметкерлерді əлеуметтік қорғау
1. Қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттің қорғауында болады.
2. Осы Заңда белгіленген құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша əлеуметтік құқықтармен жəне жеңілдіктермен өтеледі.
3. Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа көшумен байланысты ауыстыру жəне жылжыту кезінде қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне онымен бірге көшіп келген əрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Құқық қорғау органының қызметкерін қызмет бабында ауыстыру жəне жылжыту кезінде оған бюджет қаражаты есебінен он тоннаға дейін өз мүлкін тасымалдағаны үшін, сондай-ақ онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінде жол жүргені үшін шығындар өтеледі.
Қызмет бабында ауыстыру жəне жылжыту кезінде көтерме жəрдемақыға, көлікте жол жүру жəне өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар құқық қорғау органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Ескертпе. Осы бапта құқық қорғау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кəмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) балалары; жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедектігі бар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалар жəне жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары мен жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Асырауындағы адамдар деп құқық қорғау органы қызметкерінің табысы есебінен өмір сүретін жəне дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.»;
12) 66-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.»;
14-тармағының 13) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 68-баптың тақырыбы, 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету»;
«2. Қызметкерлердің, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған адамдардың «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайын жекешелендіруге құқығы бар.
3. Қызметкерлер (курсанттарды қоспағанда) жəне олардың отбасы мүшелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен қызмет өткеру кезеңінде бюджет қаражаты есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.»;
14) 82-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкерлердің қызмет өткеру мерзімін ұзарту құқық қорғау органдарындағы қызметтің бүкіл кезеңінде екі реттен асырмай жүзеге асырылады.»;
15) 84-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 66-бабы 9-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір əйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.».
15. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасындағы жағдайын реттеу, сондай-ақ олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) көші-қон процестерін реттеу жəне заңсыз көші-қонға қарсы күрес;
3) көшіп-қонушылардың қазақстандық қоғамға интеграциялануы үшін жағдайлар жасау;
4) көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын қорғау жəне еңбекпен қанауға қарсы күрес.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) өңірлердің демографиялық жəне əлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастардың ұтымды түрде қоныстандырылуын ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту;
3) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғау;
4) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына интеграциялануын қамтамасыз ету;
5) халықтың жаппай көші-қонына алып келуі мүмкін жанжалдардың алдын алу жəне оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;
6) ішкі көші-қон ағындарын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағы бойынша ұтымды түрде қоныстандырылуын қамтамасыз ету;
7) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен жəне этностық қазақтармен, оның ішінде мəдени ынтымақтастық жəне ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау жəне дамыту;
8) этностық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жəрдемдесу;
9) көші-қон процестерін реттеу, заңсыз көшіп келудің алдын алу жəне жолын кесу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану жəне оларға кепілдік беру;
2) ұлттық мүдделерді қорғау жəне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыру;