75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 76-бап өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері - жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оларды аудиторлық растаусыз тоқсан сайын жариялайды.
Сақтандыру холдингтері - жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда -шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзiмi
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.
Сақтандыру шарттарының тізілімінде және дерекқорда қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бір-біріне сәйкес келуге тиіс.
2. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртібі мен мерзiмiн уәкiлеттi орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ консервациялау сатысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушысының), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14-тараумен толықтырылды
14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ұйым көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізуді осы Заң және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері жөніндегі заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырады.
Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
1-1. - 1-3. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
Басқару жүйесiн пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды дерекқордың орындауын тексерудi уәкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелерi дерекқорды басқару жүйесiн пайдалануға беру актiсiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.
Ұйымның қызметін жүзеге асыруға дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісі мен ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.
Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтылымды қолдануға;
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтылымына жыл сайынғы аудитті жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында санамаланған ақпаратқа «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
5) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру шарттары жөніндегі ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
7) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасасқан электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты көру үшін ұйымның ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұйымның интернет-ресурсында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;
3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;
4) сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін және оларды уәкілетті орган мен өнім берушілердің сұратуы бойынша ұйымның интернет-ресурсы арқылы оларға беру үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру және жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық-ақыларын автоматты түрде есептеу;
6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтау үшін сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды жүргізу;
7) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) өзінің интернет-ресурсында сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.
Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Дерекқор
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.
2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) уәкілетті орган;
4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады.
4. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;
7) сақтандыру омбудсманы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісінің келісімі негізінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.
Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1), 3), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сұрау салуы сақтандыру есебін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Дерекқорға сұрау салуды беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан сұрау салу береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есебін алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген алушыға сақтандыру есебін ұсынуы оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағының 2), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұйымның интернет-ресурсы арқылы сақтандыру есебін алуға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлінісінде) ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде береді.
2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Ұйым:
1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.
Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;
5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;