1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.
2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік шекара:
1) құрлықта - жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
2) Каспий теңiзінде - Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiзiнiң) сыртқы шегі бойынша;
3) Арал теңізінде - Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша;
4) кеме жүзетін өзендерде - өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда - олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде және өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген су айдындарын қоспағанда) - Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашықтықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады.
Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi;
5) су тораптарының су қоймаларында және өзге де жасанды су айдындарында - су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сәйкес;
6) өзендер, жылғалар, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда және өзге де құрылыстарда - Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады.
10-бап. Мемлекеттік шекараны белгілеу
1. Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сәйкес айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен белгіленеді.
2. Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11-бап. Мемлекеттік шекараны жайластыру
1. Мемлекеттік шекараны жайластыру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы оның учаскелерін санаттарға бөлуді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА РЕЖИМІ
12-бап. Мемлекеттік шекара режимі
1. Осы Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.
2. Мемлекеттік шекара режимі:
1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;
2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;
3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;
6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.
13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау
1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету мен ұстап тұруға бағытталған.
2. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Мемлекеттік шекараны белгілеу шебін жабдықтау мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (шекаралық белгілерді орнату, сақтау және дұрыс күйінде ұстап тұру, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру, шекаралық соқпақтар мен жолдарды жабдықтау), сондай-ақ Мемлекеттік шекараның өтуіне шектес мемлекетпен бірлескен тексерулер жүргізу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекараның шегендеу үдерісі аяқталмаған учаскелерінде шекаралық белгілерді сақтау, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту:
1) құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында - халықаралық теміржол, автомобиль, өзен және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында;
2) әуе кеңістігінде - Мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері бойынша;
3) теңізде - халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде шектес мемлекеттің шекаралық органымен келісілген өзге де тәртіппен Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шекарасын қоспағанда) кесіп өту құқығы беріледі.
3. Шектес мемлекетпен халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі, сондай-ақ оның аумағында адамдардың болу тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Адамның теміржол көлігі құралымен:
Қазақстан Республикасының аумағынан шет мемлекеттің аумағы арқылы Қазақстан Республикасы аумағының екінші бөлігіне транзитпен;
шет мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы осы шет мемлекет аумағының екінші бөлігіне транзитпен жүріп өту кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу болып табылмайды.
Көрсетілген жағдайларда шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен жүріп өту кезінде жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйым сақталған кезде жүргізілмейді.
Теміржол көлігі құралдарының аялдамай жүруін қамтамасыз ету, жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйымның сақталуын бақылау көлік ұйымының (жолаушыларды, жүктер мен тауарларды тасымалдаушының) міндеттері болып табылады.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда авариялық-құтқару құралымдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.
5. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының учаскелерін белгілеу мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар арқылы жүру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға дейін немесе кері бағытта жүрген кезде:
1) белгіленген қозғалыс маршрутын өзгертуге;
2) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің жазбаша өтініші бойынша Мемлекеттік шекараны оның жекелеген учаскелері арқылы кесіп өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік шекараны кесіп өтуді уақытша шектеу немесе тоқтату туралы хабарламаны мүдделі мемлекеттерге осындай шешім қабылданған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде дипломатиялық арналар арқылы жібереді.
15-бап. Теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.
2. Шетелдік суасты кемелері (құралдары) аумақтық суларда (теңізде) Мемлекеттік шекараны су үстімен және туын көтеріп кесіп өтеді және жүзеді.
3. Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің порттарына кірмей, Мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында кеменің жүзуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекетпен жасалған халықаралық шартпен реттеледі.
4. Қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелер, шетелдік әскери корабльдер, мұз үстімен жылжитын құралдар Мемлекеттік шекараны кесіп өткен және Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіріп немесе кірмей, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда жүзген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарынан (рейдінен) Мемлекеттік шекараға қарай жүзген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің талап етуі бойынша:
1) егер өз туы көтерілмеген болса, оны көрсетуге;
2) егер ол жүзу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына бағыт алса не жүзу режимін басқа да бұзушылыққа әкеп соғатын болса, бағытын өзгертуге;
3) аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға кіру мақсаты, қозғалыс схемасынан ауытқу себептері туралы хабарлауға;
4) тексеру (кеме жайларын қарап тексеру) үшін тоқтауға және қарап тексеру тобын қабылдауға, кеме және навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге немесе тауарларға құжаттарды ұсынуға;
5) бағытты өзгертіп, Қазақстан Республикасының портына немесе өзге де көрсетілген пунктке баруға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Осы баптың 4-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері шетелдік әскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын шетелдік мемлекеттік кемелерге қолданылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
1) өткізу пункттері ашылмаған Қазақстан Республикасының порттарына (рейдтеріне) кіруге;
2) қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғының немесе құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына, егер осындай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда хабарланса, кіруге;
3) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын әуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті уәкілетті органның рұқсатынсыз не осындай рұқсаттың шарттарын бұза отырып жүргізуге тыйым салынады.
6. Шетелдік әскери корабльдер және коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланылатын басқа да шетелдік мемлекеттік кемелер болжамдалған кіру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей дипломатиялық арналар арқылы сұрау салынатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің алдын ала рұқсаты бойынша аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға кіру үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өтеді.
16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында
Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті шетелдік кемелерге кәсіпшілік өнімдерін ауыстырып тиемей жүзеге асыратын қазақстандық кемелер, сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық және өзге де өнімдерді өткізу немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметін жүргізген жағдайда, өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсаты негізінде кеменің тұрған жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде шекаралық, кедендік бақылаудан және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерге:
1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізге), ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған немесе кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, шетелдік кемелердегі, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелердегі адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
3. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру тәртібін, осындай рұқсат қолданысының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің
Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өту құқығы
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында, сондай-ақ теңіз объектілерін, жүзбелі бұрғылау қондырғыларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттеріне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға келе отырып, Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған жобаларды іске асыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге беріледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен бөлікпен толықтырылды (2019 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қазақстандық және шетелдік кемелер өздігінен жүзетін кемеде кеменің тұрған жері туралы ақпаратты автоматты түрде тұрақты беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық және өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге:
1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге;
2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды шетелдік және қазақстандық кемелерден түсіруге (оларға отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (оларға тиеуге) тыйым салынады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсатты қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пункттеріне дейін және кері қарай ұшатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде әуе кемелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органның мынадай талаптарын орындауға:
1) егер ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытты өзгертуге;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы хабарлауға;
3) көрсетілген жерге келіп қонуды жүзеге асыруға міндетті.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде, дүлей зiлзаланы, апатты, аварияны, авариялық жағдайды және адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, әуе кемелеріне:
1) ұшу жоспарында көрсетілмеген, халықаралық болып табылмайтын әуежайларға немесе әуеайлақтарға, сондай-ақ әуежайлардан және әуеайлақтардан тыс жерлерге қонуға (ұшып көтерілуге);
2) белгіленген (ұсынылған) дәліздерден және ұшу маршруттарынан ауытқуға, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған, ұшуға тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге;
3) адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдайларына қолданылмайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ерекше жағдайларда техникалық, мәжбүрлі түрде қонуларды және гуманитарлық рейстерді, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің қонуы мен ұшып шығуы халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар берген уақытша рұқсат болған кезде орындалады.
2016.25.04. № 505-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, көрсетілген жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралықжәне өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттілігінен не басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып кіруге, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды тиеуге (түсіруге) тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы мен құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, қалқымалы қонақүйлер арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан жүргізілуі мүмкін.
18-бап. Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту
1. Мынадай төтенше жағдайларға:
1) дүлей зілзалаларға, апаттарға, аварияларға, авариялық жағдайға және адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларға;
2) қазақстандық немесе шетелдік бүлінген кемені, шетелдік әскери корабльді, мұз үстімен жылжитын құралдарды тіркеп сүйретуге;
3) құтқарылған адамдарды жеткізуге;
4) қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың экипаж мүшелеріне немесе жолаушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту (белгіленген орындардан, теңіз немесе әуе дәліздерінен тыс) оны кесіп өту тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың капитаны (кеме жүргізушісі), әуе кемесінің командирі Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда: