2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы өтініш;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің төлнұсқалары;
5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұсынылады.
Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартын нотариат куәландыруға тиіс.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді
14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, заңды тұлға, филиал (өкілдік) жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке, электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
3) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
4) акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;
2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған уәжді бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.
Осы баптың ережелері қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қолданылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылды; 2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 14-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттар қоса беріле отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген кезде, хабарламаға қосымша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат қоса беріледі.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі беріледі.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.
Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабар бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға берген кезде, нотариат куәландырған сенімгерлік басқару шарты қосымша ұсынылады.
Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады.
Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктер) құрылтай құжаттарына 5) тармақшасын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ осы Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар, өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады.
Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.
24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда; 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру
Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша бір жұмыс күні iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын бередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мөрiмен (ол болған кезде) бекемделген, жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;
3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; Заңдарымен 16-бап өзгертілді және толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу
Тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;
6) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.
Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді.
Мемлекеттік кіріс органдары қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді ұсынудан бас тартады.
Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қажетті құжаттарымен қоса берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны тарату тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тартқан, мұндай заңды тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.
Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген: бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тіркеуші органға өтініш жасамаған; мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген кезде заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылуға жатады. Қызметті мәжбүрлі тәртіппен тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі. Заңды тұлғаларды Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау соттың заңды күшіне енген, мәжбүрлеп тарату туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.
ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен ( ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-1-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-1-бап өзгертілді
16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару
Филиал (өкiлдiк):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi;
2) акционерлік қоғамдарды қоспағанда, филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
3) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
4) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенiн растайтын құжат негiзiнде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша, есепке алынуы мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) міндеттемелерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен орындамаған жағдайда, берешек туралы көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тартады.
Сот оған қатысты борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы осы Заңның осы бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында және 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның филиал қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.