Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
6. Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне өтініш берушінің хабарламасын енгізуді уәкілетті орган өтініш беруші хабарлама жіберген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей жүргізеді.
Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызметін тоқтатқан кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен қызметін тоқтату туралы хабарламаға өзін оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
Қызметті бастау, қызметті тоқтату, өтініш берушінің деректеріне өзгерістер енгізу туралы хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган әкімші хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен мынадай:
1) хабарлама беру кезінде анық емес мәлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған;
2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келген, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзылған;
3) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай әкімшіні тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың болуы себебінен оның бас тартуын қоспағанда, әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бас тартылған;
4) қайтыс болған;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
6) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған;
7) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепке қойылған;
9) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
10) әкімші осы баптың 3-тармағының негізінде оның оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып тағайындалуына кедергі болған мән-жайлардың болуы туралы хабарламаған, оларды кейіннен оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі барысында уәкілетті орган анықтаған;
11) қызметінің басталғаны туралы хабарламаны беру кезінде өтініш беруші әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін ұсынбаған жағдайларда алып тастайды.
Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган мынадай мерзімдерде:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда, жағдай анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) сотқа - уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні алып тастау туралы;
2) кредиторлар жиналысына - оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы ақпарат жібереді.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған;»;
11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүктелген өкілеттіктерді орындаудан босатылады.»;
«13. Әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберген кезден бастап әрбір үш жыл сайын уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен экономика, қаржы немесе заң салаларында өз біліктілігін арттыруға міндетті.»;
2) 15-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізеді;»;
23-1) тармақша алып тасталсын;
3) 26-баптың 5-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалту жоспарын келісу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.
Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын келісу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімі, талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.»;
4) 48-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 59-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органда тіркелген» деген сөздер «хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламаларының тізіліміне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 69-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті органда тіркелген» деген сөздер «хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган кандидатураны осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізілімінен оңалтуды басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.»;
6) 71-баптың 2-тармағы 13) тармақшасындағы «жүзеге асырылу барысы» деген сөздерден кейін «, борышкердің қаржылық жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 72-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Кредитор талаптар тізілімі жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағымдануға құқылы.»;
8) 73-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспары шараларының іске асырылуы осындай кредитор талаптарының банкроттық рәсімінің қолданылуы жағдайына қарағанда аз мөлшерде қанағаттандырылуына алып келеді деген негіздемені сотқа ұсынса, сот:
1) оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға;
2) борышкерден қосымша мәліметтер және (немесе) осындай кредитор талаптарының банкроттық рәсімінің қолданылуы жағдайына қарағанда аз емес мөлшерде қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін оңалту жоспары шараларын сұратуға құқылы.»;
9) 75-бапта:
2-тармақтың 12) тармақшасындағы «уәкілетті органда тіркелген» деген сөздер «әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.»;
10) 89-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы «банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы» деген сөздерден кейін «, борышкердің қаржылық жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредитор өз талабының мөлшеріне, сондай-ақ жарияланған тізілімге енгізілген басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағымдануға құқылы.»;
12) 93-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «уәкілетті органда тіркелген» деген сөздер «хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде кандидатураны банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқылы адамдардың хабарламалары тізілімінен банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.».
43. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19- II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 12-2-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;»;
«17-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
2) 96-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәландыратын» деген сөздер алып тасталсын.
44. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):
1) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;»;
19) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;»;
23) тармақша алып тасталсын;
2) 17-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;
3) 29-баптың 9-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 73-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
5) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);
5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.
4. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.
5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
6) 78-бап алып тасталсын;
7) 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кустарды өткізуге, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
3) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және оның нәтижелерін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
6) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
7) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
8) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге;
9) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес біліктілік комиссиясын құру бойынша конкурсқа қатысуға құқылы.
2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.»;
8) 81-бап алып тасталсын;
9) 83 және 85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясын уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік құрады.
2. Біліктілік комиссиясын құру үшін кәсіптік бірлестік оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттауды ұйымдастырудың барлық талаптарына сәйкес келетін кәсіптік бірлестікті таңдау үшін уәкілетті орган бес жылда бір рет жариялайтын конкурсқа қатысады.
3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссиясы оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.
6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.»;
«85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылау көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі талаптарды және стандарттарды сақтауына бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізіледі.
4. Сапаны ішкі бақылауды көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
5. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мемлекеттік бақылау қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес шағым жасауға құқылы.»;
11) 86-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.»;
12) 87-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктің шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.»;
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «ақпарат беруге;» деген сөздер «ақпарат беруге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
13) 88-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Техникалық байқаудың диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады.»;
14) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Техникалық қарап-тексеру операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама берген күннен бастап жүзеге асырады.
2. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін техникалық қарап-тексеру операторларына қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу;
2) дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
3) техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда - меншік немесе иелену және пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлкі;
4) сынау жабдығының және өлшем құралдарының болуы.»;
15) 90-бап алып тасталсын.
45. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 1, 2-құжат; №16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақта:
25) тармақшадағы «жарылғыш материалдарды,» деген сөздер алып тасталсын;
26) тармақшаның он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;»;
2-тармақтың 18) тармақшасында «, жарылғыш материалдарды сақтайтын орындарға» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 25) тармақшасында:
жетінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «сақтау,» деген сөз «сатып алу, сақтау,» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, ст.79; № 19-II, ст.103; № 20-IV, ст.113; №21-I, ст.128; №21-III, ст.135; № 22-II, ст.144, 145; № 22-V, ст.156,158; №22-VI, ст.159; № 23-I, ст.169; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды.»;
46-тармақтың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 29-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 33-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: