Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2016.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат):
1) 53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;»;
2) 55-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;
3) 56-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., №23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №18, 366-құжат; 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 782-құжат; 2001 ж., №10, 121-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2003 ж., №15, 131-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 94-құжат; 2009 ж., №23, 111-құжат; 2010 ж., №11, 59-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; 2012 ж., №1, 1-құжат; №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; 2014 ж., №11, 67-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат):
36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.».
3. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №11, 154-құжат; 1999 ж., №8, 239-құжат; №23, 925-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №1-2, 13-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; №24, 157-құжат; 2005 ж., №23, 98-құжат; 2006 ж., №12, 69-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №15, 78-құжат):
12-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға − 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 2,81 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 2,40 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге - 3,44 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екінші топтағы мүгедектерге - 2,65 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшінші топтағы мүгедектерге - 2,01 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.».
4. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., №8, 238-құжат; №23, 925-құжат; 2000 ж., №23, 411-құжат; 2001 ж., №2, 14-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2004 ж., №24, 157-құжат; 2005 ж., №23, 98-құжат; 2006 ж., №12, 69-құжат; 2007 ж., №20, 152-құжат; 2009 ж., №23, 111-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат):
1) 4-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:»;
7), 8) және 8-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектер, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектер;
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтардағы мүгедек балалар;»;
9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
2) 7-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.»;
үшінші бөлікте:
13), 14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
15) Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
16) Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
бірінші және екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға - 0,64 айлық есептік көрсеткіш;»;
17) және 18) тармақшалар алып тасталсын.
5. 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №17-18, 247-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №1, 4-құжат; №23, 117-құжат; 2011 ж., №10, 86-құжат; №16, 128-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №10, 50-құжат):
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ассистент - Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - Халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
1-2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
1-3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген он алты жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі, еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейіндегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі;»;
«5-1) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);»;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;
10) шартты ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.»;
2) 2-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балаларды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыларға;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
4. Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.
Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;
2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;
3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;
4) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.»;
3) 3-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша - Орталыққа, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы тоқсан сайын орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды ұсынумен расталады.»;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасы құрамына:
1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
2) мерзімді әскери қызметте жүрген адамдар;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді.
2. Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растама береді.
Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, уәкілетті органға береді.
3. Орталық:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді.
4. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау процесінде онымен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар:
1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық;
3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.
5. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды Орталық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың міндеттеріне:
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;
шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау;
жасалған әлеуметтік келісімшарттардың іске асырылу барысына мониторинг кіреді.
6. Орталық учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.
7. Орталық әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы - өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
9. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
11. Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.
Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) он сегіз жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына бір ай бойына елу пайызға қысқартылады, міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда, кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындардан басқа, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады.