Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы
(2018.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереже бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, № 17, 137-құжат);
2) «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3012 өкімі;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2002 жылғы тамыздың 5-і.
№ 917
ҚР Президентінің 2005.04.05. № 1570 Жарлығымен (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2009.22.01. № 729 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 1024 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2011.24.08. № 141 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.08.04. № 294 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2013.04.02. № 495 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2016.11.01. № 169 Жарлығымен (бұр. ред. қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 5 тамыздағы
№ 917 Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Есеп комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Есеп комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің туы, логотипі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.
4. Есеп комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Есеп комитетінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Есеп комитеті өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер мұндай шешімді қабылдау осы Ережемен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Есеп комитеті Төрағасының құзыретіне жатқызылған болса, Есеп комитеті Төрағасының қаулылары, нормативтік қаулылары немесе бұйрықтары түрінде шешім қабылдайды.
7. Есеп комитетінің құрылымын Есеп комитетінің Төрағасы, мүшелері және аппараты құрайды. Есеп комитетінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
ҚР Президентінің 2017.14.03. № 446 Жарлығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Есеп комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Есеп комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Есеп комитетінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Есеп комитетіне кәсіпкерлік субъектілерімен Есеп комитетінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Есеп комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Есеп комитетінің миссиясы Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржы тәртібін нығайту, мемлекет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
14. Есеп комитетінің міндеттері - халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру.
ҚР Президентінің 2018.04.07. № 714 Жарлығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Есеп комитетінің функциялары:
1) мыналарға:
өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектілері) қызметінің;
республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың;
мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын іске асырудың;
квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;
байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
салықтық және кедендік әкімшілендірудің;
шарттардың;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудит жүргізу;
2) мыналарға:
республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне;
мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана пайдалануға;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізу;
15-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
4) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізу;
5) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау қағидаларын әзірлеу;
6) мыналарды:
сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, оның ішінде онда мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың, Есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі - тексеру комиссияларының) тиісті құжаттарда қолданылатын логотиптерінің нысандары қамтылады;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын;
мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін;
тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені;
сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын;
сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту қағидаларын;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын;
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережені;
салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне белгіленетін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын;
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларын;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;
7-1) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қабылдайтын құқықтық актілерді келісу;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын келісу;
15-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау;
10) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
11) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
12) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу және келісу;
14) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізу, әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асыру;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіру;
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
17) аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
18) тексеру комссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізу;
19) республикалық бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру;
20) шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорыту;
21) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсету;
22) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу;
23) жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын талдау, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорыту және зерттеу;
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды әкімшілендіру;
25) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру;
26) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін және оларға өзгерістерді келісу;
27) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
28) алдын ала, ағымдағы және кейінгі бағалау түрінде сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру.
ҚР Президентінің 2018.04.07. № 714 Жарлығымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Есеп комитетінің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де жекелеген тапсырмаларын орындайды;
2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне Есеп комитетінің жұмысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы жыл сайынғы ақпарат, Қазақстан Республикасының Парламентіне өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есеп ұсынады;
3) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысады, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;
4) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
5) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды әрі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
7) бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы және мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады;
8) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;
9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырады;
10) берілген өкілеттіктер шегінде экономикалық қауіпсіздіктің тәуекелдерін талдау және анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
11) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға (босатуға) ұсыныс енгізеді;
13) өздері қабылдаған актілердің мерзімдік жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады;
14) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалауды жүзеге асырады;
15) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;
16) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғайды;
17) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға береді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді және нұсқамаларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талап қоюды береді;
19) мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
20) басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, бірлескен, қатар тексерулер және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге қатысады, көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді;
21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа талап арызбен және арызбен жүгінеді, сондай-ақ сот процестеріне қатысады;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады;
23) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастырады.
3. Есеп комитетінің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері
17. Есеп комитетіне басшылықты Есеп комитетінің Төрағасы жүзеге асырады, ол Есеп комитетіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға, оның ішінде Есеп комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауда дербес жауапты болады.
18. Есеп комитетінің Төрағасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
19. Есеп комитеті Төрағасының өкілеттіктері:
1) Есеп комитетінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, соның ішінде сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша бекітеді;
2) Есеп комитеті мүшелерінің өкілеттіктерін айқындайды, Есеп комитетінің лауазымды адамдарының арасында міндеттерді бөледі, Есеп комитеті мүшелерінің және оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, олардың орындалуын тексереді, Есеп комитетінің отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актілерге қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының қарауына Есеп комитеті мүшелерінің кандидатуралары бойынша оларды қызметке тағайындау кезінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Есеп комитетінің жалпы штат саны және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Есеп комитеті аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
6) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін бекітеді;
7) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит жоспарларын бекітеді;