Бұл ретте кемінде бір миллиард теңге ақшалай енгізіледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:
1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;
2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;
3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;
4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.
7-бап. Тауар биржасының жарғысы
1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.
2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
Мамандануы бойынша тауар биржалары:
1) биржадағы сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Биржа саудасы қағидалары
1. Биржа саудасы қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржа саудасына қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Биржа саудасы қағидалары мыналарды қамтиды:
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
2) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;
4) биржадағы сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;
5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;
7) биржадағы сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген таурлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
9) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) биржалық қамтылым мөлшерін айқындау тәртібі;
11) биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
14) тауар биржасындағы биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
16) биржа саудасы бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
20) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) өткізілетін биржадағы сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
22) биржа саудасына қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
23) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржасы биржа саудасы қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.
11-бап. Тауар биржасының мүшелері
1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржасының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар осындай тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының жұмыскерлері болып табылады. Тауар биржасы жұмыскерінің бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен, өзге тауар биржаларымен және өзге тауар биржаларының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруына тыйым салынады.
2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
4-тарау. Тауар биржасының қызметі
13-бап. Тауар биржасының қызметі
1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржа саудасы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) биржадағы сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржа саудасына қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) биржа саудасымен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) биржа саудасына қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;
12) халықаралық биржадағы сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тауар биржалары және биржа саудасына қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.
13-1-бап. 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
1. Тауар биржасының:
1) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) биржадағы сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тауар биржасы:
1) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) биржа саудасы қағидаларын сақтауға;
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді, сондай-ақ биржадағы сауда-саттық нәтижелерін лицензияның барлық қолданылу кезеңі барысында өзінің интернет-ресурсында сақтауға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) биржадағы сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-3-бап. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Тауар биржасының кірістері
1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
2. Тауар биржасы мыналарды:
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауар биржасының мүшелері жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) биржа саудасы қағидаларына сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін белгілеуге құқығы бар.
2-1) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Биржа саудасына қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржа саудасына қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
15-бап. Биржалық мәміле
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржа саудасына қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) биржа саудасына жіберілген биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
Тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тауар биржаларының биржалық тауарлар және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбелеріне енгізілмеген тауарлармен биржадағы сауда-саттықты ұйымдастыруына тыйым салынады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аяларында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Тауар биржасында жасалған мәмілелер туралы мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргiзу режимі
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Биржадағы сауда-саттық қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.
2. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Биржадағы сауда-саттық:
1) биржа саудасына қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
5 - 7. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Тауар биржасында:
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы резервтік қор құрады, ал тауар биржасының клирингтік орталығы кепілдік беру қорын құрады.
Тауар биржасы резервтік қорының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшерін құрайды.
Кепілдік беру қорына жарнаның ең төмен мөлшерін тауар биржасының клирингтік орталығы тауар биржасының тиісті мүшесі қол жеткізе алатын сауда секцияларына қарай тауар биржасымен келісу бойынша белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржалары осындай тауарлармен сауданы бастаған күннен бастап бір жыл ішінде резервтік қор мөлшерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Клирингтік орталықтар бір немесе бірнеше тауар биржасына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға құқылы.
Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтың клирингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынады.
3. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тауар биржасы клирингтік орталығының өз қызметін жүзеге асыру үшін биржа саудасына қатысушылар енгізген биржалық қамтылым сомасына қарай олардың биржадағы сауда-саттыққа жіберілуін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешенінің болуы міндетті.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7-1. 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-2. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржадағы сауда-саттыққа әрбір қатысушыға биржалық қамтылымды және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу жөніндегі бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады.
Биржадағы сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасы клирингтік орталығының жеке банктік шотында сақталуға тиіс.
Тауар биржасының клирингтік орталығы брокердің және оның клиенттерінің ақшасын бөлек есепке алуды жүргізеді.
Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша бұғатталған биржалық қамтылымды есепке алуды жүргізеді.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
18-бап. Биржалық баға
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі
1. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі:
1) қойылатын талаптар және (немесе) баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген сатып алушылар;
2) жасалған биржалық мәмілелер бойынша шарттарға қол қою жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған сатушылар мен сатып алушылар;
3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған сатушылар мен сатып алушылар тізбесін білдіреді.
2. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
3. Тізілімде болу мерзімі монополияға қарсы орган оларды биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт айды құрайды.