2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сақтандырылушының залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;
2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша іс жүзінде шеккен шығыстар негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру төлемі туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды сақтандырушыға толық көлемде ұсынбауы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:
1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан;
2) сақтандырылушының мынадай:
емдеуші дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды тұтыну;
құқық қорғау органы және (немесе) сот анықтаған, есірткі, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі түрде тұтыну не олардың күштеп енгізілу жағдайларын қоспағанда, алкогольдік, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің ауыр дәрежесінде болуы салдарынан басталған оқиға;
3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш жасауға байланысты алған емдеуші дәрігердің нұсқамаларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайларда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не
туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысы бар құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
6-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Дауларды қарау тәртібі
Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен қосымшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Туристі міндетті сақтандыру
туралы» 2003 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына
қосымша
ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
р/с | Сақтандыру жағдайы ретінде танылатын оқиғалар және өтеуге жататын шығыс түрлері | Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (АҚШ долларымен/еуромен) |
1-бағдарлама | 2-бағдарлама | 3-бағдарлама |
1. | Жазатайым оқиға: | | | |
1.1 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар; медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасу бойынша шығыстар; мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
1.2 | жазатайым оқиға салдарынан болған жарақат алу нәтижесінде стоматологиялық қарап-тексеруге, рентгендік зерттеуге, тістерді жұлуға немесе пломбалауға жұмсалатын шығыстар; | 100 | 300 | 300 |
1.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.5 | сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін оның қонақүйде тұруына (бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар; шетелде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар. | 800 | 1 000 | 1 200 |
2. | Денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы: | | | |
2.1 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар; медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасуға жұмсалатын шығыстар; мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
2.2 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, жүктілік кезінде асқыну болған жағдайда сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасуға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; | 300 | 500 | 600 |
2.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.5 | сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін қонақүйде тұруына, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын күнге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар; шетелде болу мерзімінің пайдала-нылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар. | 800 | 1 000 | 1 200 |