3) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
«20-2) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешімді келіседі;»;
4) 114-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды.».
39. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағында:
18) тармақшадағы «техникалық регламенттер мен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;»;
3) 34-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
42-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
50-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде – әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.».
42. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жергілікті атқарушы органдар жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.»;
2) 51-баптың 5-тармағындағы «өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздер «осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 60-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
43. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 15), 52) және 59) тармақшалары алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 70-41) және 70-42) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;»;
«70-41) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-42) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 31-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «уәкілетті орган айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 101-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
44. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-бапта:
24) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
25) тармақша отыз үшінші абзацындағы «қағидаларды әзірлейді және бекітеді» деген сөздер «қағидаларды» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:
«азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен әдістерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
45. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 7-баптың 56) тармақшасындағы «құрамдары бойынша ұсыныстар енгізеді» деген сөздер «құрамдарын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан негізінде ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 қараша
№ 75-VII