3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2. Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi.
3. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.
141-бап. Топырақта зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi
1. Топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi топырақтың жай-күйiн адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiне сай бағалау үшiн белгiленедi.
2. Аталған нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен бекітіледi.
142-бап. Жердiң жай-күйiне әсер ететiн үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлердi жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар
1. Жердiң жай-күйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгізу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттік сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгізуге, жердi мелиорациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңғыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.
143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер
1. Нормативтен артық радиоактивтi ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмiрi мен денсаулығына өзге де түрде қатер төндiретiн жер учаскелерi меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлмейдi.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сәйкес өнiм алу қамтамасыз етiлмейтiн, радиоактивтi ластануға ұшыраған жер учаскелерi ауыл шаруашылығы айналымынан алынады және сақтап қоюға жатады. Бұл жерде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге және оны өткiзуге тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер учаскелерiн ядролық қару сынағының зардаптарын жою жөніндегі барлық iс-шаралар аяқталғаннан және кешендi экологиялық тексеру жүргiзiлгеннен кейiн ғана, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болғанда меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Көрсетілген аумақтарда ядролық қару сынақтарының зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделедi.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
5. Радиоактивтi ластануға ұшыраған жердi мәжбүрлеп иеліктен шығару мен қорғау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
144-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндеттерi
Мемлекеттік бақылаудың мiндеттерi мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
145-бап. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібi
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды орталық уәкілетті орган, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы орган дары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және өзге де уәкілетті органдар өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті орган;
жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау жерге түгендеу жүргізу, зерттеп-қарау, жерді пайдалануға байланысты схемалар мен жобаларды әзірлеу, жердің мемлекеттік кадастрларын және мониторингін жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
4. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Тексеру арқылы мемлекеттік бақылау жер учаскелерінің меншік иелерінің, жерді пайдаланушылардың қатысуымен, ал олар бас тартқан жағдайда олардың қатысуынсыз жүргізіледі, бұл туралы тексеру нәтижелері бойынша жасалған құжаттарда тиісті белгі жасалады.
Қазақстан Республикасының жер заңнамасын анықталған бұзушылықтар бұл жұмыстарды жүргiзген мамандар қол қоятын далалық тексеру сызбасы қоса берiлетiн актiмен ресiмделедi және уәкілетті органдарға, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне олардың құзыреттері шегінде берiледi.
Уәкiлеттi органдар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен өз функцияларына сәйкес қарайды.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмiне осы Кодекстiң 148-бабының 3-тармағына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерi меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.
8. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
146-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкiлеттi органдардың басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы бар құжаттардың бланкiлерi болады.
Жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларға және мемлекеттік инспекторларға белгiленген тәртiппен мөр мен куәлiк берiледi.
Орталық уәкілетті орган ведомствосының, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның өз құзыретi шегіндегі нұсқаулары барлық мемлекеттік органдар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар үшiн міндетті.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 147-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
147-бап. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің функциялары
1. Орталық уәкiлеттi орган:
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингінің дұрыс жүргізілуіне;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган (осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа кезде):
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуына;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда):
1) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу;
2) жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, атап айтқанда:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың функцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кiредi.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
148-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберуге;
2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мүқтажы үшін алып қоюға, нысаналы мақсатын өзгертуге мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
8) мемлекеттік органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа жоғары тұрған лауазымды адамға және сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасалғаннан кейін жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттердiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа арыз сотқа берiледi.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға кедергi жасайтын лауазымды және жеке тұлғалар, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш жұмсау қаупін төндіретiн немесе күш жұмсау әрекеттерiн қолданатын лауазымды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі
149-бап. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
1. Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар жүйесi болып табылады.
2. Жерге орналастыру меншiк нысанына тиесiлiлiгiне және оларда шаруашылық жүргiзу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргiзiледi.
Жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде белгiленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қаралған және бекітілген жердiң нысаналы мақсаты, жердi пайдалану мен оны қорғау режимi, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерiнiң шекарасы, жердiң сапасы мен мөлшерi туралы деректер және басқа да деректер жер құқығы қатынастары субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Жерге орналастыру:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде жерге орналастырудың, жердi аймақтарға бөлудiң, жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың республикалық, облыстық және өңірлік схемаларын (жобаларын) әзiрлеудi;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру жөніндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын белгiлеудi
3) белгiлi бiр жерде елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) анықтау мен белгiлеудi, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
4) белгiлi бiр жерде әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеудi;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) аумақтың жер-шаруашылық орналастыру, бүлiнген жердi жаңғырту мен жаңа жердi игеру жобаларын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзiрлеудi, келісуді, бекітуді және беруді;
6) жердi түгендеу iсiн жүргiзудi, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жердi анықтауды;