белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТIҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
175-бап. Мемлекетке опасыздық жасау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстiң 176 және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi түрде және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiрудi болдырмауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
176-бап. Тыңшылық
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер бұл іс-әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 177-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
177-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің - Елбасының өмiрiне қолсұғушылық
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің -
Елбасының өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 178-бап өзгертілді
178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату -
бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым өкілдерінің Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы -
үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Сепаратистік әрекет
1. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату -
бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу не мемлекетті ыдырату мақсатында жасалған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
181-бап. Қарулы бүлiк
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе өзгерту не оның біртұтастығы мен тұтастығын, сондай-ақ оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қарулы бүлікке қатысу -
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу -
мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 183-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру
Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-топтық айрықшалықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 184-бап өзгертілді
184-бап. Диверсия
Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету
1. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынған, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату, мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгiлерi болмаған кезде -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған немесе мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық жасау белгiлерi болмаған кезде -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу салдары болып табылса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
2. Ірi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6-тарау. МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, -
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
188-бап. Ұрлық
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда
3. Мынадай:
1) ірi мөлшерде;
2) бірнеше рет:
3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) мұнай-газ құбырынан;
3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 188-1-баппен толықтырылды
188-1-бап. Мал ұрлау
1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі:
ірі қара мал;
жылқылар мен есектер;
түйелер;
ұсақ мал;
шошқалар.
189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет -
мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) iрi мөлшерде жасалса;
2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, -
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3) тармақпен толықтырылды
3) бірнеше рет жасалса -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
190-бап. Алаяқтық
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену -
мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;
5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық -
мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Мынадай:
1) ірі мөлшерде;
2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) бірнеше рет жасалған алаяқтық -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
191-бап. Тонау
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру -