4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты тиісті әкімдіктер әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді;
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі тиісті әкімдіктердің комиссияларының қызметін бақылайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өңірлерді дамыту жоспарларындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
3) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
5) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
7) он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
8) кәмелетке толмағандар, оның ішінде бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, арнаулы білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
9) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
10) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
11) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
12) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
13) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындайды;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
1) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізеді, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларды құрады;
8) ресми алдын ала ескерту шығарады;
9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
11) қызметі құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
14) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашады;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті
1. Отбасын қолдау орталықтары жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандарда және қалаларда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылады және (немесе) ұйымдастырылады.
2. Отбасын қолдау орталықтары:
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыруды;
2) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсетуді;
5) мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;
6) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасауды;
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерін мониторингтеу мен талдауды;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
9) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен қылмыс фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар беруді;
10) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді есепке алуды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асырады.
11-бап. Мобильді топтардың құзыреті
Мобильді топтар:
1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылық фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар береді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және құқық бұзушылық профилактикасының өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
Прокуратура органдары:
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнаулы есепке алуды жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды іске асырады;
2) құқық бұзушылық профилактикасы саласында халықпен профилактикалық, ақпараттық-құқықтық жұмыс жүргізеді;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтайды, профилактикалық есепке алуды жүргізеді және оларға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
4) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту үшін олар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға хабар береді;
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кәмелетке толмаған адамдарға қатысты анықталған құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабардар етеді;
6) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі барысында ұстап алынған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
7) жәбірленушінің пікірін ескере отырып, оны көмек көрсету жөніндегі ұйымға немесе денсаулық сақтау ұйымына жібереді;
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;
11) күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан әсер етуді жүзеге асырады;
14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды жүзеге асырады;
15) ресми алдын ала ескерту шығарады;
16) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ғылыми және оқу басылымдарын құзыреті шегінде әзірлейді және басып шығарады;
17) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауы және олардың құқық бұзушылық фактілеріне ден қоюы қағидаларын әзірлеуге қатысады;
18) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
19) егер құқық бұзушының болуы жәбірленуші мен оның кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, оның тұрғынжайларға, жергілікті жердің белгілі бір учаскелеріне кіруін немесе онда болуын шектейді, оған уақытша тыйым салады;
20) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
21) қорғау нұсқамасын шығарады;
22) сот алдында құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы өтінішхат береді;
23) сот мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген адамдарды психологиялық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
24) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
25) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және үйлестіреді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
4) әдіснамалық қолдау шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіреді, квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын және ақпарат алмасуды жүргізеді;
5) сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін сыртқы талдаудың нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жүргізеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды жүргізеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Әділет органдарының құзыреті
Әділет органдары:
1) мемлекеттік органдардың құқықтық насихат жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалардың қабылдануының алдын алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті
Экономикалық тергеп-тексеру қызметі:
1) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
2) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтері мен цифрлық жүйелерін пайдалана отырып анықтайды, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізеді;
3) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықты ерте анықтау және оның профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;
4) орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылыққа байланысты қабылданатын алдын алу шаралары (масс-медиада, әлеуметтік желілерде, азаматтар көп жиналатын орындарда және басқа да ақпарат көздерінде) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қаржы мониторингі субъектілерімен, салалық қауымдастықтармен және қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және волонтерлік қозғалыстармен, азаматтық қоғаммен және инфлюенсерлермен өзара іс-қимыл жасайды;
6) ведомстволық профилактикалық есепке алуды жүргізеді және экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жариялайды;
7) құзыреті шегінде профилактикалық әңгімелесу, ресми алдын ала ескерту нысанында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы және жеке шараларды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтардың құқықтық даярлығын ұйымдастырады;
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін әзірлейді және бекітеді;
11) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
12) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық іс-шараларды жүргізеді;
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қауіп-қатерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көлеңкелі экономикаға неғұрлым бейім салалар мен сондай аяларда стратегиялық талдауды жүзеге асырады;
14) экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізеді;
15) құзыреті шегінде құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша, оның ішінде бұғаттау жөнінде шаралар қабылдай отырып, Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді;
16) заманауи цифрлық технологиялар мен құралдарды пайдаланады, жедел ден қою, экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық туралы деректерді жинау және талдау, сондай-ақ оларды жасау қауіп-қатерін болжау, құқық бұзушылық профилактикасы үшін таралу ошақтарын және нысаналы аудиториясын анықтау үшін оларды интеграциялауды жүргізеді;
17) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша үздік практикаларды зерделеу және ендіру және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық салалық ұйымдарға, комитеттерге және жұмыс топтарына қатысады;
18) құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдай отырып, әлеуметтік бағдарланған жобаларды іске асырады;
19) мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуын анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттің негізсіз шығыстарын қысқарту, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды қаржыландыруды қайта қарау, нәтижесіз делдалдарды, алыпсатарлық схемаларды болдырмау және нарықтарды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
20) жұртшылықпен экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасының өзекті мәселелерін талқылау және осы салада жаңа бастамаларды әзірлеу үшін ашық диалог алаңдарын ұйымдастырады;
21) құзыреті шегінде халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға қатысады;
22) құзыреті шегінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қаржылық және құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар үшін экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
23) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша оқу курстарын, лекцияларды, семинарларды ұйымдастырады;
24) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындауды, бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруды жүзеге асырады;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Әскери басқару органдарының құзыреті
1. Әскери басқару органдары:
1) әскерлерде тәрбиелік, идеологиялық, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен насихат жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуді жүргізеді;
2) құқық бұзушылықтың алдын алу, әскери тәртіпті және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) әскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
4) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілерді анықтайды және құзыреті шеңберінде ден қою үшін әскери полиция органдарына және (немесе) әскери-тергеу органдарына хабар береді;
5) әскери бөлімдердің (мекемелердің) аумағында және (немесе) қызмет өткеру орны бойынша құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілердің мінез-құлқын, оның ішінде әскери полиция органдары мен құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша бақылауды жүзеге асырады;
6) құзыреті шегінде құқықтық тәртіптің жай-күйіне және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жүргізілетін жұмыстарға жауап береді;
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен, мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасайды;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүргізу әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарда қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті
Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдары:
1) әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
2) әскери қызметшілерге қатысты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағдарланған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу нысанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шараларды қабылдайды;
3) құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілермен профилактикалық әңгімелесу нысанында құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды және әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының алдында олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға жазбаша бастама жасайды;