8) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің шекаралық органдарымен Мемлекеттік шекараны қорғауда өзара іс-қимылды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асыруға;
10) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттік шекара режимін ұстап-тұру, шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат-хабар алмасуды жүргiзу, осы Заңда белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi жөнінде келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге;
11) міндеттерді орындау үшін уәкілетті органдардан, ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұратуға және өтеусіз алуға;
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
67-баптың 1-тармағының 11-1) тармақшасының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
11-1) ішкі істер органдарының дактилоскопиялық ақпарат дерекқорында қамтылатын дактилоскопиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алуға және пайдалануға;
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы міндеттерді шешуге азаматтарды ерікті жасақтар құрамында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкерлері ретінде және өзге де нысандарда ерікті негізде тартуға, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды көтермелеуге және қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына түсу үшін ұсыным жасауға;
13) Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге, құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздестіру туралы халықты хабарландыру үшін және өзге де мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
14) осы Заңға сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануға;
15) шекаралық кеңістікте жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы мәлімдемелерді немесе хабарламаларды қарауға, оларды тіркеуге және олар бойынша тиісті шаралар қолдануға;
16) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) Мемлекеттік шекараны қорғау саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге;
18) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім нысаны мен жарақтарды айқындауға;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен жете қарауды жүзеге асыруға;
20) көлік құралдарымен ілесіп жүруге және оларда шекаралық нарядтарды орналастыруға;
21) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлескен шешімдерінде айқындалатын тәртіппен Мемлекеттік шекара күзетін күшейту кезінде олар бөлетін күштер мен құралдарды пайдалануға;
22) құқық бұзушылардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергісіз (қажет болғанда жабатын құрылғыларды істен шығара отырып) тәуліктің кез келген уақытында кіруге, сондай-ақ (жиырма төрт сағат ішінде тиісті прокурорды кейіннен хабардар ете отырып) оларды қарап тексеруге;
23) шекаралық іздеулер мен операцияларды, өзге де іздестіру іс-әрекеттерін жүргізу кезінде бақылау бекеттерін өз бетінше орнатуға, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне жібермеуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында олардың сонда қалуын немесе осы учаскелерді тастап шығуын міндеттеуге;
24) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өзге де уәкілетті органдарын хабардар ете отырып, қорғаныс мақсатындағы жұмыстарды, халықаралық міндеттемелерді орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындаған салдарларды жоюға байланысты жұмыстарды қоспағанда, шекаралық белдеуде әртүрлі жұмыстарды жүргізуді уақытша шектеуге;
25) қызметтік мақсаттарда байланыс құралдарын, ал Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге тойтарыс берген, Мемлекеттік шекарадағы заңсыз жаппай өтуге және өзге де арандатуларға кедергі келтірген, іздестіру іс-шараларын жүргізген, құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды жеткізген кезде, ұйымдардың көлік құралдарын, ал қажет болған жағдайларда - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен иелерінің талаптары бойынша кейіннен оларға шығындарды не келтірілген залалды өтей отырып, азаматтардың көлік құралдарын пайдалануға;
26) Мемлекеттік шекараны кесіп өту, аумақтық суларда (теңізде) және iшкi суларда жүзу кезiнде немесе кемелер қазақстандық порттарда тұрған уақытта құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және оларда болған өзге де адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;
27) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтауды, Қазақстан Республкасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиісті шараларды қолдануға;
28) шекаралық кеңістікте белгіленген режимді бұзушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әкімшілік ұстауға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларында ұстауға;
29) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға алынған адамдарды тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында және ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастыруға;
30) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзудың өздеріне белгілі болған мән-жайлары туралы түсініктемелер алу мақсатында адамдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне шақыруға;
31) 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда
33) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
34) құрамында радиоактивті заттар бар инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар немесе иондаушы сәуле өндірілетін радиоактивті заттармен, аспаптармен немесе аппаратурамен жұмыс істеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыруға;
35) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Бұдан басқа, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің:
1) егер кеме сұрау салу белгілеріне жауап бермесе, жүзуге тыйым салынған ауданда болса, Қазақстан Республикасының суларына кіру, онда жүзу және болу тәртібін бұзса, оны тоқтатуға және қарап тексеру жүргізуге құқығы бар. Кемені қарап тексеру кеме және навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге арналған құжаттарды, қажет болған жағдайда кеменің жайларын да тексеруді қамтиды. Кемені қарап тексеру нәтижелері бойынша оған, белгіленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзуді (болуды) жалғастыруға рұқсат етілуі немесе Қазақстан Республикасының суларын тастап шығу ұсынылуы мүмкін немесе ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу немесе әкімшілік заңнамасына сәйкес ұсталуы мүмкін;
2) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға;
3) егер тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық белгіні (олардың осы белгіні көруі немесе естуі мүмкін болатындай ара қашықтықтан) бергеннен кейін ізге түсу Қазақстан Республикасының суларында басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін аумақтық сулар (теңіз) шегінен тыс суларда олардың ізіне түсуге және оларды ұстауға құқығы бар.
