Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналар тартады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және өз капиталы жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы, бұл қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген мiндеттi және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және есепке алуға міндетті.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін негізге ала отырып есептейді.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
2. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын қолданады.
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.
Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейінгі кезеңде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы не Қор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді.
4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды, бүлінген мүлікті бағалау жүргізуге арналған шығыстарды қоса алғанда, жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жетi айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Кепілдік төлемінің, оның ішінде сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық төлемі және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған өзге де шығыстар кепілдік төлемімен жабылмайды.
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген көшірмені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерінің жүзеге асырылуы туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдіктер берілетін аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.
2. Кредиторлардың:
1) осы Заңның 7-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде қолданыста болатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;
2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
3. Қор уақытша әкімшіліктен аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің үзіліссіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырады.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.
4. Қор осы Заңның 7-бабының 2-2-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.
5. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиторларға кепілдік төлемді Қор тікелей осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде кредитордың банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
6. Таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап Қорға жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде сақтандыру шарты бойынша кредитордың талап ету құқығы ауысады.
Кредитордың ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талапты Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына қояды.
7. Қор уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторларға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру күні туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және Қордың интернет-ресурсында жариялайды.
16-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
Қор кепілдіктері:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кредитордың осы Заңның 15-бабында белгіленген өтініш жасау мерзімдері өткен (сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдер үшін);
3) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған;
4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеген жағдайларда тоқтатылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге
жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы
1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды өтеу бойынша төлем) төлейді.
Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.
Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.
4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға) көшеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға өтініш бередi.
2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжат;
2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжат;
6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
7) жеке куәліктің көшірмесі.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерлерде (айлық есептік көрсеткіштермен) жүзеге асырылады:
1) өміріне зиян келтірілген кезде - 1000;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде - 500;
3) жерлеуге жұмсалған шығыстар - 100.
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдер тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;
2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;
3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртібі, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.