3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;
8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
10) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келiседi;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды
13-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7), 14-8), 14-9), 14-10), 14-11), 14-12), 14-13), 14-14), 14-15), 14-16), 14-17), 14-18), 14-19), 14-20), 14-21), 14-22), 14-23), 14-24), 14-25), 14-26), 14-27), 14-28) және 14-29) тармақшалармен толықтырылды
14-1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеруді және есепке алуды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-2) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-3) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-4) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-5) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-6) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 14-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-7) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-8) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-9) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-11) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-12) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-13) қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-14) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-15) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-16) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-17) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-18) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-19) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-20) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 14-21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-21) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-22) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14-23) қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-24) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-25) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
14-26) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-27) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-28) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
14-29) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
15) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
16) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;
17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азаматтық қорғау саласында нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) өздерінің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді;
4) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жібереді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
10) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
13) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;
14) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын бақылауды жүзеге асырады;
15) жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
16) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жүйесіне әскери қызметке шақыруды, сондай-ақ азаматтарды жұмылдыру бойынша шақыруды жүргізеді;
3) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану салдарларынан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар:
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, олардың алдын алуды және оларды жоюды қамтамасыз етеді.
3. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктеріне:
1) халық пен ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабар беру;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
3) қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері болған жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау, меншіктерді күзету, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсету;
4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын құру және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
5) аварияларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу;
6) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
7) төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету;
9) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындау және оларды жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстап тұру жөнінде қажетті шаралар қолдану;
10) игеріліп жатқан кен орындары аудандардағы және сейсмикалық қауіпті өңірлердегі бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен орнықтылығын арттыру;
11) құлақтандыру мен хабар берудің техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру;
12) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
13) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету;
14) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту;
15) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру;
16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу;
17) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі салдарларды жою және нұқсанды азайту жөнінде шараларды әзірлеу және қолдану;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық қамтамасыз етуді, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
19) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21) және 22) тармақшалармен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің, траволаторлардың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштердің пайдаланылуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ерікті өрт сөндірушілеріне, құтқарушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне осы Заңның 103-бабының 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес әлеуметтік көмек үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауға;
2) ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, өртке қарсы ерікті құралымдарды жарақтандыруға жәрдем көрсетуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, уәкілетті органға оның ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жәрдем көрсетуге құқылы.
16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Ұйымдардың:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) өздерінің объектілерінде болған авариялардың, оқыс оқиғалар мен өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
5) өздері өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті шарттар негізінде тартуға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар.
2. Ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға;
3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасуға;