62. Шығыс электрондық құжаттарды құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері 3 (үш) сағаттан аспайтын мерзімде жөнелтуге дайындайды. Жобаны тіркеу алдында оны жөнелтуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (немесе қабылдау бөлмесінің) қызметкері деректемелер мен салынымдардың дұрыс көрсетілгенін тексереді.
Шығыс құжаттарды жөнелту ЭҚАБЖ арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына жіберілетін шығыс қағаз құжаттардың қажетті саны көшіріп шығарылады және БҚҚБ-ға жөнелтуге беріледі.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып жіберілетін шығыс құжаттарды іс жүргізу және архив секторы ол туралы БҚҚБ меңгерушісіне баяндағаннан кейін қабылдайды және жөнелтеді. Қажет болған жағдайда, БҚҚБ меңгерушісі Кеңсе Басшысына жауапты құрылымдық бөлімшенің шығыс құжатты жөнелтуге уақтылы дайындамағаны жөнінде баяндайды.
Бұдан кейін шығыс құжаттар мен оларға орындау мерзімдері көрсетілген, оның ішінде «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері, сондай-ақ құжаттың бақылауға алынғаны туралы тапсырма не «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» деген және тағы сол сияқты белгілері бар қарарлар міндетті түрде БҚҚБ-ға ұсынылады, ол «Бақылауға» немесе «Бақылауға алынды» деген белгілері бар құжаттың орындалу мерзімі көрсетілген электрондық құжатты қоса береді.
Қызметкерлер жөнелтуге дайындаған құжаттар мен оларға қарарларды және құрылымдық бөлімшенің басшылығы бекіткен тарату көрсеткішін (төрттен артық мекенжайға жіберу кезінде) қызметкерлер адресаттарға жөнелту үшін БҚҚБ-ға жібереді.
63. БҚҚБ-да жөнелту алдында шығыс құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы, ұйымдардың түпкілікті мекенжайларының бар-жоғы тексеріледі. Ұйымдардың түпкілікті мекенжайы болмаған жағдайда, жөнелту жүргізілмейді.
Үкімет Регламентінде және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттар түзету үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылады.
Жөнелтуге жауапты қызметкер жіберілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың электрондық тізілімін (тарату есебін) жасайды, осы деректерді құжаттың ЭТБК-на енгізеді.
Жөнелтуге жауапты қызметкер қағаз құжаттар мен қарарлардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, одан кейін оларды БҚҚБ дөңгелек нөмірлік мөрмен куәландырады, одан кейін онда жіберілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың тізілімін (тарату есебін, біржолғы қолхат) жасайды, осы деректерді құжаттың ЭТБК-на енгізеді, жөнелтілетін құжаттарды нақты адресаттарға жөнелтуге арналған конверттерге салады және конверттерді адресаттарға жеткізу үшін тізілімдермен (бағыт парақтарымен, біржолғы қолхаттармен) бірге фельдъегерлік немесе пошта қызметінің қызметкеріне береді.
64. Қағаз құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізудің шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығының дәрежесін жөнелтуші айқындайды. «Шұғыл» деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе теміржол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді БҚҚБ жүзеге асырады.
65. Хат-хабарды (қағаз және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) БҚҚБ меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды БҚҚБ-дан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.
66. Іс жүргізу және архив секторы құжаттарды жөнелткеннен кейін ЭТБК-да жөнелтілгені туралы белгі жасайды. Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген қате мекенжай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты дайындаған орындаушысы жауапты болады.
67. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген қағаз құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себептермен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және архив секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және архив секторында бір жыл бойы сақталады.
68. Іс жүргізу және архив секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе пошта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге арналған пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарды уақтылы жөнелтуге жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану тиісті Құжаттама жасау қағидаларында айқындалады.
70. Қағаз құжатты жөнелту туралы белгі жөнелту күні мен іс жүргізу және архив секторының жөнелтуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолын көрсете отырып, ЭТБК-да «Жөнелтілді» деген сөз жазылып жүргізіледі.
71. Адресаттарда МО БКО-ға қосылған электрондық құжат айналымы жүйесі болмаған жағдайда, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқаратын адамның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары БҚҚБ нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған қағаз көшірмелер түрінде ғана таратылады.
72. Телефонограммаларды жауапты құрылымдық бөлімшелер адресаттарға электрондық құжаттар нысанында ғана және «Үкіметтің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Мобильді кеңсе» АЖ) арқылы жібереді.
73. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тіркеусіз қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлік қызмет Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне жеткізеді және Үкімет Регламентіне сәйкес шешім қабылдау үшін кеңесші (қабылдау бөлмесінің қызметкері) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына ілеспе хаттардың көшірмелерін Кеңсе Басшысының кеңесшісі (қабылдау бөлмесінің қызметкері) Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Өкілдігіне белгіленген тәртіппен береді.
74. Премьер-Министр қол қойған Үкіметтің заң жобалары бойынша қорытындыларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының Парламентке жіберілетін хаттарын аталған құжаттарды дайындаған тиісті құрылымдық бөлімшенің (жөнелтуге жауапты) қызметкері Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігіне міндетті түрде электрондық құжаттар нысанында жібереді.
6-тарау. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу
75. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі - «ҚБП») деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеген кезде Кеңседе пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптар орындалуға тиіс.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық баспасөзде жариялауға, радио мен телевизия арқылы, ашық электрлік (электрондық) байланыс және интернет желілерінде беруге тыйым салынады.
76. Кеңсеге түскен «ҚБП» деген белгісі бар құжаттар іс жүргізу және архив секторында қабылданады, тіркеледі және есепке алынады. Бұл ретте карточкалардағы тіркеу нөмірлеріне «ҚБП» деген белгі енгізіледі және дананың нөмірі қойылады.
77. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметті қамтитын құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚБП» деген белгі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың мекенжайы, дана саны және оның жіберілгені, құжатты орындаушының тегі және файлдың жойылғаны жөнінде белгі көрсетіледі.
«ҚБП» деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.
78. Егер құрамындағы мәліметтер таратылуы шектелген мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының түскен құжаттан «ҚБП» деген белгіні алып тастауға құқығы бар, сондай-ақ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісу бойынша осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен осы құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады.
«ҚБП» деген белгісі бар ксерокөшірме жасалған құжаттарды есеп алу әр данасы бойынша ЭТБК-да «ҚБП» деген белгі қойылып немесе «ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды тіркеу журналдарының бөлек бөлімдерінде жүзеге асырылады.
«ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды металл сейфтер мен шкафтарда басқа құпия емес құжаттардан бөлек сақтау қажет.
79. «ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және архив секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірі қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекенжайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. «ҚБП» деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де «ҚБП» деген белгі қойылады.
80. Кеңсе қызметкерлері «ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектелген ақпаратты жариялағаны немесе таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
81. Үкімет отырыстарында қаралуға тиіс мәселелердің тізбесі мемлекеттік органдар ұсыныстарының негізінде тоқсан сайын жасалады және оны Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы тоқсан алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей бекітеді.
82. БҚҚБ отырысқа дейін 5 (бес) күн бұрын белгіленген нысан бойынша Үкімет отырысы күн тәртібінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.
83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет отырысының күн тәртібін БҚҚБ 1 (бір) сағат ішінде дереу «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, оның ішінде онда баяндамашылар ретінде көрсетілген лауазымды адамдардың атына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет отырысына қатысушылардың көмекшілеріне немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы беріледі, олар мемлекеттік органның басшылығын уақтылы хабардар етуге дербес жауапты болады. Көмекшілер немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мемлекеттік орган басшылығының Үкімет отырыстарына және Премьер-Министрде өтетін кеңестерге қатысуын «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы растауды қамтамасыз етеді.
БҚҚБ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «ҚБП» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін және қорғалмаған байланыс арналары арқылы беруге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Кеңсе Басшысының және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Кеңсе Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы мобильді құрылғыларға жібереді.
7-тарау. Үкімет отырыстарын және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және
оның орынбасарлары өткізетін кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі - жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, «Үкімет үйі» мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық, сол сияқты оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарын және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:
1) БҚКБ (Үкімет отырыстарын өткізу кезінде) не Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі (жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты):
Үкімет мүшелері мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын растай отырып, қатысушылардың тізімін жасауды;
режимдік шаралардың, рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуін, кезекші полиция бөлімі мен техникалық қызметтердің ақпаратты қорғауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
жүйелердің істен шығуының алдын алу мақсатында ауыспалы жеткізгіштердегі (орындаушы бөліммен келісуден өтпеген флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер және т.б.) электрондық түрдегі материалдардың пайдаланылуын шектеуді;
өңірлердің бейнеконференцбайланысқа күні бұрын тестілік қосылуын (техникалық регламентке сәйкес кеңес/отырыс басталғанға дейін бір тәулік және 2 сағат бұрын), оның әзірлігін және Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін жүргізудің ұсынылған тәртібін (кеңес сценарийін) ескере отырып, байланыс сапасының тексерілуін, қолданыстағы техникалық талаптарға, оның ішінде форматы және ресімделуі бойынша сәйкестігі тұрғысынан алдын ала регламенттік тестілік жұмыстардың жүргізілуін бақылауды;
мерзімді жоспарлы регламенттік жұмыстардың жүргізілуін (апта сайын дүйсенбі, бейсенбі сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін), сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі - «ҰАТ» АҚ), «Қазақтелеком» АҚ орындайтын (жоспарлы және алдын ала тестілік қосылулар сәйкес келген жағдайда, регламенттік жұмыстар бір мәрте жүргізіледі) жарықтандырудың және бейнеконференцбайланыс (бұдан әрі - БКБ) жабдығы мен негізгі жұмыс орындарындағы және «Үкімет үйі» ғимаратында орналасқан цифрлық телефон станциясының базасындағы станция мен тікелей байланыс станциясы абоненттеріндегі дыбыс күшейткіштің жұмысқа жарамдылығының сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Кеңсенің облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;
қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Үкімет отырыстарының материалдарын жіберуді;
өңірлер өкілдерінің БКБ-де Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындығын бақылауды;
селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;
Үкімет отырыстары және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;
«Үкімет үйі» залдарынан тестілік қосылуды жүргізу және дайындау кезеңінде өңірлердегі отырыс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық сынап-байқау және Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестеріне даярлық, қатысушылардың сөйлейтін жерін айқындау және т.б.) өткізілуін;
соңғы тестілік қосылуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде отырыс залын өзгертуге, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны, байланысты, дыбыс күшейткішті күйге келтіру) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;
іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;
бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;
іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;
жабық немесе оқшаулы жұмыс режиміне ауысқан жағдайда, шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;
зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық беру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттеу элементтерінің болуы);
Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;
тәртіп бұзушылардың залдан дер кезінде шығарылуын қамтамасыз етеді;
5) Кеңсенің Премьер-Министрдің республикалық және шетелдік БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, БАҚ-та Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін жария етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:
қажет болған кезде БАҚ өкілдерінің қатысуын және олардың залдан шығарылуын;
кезекші редактордың «ҰАТ» АҚ-ның шығарушы редакторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін баспасөз үшін интернет желісі арқылы on-line трансляциялауға санкцияланған шешім қабылдауын қамтамасыз етеді;
6) Кеңсенің Премьер-Министр қатысатын халықаралық сипаттағы іс-шараларды протоколдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:
Үкімет отырыстары және Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды;
Үкімет мүшелерінің және шақырылған өзге де адамдардың «протоколдық үлкендік ретіне» сәйкес отыруын;
Үкімет отырысын, жұмыс кеңестерін өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, шақырылған адамдардың залға уақтылы келуі және одан шығарылуы бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізуді;
қажет болған кезде - Қазақстан Республикасы Сырты істер министрлігінен бекітілген кезекші ілеспе аудармашының болуын қамтамасыз етеді;
7) Кеңсенің Үкімет отырысына немесе жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты құрылымдық бөлімшесі:
ЭҚАБЖ жүйесі арқылы слайдтар мен басқа да ақпараттық материалдардың (А216 залында көрсетілетін слайдтарда jpeg, tiff форматтарындағы файлдар және солар тәріздес фотосурет сапасындағы графикалық форматтар болмауға тиіс) берілуін;
белгіленген тәртіппен Үкімет отырысына тікелей «Үкімет үйі» ғимаратына шақырылған өзге адамдардың қатысуын;
Үкімет отырысы, жұмыс кеңестері шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жоспарланып отырған сөз сөйлеуі туралы Өңірлік даму бөлімін хабардар етуді;
материалдардың (анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және т.б.) ЭҚАБЖ жүйесі арқылы электрондық түрде жоғарыда көрсетілген форматтарда ғана ұсынылуын қамтамасыз етеді;
8) «ҰАТ» АҚ бейнеконференцбайланыстың регламенттік іс-шараларының уақтылы және толық өткізілуін, сондай-ақ оның әзірлігін және байланыс сапасын тексеруді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ және «ҰАТ» АҚ резервтік байланыс арналарына ауысқан кезде де тексеруді қамтамасыз етеді.
