9. Комиссияның осы Кодекстiң 469-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағы Комисиясының «Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібінің 24-тармағының ережелері қолданылады.
10. Кеден одағы Комиссиясының «Арнайы кедендік рәсім және осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы Шешімінде және Кеден одағы Комиссиясының «Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктерді, кедендік баждардан, салықтардан толық босатуды қолдану, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы» 2010 жылғы 16 шілдедегі шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлардың санаттарына қатысты Комиссияның осы Кодекстің 337-бабына сәйкес осындай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын және тауарлардың мұндай санаттарына қатысты оны қолдану тәртібін реттейтін шешімдері күшіне енгенге дейін осындай тауарларға арнайы кедендік рәсім Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына сәйкес Комиссияның тауарлардың санаттарын айқындаған, көрсетілген шешімдерінде айқындалған шарттарда қолданылады.
546-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну туралы өтпелі ережелер
1. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес көзделген шешімдері күшіне енгенге дейін алдын ала ақпарат кеден органдарына 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімге сәйкес қабылданған Комиссия актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес қабылданған және алдын ала ақпараттың құрамын, мұндай ақпараттың құрылымы мен форматын, оны ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін, көліктің бір түрімен тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылатын алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды айқындайтын шешімдерінің күшіне енуіне қарай алдын ала ақпарат осындай шешімдерге сәйкес ұсынылады.
3. Кедендік декларациялануы осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 31-бабы 17-тармағының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 31-бабының 17-тармағында көрсетілген актісі күшіне енгенге дейін қолданылады.
547-бап. Әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын қолдану туралы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекстің 55, 56, 57, 58-баптарының, 63-бабы 6-тармағының, 79-бабы 7-тармағының, 180-бабы 7 мен 10-тармақтарының және 397-бабының ережелері Одақ туралы шарттың 102-бабының 1, 3 - 5-тармақтары ескеріле отырып қолданылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 79-бабының 7-тармағында көрсетілген, тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін тарифтік преференциялар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін тауарлардың шығарылған жері расталған және тарифтік преференциялар берудің өзге де шарттары сақталған кезде қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
548-бап. Осы Кодекстiң 65-бабына өтпелі ережелер
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстiң 65-бабы 19-тармағының ережелері 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
549-бап. Осы Кодекстiң 78-бабына өтпелі ережелер
Алдағы кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген ақшаны аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлігінде осы Кодекстің 78-бабы 1-тармағының ережелері кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдерді есепке жатқызу мүмкіндігі бөлігінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді көздейтін халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.
550-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 89-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:
1) кеден органы төлеушіге кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;
2) төлеуші кеден органдарынан кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, өсімпұлдарды, пайыздарды, аванстық төлемдерді, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасын есепке жатқызуды жүргізуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
3) төлеуші кеден органдарынан кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны қайтаруды және (немесе) алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебінде бюджетке аударуды талап етуге құқылы;
4) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеуге міндетті;
5) төлеуші Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жасауға құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың ескіру мерзімі болып табылады.
2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау мен тауарлар шығару аяқталған күннен бастап;
2) кедендік баждарды, салықтарды ақшамен, оның ішінде аванстық төлемдер есебінен төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кеден органында тіркелген күннен бастап;
3) кеден органы осы Кодексте көзделген алдын ала шешімдерді қабылдаған күннен бастап;
4) кеден органы кедендік қолдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды.
3. Таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда:
1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін - талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.
2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда - талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.».
551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 143-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі
1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:
1) кеден органы төлеушіге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;
2) төлеуші кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуды жүргізуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
3) төлеуші кеден органдарынан кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны қайтаруды және (немесе) алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебінде бюджетке аударуды талап етуге құқылы;
4) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеуге міндетті;
5) төлеуші Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жасауға құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың ескіру мерзімі болып табылады.
2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау мен тауарлар шығару аяқталған күннен бастап;
2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын ақшамен, оның ішінде аванстық төлемдер есебінен төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кеден органында тіркелген күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды.
3. Таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда:
1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін - талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.
2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда - талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.».
552-бап. Осы Кодекстiң 92-бабына өтпелі ережелер
1. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу белгіленуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін:
1) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын қолдану мақсатында ауыл шаруашылығы техникасына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51 және 8433 59 субпозицияларында сыныпталатын ауыл шаруашылығы техникасы жатады;
2) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабының 3-тармағында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімнің 6-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген негіз болған кезде және көрсетілген тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Көрсетілген негіз бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы Кодекстiң 9-тарауына сәйкес беріледі.
553-бап. Кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында кез келген кеден органына тауарларға арналған декларацияны беруге рұқсат ететін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі тауарларға арналған декларация:
1) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
2) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацында не осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
3) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар және осындай тұлға тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.
2. Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы төртінші абзацының ережелерін қолдану мақсатында тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әртүрлі мемлекеттің тұлғалары арасында жасалған, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміле шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты болуы мүмкін.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге уақытша сақтаудағы тауарлардың уақытша сақтау мерзімі осы Кодекстің 172-бабына сәйкес есептеледi.
4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік декларациясын тіркеген тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны тіркеген күнге Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
5. Тауарлар шығарылымын тоқтатуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті органның айқындауы бөлігінде осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігі Комиссияның осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігінде көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
6. Осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
7. Осы кодекстің 196-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 196-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабына сәйкес шығарылған тауарларды кедендік декларациялау және осындай шығаруға байланысты туындаған декларанттың өзге де міндеттері осындай тауарларды шығару күніне Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады және мерзімінде орындауға жатады.
9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік декларациялау «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 292, 293, 294 және 295-баптарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылған тауарларға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін оларды шығаруға, кедендік рәсімдермен орналастыруға және (немесе) кедендік рәсімдердің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау Кеден одағының кеден заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
554-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өтпелі ережелер
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге Кеден одағы Кеден кодексінің 211-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген және еркін айналым үшін тауарларды шығарудың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік режимдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында еркін айналым үшін тауарлар шығарылған күннен бастап есептелген мерзімі өткен және Кеден одағы Кеден кодексінің 211-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, 2010 жылғы 1 шілдеге дейін осындай тауарларды шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті 2015 жылғы 2 шілдеде тоқтатылған.
555-бап. Қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу туралы өтпелi ережелер
Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар орналастыруды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің кеден органы жүзеге асырса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету межелі кеден органы бар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына берілсе, осы Кодекстің 227-бабы 2-тармағының ережелерiне қарамастан, қамтамасыз ету сертификаты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
556-бап. Кедендік рәсімдерді қолдану туралы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге қолданылуы аяқталмаған кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодексте көзделген осындай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттары сақталуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты туындаған, орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін басталмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, мерзімдерде және мөлшерлерде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.
3. Осы баптың ережелері:
1) Кеден одағы Кеден кодексінің 370-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған деп танылған тауарларға;
2) 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімнің 19-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептелетін тауарларға;
3) 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 23-бабының 1-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептелетін тауарларға қатысты да қолданылады.
557-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін қолдану туралы өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық немесе ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодекстің тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеместен немесе ішінара төлеп, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін реттейтін ережелері қолданылады.
2. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмауына байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге толық мөлшерде орындалмаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген күн аралығындағы кезең үшін, егер осындай тауарларға қатысты Кеден одағы Кеден кодексінің 282-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара босату қолданылғанда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде, бірақ егер уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төлеуге жататын, тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспайтын мөлшерде орындауға жатады.
Осы тармақтың ережелері уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға қатысты қолданылады.
558-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Комиссияның осы Кодекстiң 290-бабының 4-тармағында көзделген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып дайындалған (алынған) тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шығарылған жері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 288-бабы 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде осы Кодекстiң 288-бабының 10-тармағы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құрылғанға дейін оның аумағындағы шетелдік тауарлар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 291-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында және 281-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік декларациялауға жатады және кеден органдары мұндай тауарлар АЭА-ның аумағына кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы алдын ала кедендік операцияларды жүргізбей кедендік декларация беру күні әкелінгендей етіп қарайды.