6. Орталық учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.
7. Орталық әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіден қабылданған құжаттарды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.
8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Орталық немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы - өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
9. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімдеуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
11. Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.
Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды қоспағанда, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) он сегіз жастан асқан отбасы мүшелерінің барлығына бір ай бойына елу пайызға қысқартылады, міндеттемелердің орындалмағаны қайтадан анықталған жағдайда, кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындардан басқа, олар оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады.
13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, Орталықтың әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
14. Уәкілетті органның және Орталықтың лауазымды адамдары атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығы және оны төлеуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15. Уәкілетті орган және Орталық халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы хабарлап отыруға міндетті.»;
5) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Учаскелік комиссиялар Орталықтан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны Орталыққа немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.».
7. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №12, 44-құжат; 2007 ж., №24, 178-құжат; 2009 ж., №23, 111-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге және көп балалы анаға берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;»;
3), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «отбасы атынан» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы;»;
2-тармақ алып тасталсын;
4) 5-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш бала туғанда берілетін жәрдемақыға, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыға, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға, көп балалы анаға берілетін жәрдемақыға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Ата-анасының бірі, көп балалы аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны, көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, көп балалы аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде өтініш берушінің тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының тағайындалған күні болып есептеледі.»;
5) 6-бапта:
1-2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган өтініш берушіге қабылданған шешім туралы, тағайындау немесе бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу арқылы бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны
тағайындау және төлеу
1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және барлық қажетті құжаттарымен бірге жүгінген күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.
3. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны төлеу:
1) жәрдемақы алушы бюджет қаражаты есебінен медициналық-әлеуметтік мекемеге стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруға орналастырылған жағдайда;
2) жәрдемақы алушы бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеген уақытқа тоқтатыла тұрады.»;
7) 10-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы - 6,40 айлық есептік көрсеткіш;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, көп балалы анаға берілетін жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, жәрдемақылар мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қайта қаралады, бірақ олардың тағайындалу сәтінен ерте қайта қаралмайды.»;
8) 11-баптың 3-тармағындағы «2), 3), 4)» деген цифрлар «2) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат):
98-баптың 14) тармақшасындағы «зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «зейнетақы жинақтарынан;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;
16) атаулы әлеуметтік көмектен өндіріп алуға болмайды.».
9-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., №15, 78-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағында:
2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;»;
44) тармақшада:
алтыншы және сегізінші абзацтардағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
тоғызыншы абзацтағы «2017 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздер «2018 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
екінші абзацтағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) 3-баптың 1) тармақшасындағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 28-і.
№ 369-V