85. Үкімет отырыстарының залын техникалық дайындауды (бейнеконференцбайланыс пен селекторлық байланысты, дыбыс күшейткішті, дыбысжазбаны және микрофондарды, қосу желілерін, электрондық дауыс беру жүйесі мен пульттерін, дауыс берудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған конференц-жүйені, дыбыс күшейту және отырыстар залын дыбыстандыру, ілеспе аударма және стенография жүйесін, сондай-ақ бейнепроекторды, ұжымдық пайдаланылатын ақпаратты көрсету құралын (экранды), ақпараттық жүйелер мен жұмыс орындарын (Үкімет мүшелерінің компьютерлерін, ақпараттық материалдардың (слайдтардың) берілген форматта таныстыруға және көрсетуге әзір болуын, залды тиісінше жарықтандыруды және кондиционерлеуді, жазу керек-жарақтарын) БҚҚБ бақылауымен «ӘҒД» РМК мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ИТО» АҚ) мамандары жүзеге асырады.
Отырыстар залын техникалық дайындау нәтижелері бойынша «ӘҒД» РМК жауапты маманы «ИТО» АҚ маманының, сондай-ақ техникалық дайындауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қатысуымен отырыс басталғанға дейін 30 минут қалғанда Үкімет отырыстарын, Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі техникалық регламентте көзделген тиісті техникалық актіні ресімдеп, қол қояды.
Отырыстар залындағы барлық жүйелер мен жабдықтардың техникалық даярлығы, әзірлігі, сапасы мен үзіліссіз жұмыс істеуі үшін жауапкершілік «ӘҒД» РМК мен «ИТО» АҚ басшылығына жүктеледі.
86. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет отырысына шақырылғандардың тізімін айқындау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган электрондық құжаттар нысанында отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, ал таныстырылымдардың электрондық нұсқаларын отырыс болатын күннің алдындағы 2 (екі) күннен кешіктірмей енгізеді.
87. Үкімет отырыстары Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адамның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет отырысына қатысушыларға «Мобильді кеңсе» АЖ арқылы тікелей отырыс үстінде жеткізілуі мүмкін, бұл ретте материалдардың мазмұны мен дайындалу сапасына қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болады.
88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуін бақылау үшін Үкімет отырысында қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.
89. Үкімет отырысына материалдар уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда, Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
90. Үкімет отырысында қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілетін хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, Microsoft Power Point форматындағы таныстырылымдарды (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп мөлшері 20-дан кем емес, визуалды ақпаратты көрсетудің 16:9 форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар), ақпараттық (талдамалық) баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын), қатысушылардың тізімін және Үкімет отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуға тиіс.
Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларында көрініс табады.
Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
Үкімет отырысын және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында не Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерді, оның ішінде консультативтік-кеңесші органдардың кеңестерін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өткізілетін күні міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) материалдар, қатысушылардың тізімі және басқа да материалдар), хаттамалық шешімді (қол қойылған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде) ЭҚАБЖ әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) «Инфопанель» қосымша парағында (жабық режимде өткізілетін отырыстар мен кеңестерге дайындалатын материалдарды қоспағанда) орналастырады.