3. Мемлекеттік шекараны су астындағы ортада күзету кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің:
1) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда су астындағы ортаның жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;
2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда су астындағы объектілер табылған кезде бұл суларға кіру мақсаты туралы сұрау салу жүргізуге, бағытын өзгертуді талап етуге, оларға су астындағы жағдайдан шығуды, өз туын көрсетуді ұсынуға, тоқтатуға және оларды қарап тексеру жүргізуге, табылған су астындағы объектілер іс-әрекеттерінің алдын алу немесе оларды тоқтату бойынша өзге де шараларды қолдануға;
3) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беруге;
4) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің және (немесе) жүзудің белгіленген тәртібін бұзған су астындағы құралдарды ұстауға, құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасының порттарына, өзге де орындарға жеткізуге (айдауылмен алып жүруге), осы құралдарды анықтау және тергеу органдарына беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасының аумағында шекаралық іздеулер және операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өзіне берілген құқықтарды шекаралық кеңістік шегінен тыс жерлерде де пайдалана алады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қызметтік міндеттерді шешу кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын корабльдерге, катерлерге, ұшақтарға және тікұшақтарға (өзге де ұшу аппараттарына) мынадай:
1) Қазақстан Республикасының су және әуе кеңістігін, теңіз және өзен порттарын, әуежайларын және әуеайлақтарын (қону алаңдарын), олардың тиесілігіне және арналған мақсатына қарамастан, пайдалану;
2) навигациялық, метеорологиялық, гидрографикалық және өзге де ақпаратты алу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ұшуды жəне корабль жүргізуді əуежайлық (əуеайлақтық) қамтамасыз ету құқығы беріледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленеді. Аталған көрсетілетін қызметтерді ұсыну алдын ала ақы төленбей жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда қаруды, арнайы құралдарды тасымалдауға, өзімен алып жүруге, сақтауға және қолдануға, қызметтік иттерді пайдалануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқығы бар.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 67-1-баппен толықтырылды
67-1-бап. Шекара кеңістігі шегінде байланыс желілерін салу
Шекара кеңістігі шегінде байланыс желілерін салуды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті ведомствосы жүзеге асыруға құқылы.
68-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру ерекшеліктері
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары әскери қызметшілерден (шақыру бойынша келген әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша келген әскери қызметшілер) және қызметкерлерден тұрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және халықаралық келісімдерге сәйкес шетел мемлекеттерінің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі мерзімді әскери қызметке басым тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті дене бітімі мен моральдық-психологиялық қасиеттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне іріктеу, оларды зерделеу және әскерге шақыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің қызметтік іс-әрекетіне араласуға, Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің құқығы жоқ.
Шекаралық нарядтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету, сондай-ақ шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау бойынша қызмет атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің әскери қызметшісі атқаратын лауазымына, орналасу орны мен уақытына қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оған азаматтар шекара қауіпсіздігіне қатер төндіретін оқиғалар туралы мәлімдемемен немесе хабарламамен жүгінген жағдайда немесе ол осындай оқиғаларды тікелей анықтаған жағдайда:
1) құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған азаматтарды анықтау және ұстау, оқиға болған орындарды күзету жөніндегі ықтимал шараларды қолдануға;
2) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесіне хабарлауға міндетті.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 68-1-баппен толықтырылды
68-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
10-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰЗЫРЕТІ
69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:
1) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады;
3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;
4) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
Әуе қорғанысы күштерінің құзыреті
1. Мемлекеттік шекараны әуе кеңістігінде күзету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері:
1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, сондай-ақ аумақтық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейін әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өтуі кезінде оларды танып айыру үшін өздерінде бар құралдарды пайдаланады;
3) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында ұшуының жолын кеседі және қондыруға шаралар қолданады;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі жағдайды анықтау үшін басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;
2) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің жекелеген аудандарында әуе кемелерінің ұшуына тыйым салуға немесе оны шектеуге;
3) әуе кемесінен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне ұшып кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы ақпаратты хабарлауды талап етуге;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетуге, әуе кемесіне, егер оның бағыты ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытын өзгертуді ұсынуға;
5) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алдын алу немесе тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға, қажет болған жағдайда әуе кемесінің экипажынан көрсетілген жерге қонуын, оның ішінде мәжбүрлі түрде қонуын жүзеге асыруды талап етуге;
6) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің экипаж мүшелерін (Қазақстан Республикасының аумағына қонғаннан кейін) құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшесіне шақыруға;
7) құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару-жарақты және әскери техниканы қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің құзыреті
Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз Күштері:
1) Мемлекеттік шекараны су астындағы ортада кесіп өтуге бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүддесінде қайыққа қарсы, оның ішінде су асты-диверсиялық қорғанысты жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ, АРНАЙЫ
ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚЫЗМЕТТІК ЖАНУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ КҮШІН ҚОЛДАНУ
72-бап. Қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолданудың шарттары мен шектері
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің шекаралық кеңістік шегінде қаруды және арнайы құралдарды өзімен алып жүруге, сақтауға, қолдануға құқығы бар, сондай-ақ әскери техниканы, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда іс-әрекеттерге жарамдылығына арнайы дайындықтан, жыл сайынғы тексеруден өтуге міндетті.