4. Егер аукционға ешбір өтініш беруші қатыспаса, ол өткізілмеді деп танылады.
5. Егер аукцион өткізілмесе не аукцион өткізілгеннен кейін осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттемелер орындалмаса, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді қарау басымдығы осы Кодекстің 189-бабына сәйкес, олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен айқындалады.»;
31) 190-баптың 1) тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға не ұйым осы Кодекске сәйкес өткізілген аукционның қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса;»;
32) 194-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Барлау учаскесінде бір мың текше метрге дейін тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға зертханалық және технологиялық зерттеулер үшін сынамаларды іріктеу мақсатында, барлау жоспарында осындай жұмыстар көрсетілген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға оның көшірмесі ұсынылған жағдайда ғана жол беріледі.
Күнтізбелік жыл ішінде іріктелген сынамаларды зерттеу нәтижелері келесі есепті кезеңнен кешіктірілмей жыл сайынғы геологиялық есепке енгізілуге жатады.
Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оның рұқсатымен, құзыретті тұлғаның қорытындысымен расталатын бұрын әзірленген немесе өнеркәсіптік-сынамаланған кенді қайта өңдеу схемалары болмаған жағдайда жол беріледі.»;
«7. Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат мынадай:
1) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға рұқсат беруге арналған өтініш белгіленген нысан талаптарына сәйкес келген;
2) жұмыстар жүргізілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұрын ұсынған геологиялық есептерде алдыңғы кезеңдер үшін іріктелген сынамаларды зерттеу нәтижелері болған;
3) экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқ екені туралы тұжырымы бар, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды болған;
4) осы тармақтың бірінші абзацында көзделген жұмыстардың салдарын жою құнын жабатын қосымша қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда берілуге жатады.
Осы тармаққа сәйкес берілген рұқсатсыз, сол сияқты берілген рұқсаттың талаптарын бұза отырып, пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға тыйым салынады. Көрсетілген тыйым салуды бұзу барлау учаскесін оның мақсаты мен арналымына қайшы пайдалану болып есептеледі және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
33) 197-баптың 5-тармағындағы «саласындағы» деген сөзден кейін «, жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 200-бапта:
1-тармақ 2) тармақшасындағы «бұзылған кезде қайтарып алуға жатады.» деген сөздер «бұзылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағы екінші бөлігінің талаптары бұзылған кезде кері қайтарып алуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар анықталған кезде құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.»;
35) 203-баптың 1-тармағы «лицензия» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 201-бабына сәйкес айрықша құқық тәртібімен берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумақтарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 204-баптың 11-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Берілген өтініш туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берілген күні орналастырылады және мыналарды қамтуға тиіс:»;
37) 205-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады.»;
38) 207-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өтініш берілген күннің алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға не ұйым осы Кодекске сәйкес өткізілген аукционның қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса;»;
1-баптың 39) тармақшасы 2025 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
39) 208-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияда қосымша мынадай шарттар қамтылуға тиіс:
1) елді мекендер жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда орналасқан техногендік минералдық түзілімдерді алу арқылы ғана пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
2) алынған техногендік минералдық түзілімдерді елді мекендер жерлері аумағының және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтардың шегінен тысқары жерге әкету және қайта өңдеу;
3) бұзылған жерлерді рекультивациялау, оларды ластанудан тазарту, түзілімдер алынған жерді қоршаған ландшафтқа сәйкес келтіру арқылы техногендік минералдық түзілімдерді алу салдарын жою;
4) осы Кодекстің 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жасалатын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімнің талаптарын сақтау.»;
40) 218-баптың 4-тармағы «саламаттылығы саласындағы» деген сөздерден кейін «, жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
41) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион негізінде беру
221-1-бап. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін аукцион негізінде беруге арналған аумақтар
1. Кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион негізінде мынадай:
1) кең таралған пайдалы қатты қазбалар мен уранды қоспағанда, пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебіне енгізілген және осы Кодекстің 22-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуден бос пайдалы қатты қазбалардың қорлары және (немесе) ресурстары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіруге;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша анықталған перспективалары бар жер қойнауы учаскелері бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген аумақтарды қоспағанда, жарамсыз, мерзімі ұзартылмаған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған деп танылған пайдалы қатты қазбаларды барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісім-шарттардың аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға жер қойнауы учаскелері беріледі деп белгіленсін.
2. Аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумағы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалуға жатады және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қалыптастырылады.
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукцион негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы екі жүз блоктан аспауға тиіс.
221-2-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион конкурстық комиссияның шешімі негізінде өткізіледі, оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Конкурстық комиссия осы Кодекстің 191 және 208-баптарында көзделген міндеттемелерден басқа, берілетін лицензия бойынша қосымша міндеттемелерді, сондай-ақ лицензияны кері қайтарып алудың немесе қосымша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеудің қосымша негіздерін аукцион шарттарына енгізуге құқылы.
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру тәртібін құзыретті орган айқындайды.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларында белгіленетін өзге де талаптарды орындаудан басқа, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға жұмсалған ең аз шығыстарды жабу үшін жеткілікті кәсіби және қаржылық мүмкіндіктері бар өтініш берушілер лицензия қолданысының бірінші жылы ішінде аукционға қатысуға жіберіледі.
3. Аукцион өткізу туралы хабарландыру оны өткізу күнінен кемінде екі ай бұрын жариялануға тиіс.
Аукцион шарттарында қол қою бонусының бастапқы мөлшері көзделуге тиіс.
Қол қою бонусының ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукционның жеңімпазы болып саналады.
Аукционның қорытындыларына аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
4. Аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлемеуі құзыретті органның аукцион жеңімпазына және жеңімпазды тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғаларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия беруден, сондай-ақ аукцион өткізілген күннен бастап бес жыл ішінде оларды жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарға қатысуға жіберуден бас тартуына алып келеді.
Көрсетілген тұлғаларға осы мерзім ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған кезде оларды ауыстыруға рұқсат беруге тыйым салынады.
221-3-бап. Аукционды өткізілмеді деп танудың тәртібі мен негіздері
1. Егер аукцион өткізілетін күні ешбір өтініш беруші тіркелмесе, аукцион өткізілмеді деп танылады. Бұл жағдайда аукцион өткізілген күннен бастап екі айдан кейін аукцион қайта өткізілуге тиіс.
2. Осы Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион екі рет өткізілмеді деп танылған жағдайда, аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кейін пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруді көздейтін аукцион өткізіледі.
3. Аукцион аумағы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасынан мынадай:
1) барлауға арналған аукцион осы Кодекстің 221-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және осы баптың 2-тармағында көзделген жер қойнауы учаскелері бойынша екі рет өткізілмеді деп танылған;
2) аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру кезінде барлау учаскелерінің аумағына енгізілмеген жағдайларда алып тасталуға жатады.
4. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасынан алып тасталған аукцион аумақтары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекстің 189-1-бабында көзделген тәртіппен беріледі.
221-4-бап. Аукционды жарамсыз деп тану
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Аукционды жарамсыз деп тануға мыналар негіз болып табылады:
1) осы Кодексте белгіленген аукцион өткізу қағидаларын аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен бұзушылық;
2) аукцион қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген тұлғаның құзыретті органға оның мұндай тұлғаны аукционға қатысуға жіберу туралы шешіміне ықпал еткен көрінеу анық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы.
221-5-бап. Аукцион негізінде берілген аумақта жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер
1. Аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген жағдайда, қолданысы тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылатын тұлға жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қолданысы тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою үшін қалыптастырылған тарату қоры және өзге де мүлік бойынша қаражатты немесе құқықтарды пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған тиісті лицензия берілген күннен бастап бір ай ішінде беруге міндетті.
Тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелер осы Кодекске сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жоюды қамтамасыз ету ұсынылғаннан кейін аукцион жеңімпазына толық көлемде ауысады.
Егер барлауға немесе өндіруге арналған лицензия аукцион негізінде берілмесе, қолданысы тоқтатылған келісімшарт немесе лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылатын тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.
2. Осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының және 203-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының ережелері осы бапқа сәйкес аукцион қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды беру кезінде қолданылмайды.»;
42) 226-баптың 5-тармағы «саласындағы» деген сөзден кейін «, жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 232-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кең таралған пайдалы қазбаларды кәсіпкерлік мақсатта ғана өндіру мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтар бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылады.»;
1-баптың 44) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
44) 242-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша осындай өндіріспен тікелей байланысты өндірістік, энергетикалық және (немесе) көліктік инфрақұрылым құруды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «7000000 еселенген» деген сөздер «70 000 000 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 45) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 244-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына» деген сөздер алып тасталсын;
1-баптың 46) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 245-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық преференциялар пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасын іске асырған кезінде беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, берілетін инвестициялық преференциялар бойынша тұрақтылық кепілдіктері қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар көрсетіледі.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру, пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша осындай өндіріспен тікелей байланысты өндірістік, энергетикалық және (немесе) көліктік инфрақұрылым құру жөніндегі;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және (немесе) жаңғырту жөніндегі;»;
4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылатын тұлғаларға» деген сөздер «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 251-баптың 7-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:»;
48) 259-баптың 4-тармағының екінші сөйлеміндегі «уәкілетті мемлекеттік» деген сөздер «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 265-баптың 7-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:»;
1-баптың 50) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
50) 277-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:
«пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған бірлескен барлау мен өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша және (немесе) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушымен жасалуы мүмкін екендігі ескеріле отырып, 32-тарауда;»;
51) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 278-бапта:
3-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «2026» деген цифрлар «2029» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың 7-тармағына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жер қойнауын пайдалану құқығын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын тұлғаға мынадай:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша тиісті құрылыс объектісіне және (немесе) объектіні жаңғыртуға құқықтар ауысқан;
2) осы баптың 7-тармағы төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында және бесінші бөлігінде көзделген міндеттемелер ауысқан жағдайда беруге құқылы.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуын мониторингтеуді көзделген мерзімдерде жүргізеді және мониторингтеу қорытындылары бойынша мәліметтерді құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
Осы тармаққа сәйкес берілген барлауға немесе өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің 200 немесе 221-баптарында көзделген негіздерден басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда кері қайтарып алынуы мүмкін.
7-2. Құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен асатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген, өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уранды немесе көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін алуға құқылы деп белгіленсін.
Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақ қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл бойы іске асыра алады.
Көрсетілген аумақ бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш аукцион өткізілетіні хабарланғанға дейінгі кез келген уақытта берілуі мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілген аумақ бойынша аукцион өткізілмейді.
Осы тармаққа сәйкес берілген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішке осы Кодекстің 187 немесе 204-баптарында көзделген құжаттардан басқа, қосымша түрде мыналар қоса беріледі:
өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген және өтініш иесінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты екенін растайтын шешімі;
өтініш иесінің ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны мәлімделген құнында іске асыру бойынша қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын мынадай құжаттардың кез келгені:
шетелдік банктің, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, Қазақстан Республикасының ұлттық даму институтының және (немесе) Standard and Poor’s шәкілі бойынша «ВВ-»-тан немесе Moody’s, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейден төмен емес шетелдік валютада жыл сайын расталатын ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар ұйымның кепілдігі;
ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға берілетін қарыз нысаналы пайдаланыла отырып, осы бөліктің төртінші абзацында айқындалған кез келген ұйыммен жасалған қарыз шарты;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның негізінде және оны іске асыру үшін берілген жер қойнауын пайдалану құқығы онымен ортақ мақсатпен байланысты және осындай жоба бойынша құрылыс және (немесе) жаңғырту объектісімен қатар жүреді.
Осы тармаққа сәйкес берілген, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның талаптарында осы Кодекстің 191 немесе 208-баптарында көзделген талаптардан басқа, мыналар көзделуге тиіс:
1) міндеттеме ретінде іске асырылуға жататын және қайта бөлудің орташа деңгейінен кем емес тауар өндіруді көздейтін жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаның параметрлерін көрсету;
2) жобаны іске асыру жылдары мен мерзімі бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және лицензия берілген жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 500 000 еселенген мөлшерінен астам соманы құрайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға арналған қосымша жыл сайынғы ең төмен шығыстарды көрсету;
3) өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асырудың аралық және шекті мерзімі;
4) тиісті өңірдің есепті жылдың алдындағы жыл үшін орташа айлық жалақының статистикалық көрсеткішінен жоғары деңгейде орташа айлық жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелер;
5) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі нарығының қажеттіліктерін өнеркәсіптік-инновациялық жоба өнімімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;
6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба шеңберінде барлық өндірілген пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі міндеттемелер;
7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;
8) осы бөліктің 1) - 7) тармақшаларында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, лицензияны кері қайтарып алу бойынша қосымша негіз.
Осы тармаққа сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген шешімі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын тұлғаға мынадай:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жоба бойынша тиісті құрылыс объектісіне және (немесе) объектіні жаңғыртуға құқықтар ауысқан;
2) осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген міндеттемелер ауысқан жағдайда беруге құқылы.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуын мониторингтеуді көзделген мерзімдерде жүргізеді және мониторингтеу қорытындылары бойынша мәліметтерді құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірмей ұсынады.