жолға шығу алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;
жүргізушінің ауысым алдындағы медициналық тексеруден және такси автомобильдің ауысым алдындағы техникалық тексеруден өткені туралы белгі қойылатын жол парағы немесе борт журналы онда болуы тиіс;
музыка ойнатқышты немесе радио қабылдағышты жолаушының келісімімен қосады және жолаушының талабы бойынша сөндіреді.
137. Тапсырыстың орындалуына жеке өзі немесе телефон арқылы шақырылатын такси автомобильдегі жүргізуші мынадай себептер бойынша:
егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;
жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;
жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;
жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе автомобиль салонына зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда;
қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге шақырған кезде оны орындаудан бас тартуға құқылы.
138. Жүргізуші, егер жолаушылардың жүгі жүк бөлімшесіне сыйса және оған зиян келтірмесе, оны тасымалдауға тыйым сала алмайды.
139. Егер зақымдалуы Жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің бұзылуынан туындаса, тасымалдаушылар материалдық жауапкершілік тартады және жолаушылар денсаулығына, сондай-ақ олардың тасымалданған заттарына келтірілген зиянның орнын толтырады.
140. Астанада таксиде жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарт астананың көлік органының бастамасы бойынша:
жол полициясында осы жүргізушінің бір айда үш реттен артық Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы туралы ақпарат болған кезде;
жолаушылардан жүргізушіге Таксиде жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартты орындауға қатысты бір айда үш реттен артық негізделген шағым келіп түскен кезде бұзылуы мүмкін.
Осы Ереженің сақталуын бақылау
141. Осы Ереженің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Астанада жолаушыларды
және жүкті автомобиль
көлігімен тасымалдау
ережесіне қосымша
Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
| Р/с № | Көрсеткіш | Балл саны |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі, (әрбір автобус үшін): 3 жылға дейін; 4-тен до 7 жылға дейін; 8-ден 10 жылға дейін; 10-нан 14 жылға дейін. | 1 0,7 0,4 0,1 |
| 2. | Жылжымалы құрамның тиесілігі: жеке меншік құқығындағы; жалдау құқығындағы. Ескертпе: аралас меншік тиесілігі кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті көліктің жалпы санынан тиесілік пайызына барабар балл алынады. | 5 3 |
| 3. | Жылжымалы құрамды сақтауға арналған өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі жылытылатын гараждардың болуы кезінде; жылытылатын гараждарды жалға алу кезінде; өз меншігіндегі жылытылмайтын гараждардың болуы кезінде; жылытылмайтын гараждарды жалға алу кезінде; ашық алаңдарда сақталған кезде. | 5 4 3 2 0 |
| 4. | Техникалық қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі қажетті жабдықтар жиынтығы мен персоналы бар техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймақтарының болуы кезінде осындай база жалға алынған кезде; өз меншігіндегі жылытылатын базаның болуы; 10 көлік бірлігіне 2 пост есебінен көтергішпен немесе қарау арығымен жабдықталған, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған ең аз қажетті цехтар, учаскелер жиынтығымен; осындай база жалға алынған кезде; жоғарыда аталғандар болмаған кезде. Ескертпе: техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймағы агрегаттарды, электр жабдықтарын жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету, шина жөндеу, дәнекерлеу, бояу орындары, ТО-1 және ТО-2 постылары бар цехтардың, учаскелердің жиынтығын, 100 көлік бірлігіне 20 машина орны есебімен қажетті көтергіш көлік жабдықтарымен агрегаттарды шығарып алу және қоюға арналған аймағымен бірге қамтиды. | 5 3 4 2 0 |
| 5. | Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары: көлік бірліктерін хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықтаған кезде; автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы; жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды; арба креслоны пайдаланатын мүгедектерді тасы-малдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы. | 7 3 1 +0,1 әр автобус үшін |
| 6. | Басшылық жасаушы буынның жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. | 2 4 6 |
| 7. | Жүргізуші персоналдың жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. Ескертпе: жүргізуші персоналдың жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті жүргізушілердің жалпы санынан орташа балл есепке алынады. | 2 4 6 |
| 8. | Желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі: желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 0,5 сағат ішінде қамтамасыз ететін резервтік көлік пен ұтқыр байланыс құралдары (радиостанция, ұтқыр телефон) бар желі персоналының болуы кезінде; желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 1 сағат ішінде қамтамасыз ететін, байланыс құралы жоқ желі персоналынсыз резервтік көлік болған кезде; жоғарыда санамаланғандар болмаған кезде. | 5 3 0 |
| 9. | Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар: тиісті бағыттағы автобустардың немесе шағын автобустардың түрлері мен сыныптарының біртектілігі. | +0,5 |
Комиссияның қарауына «Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар» деген 9-бағанаға 6 баллға дейінгі бағамен қосымша өлшемдер (жылжымалы құрамды жуу мен жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі диспечерлік қызметі бар байланыс жүйесі, рейс алдындағы автобустарды техникалық бақылауды қамтамасыз ету, жол жүрі тарифі) енгізілуі немесе тасымалдаушылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстарды 1 баллға бағалаумен ескерілуі мүмкін.