8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
3. Педагог жұмыскер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.»;
45) 52-бапта:
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:
1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:
күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);
кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;
сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;
2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
3) докторанттар және оқытушылар - 3:1;
4) резиденттер мен оқытушылар 2,5:1;
5) тыңдаушылар 6:1.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормалар әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;
46) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздер «орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 55-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау, жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру мамандықтарын қоспағанда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында:
1) бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
2) негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
3) жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
4) жоғары білім беруде - оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.»;
6-тармақтағы «негізгі орта, жалпы орта» деген сөздер «орта» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді;
2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;
3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.»;
48) 56-бапта:
1-тармақ 3) тармақшадағы «деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыда міндетті стандарттары белгіленеді.» деген сөздер «деңгейіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.»;
2-тармақтағы «меншік нысандарына,» деген сөздер алып тасталсын;
49) 57-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау»;
2-тармақта:
бірінші және екінші бөліктерде:
«білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«білім беру қызметін» деген сөздер «білім беру саласындағы қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «лицензияға қосымшаларда» деген сөздер «білім беру қызметімен айналысу лицензиясында және (немесе) лицензияның қосымшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.»;
4-тармақтағы «қызметіне лицензияның» деген сөздер «қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақ «лицензия» деген сөзден кейін «және (немесе) лицензияға қосымша» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«айналысуға құқық беретін» деген сөздер «білім беру қызметімен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат оқу-тәрбие процесінің жалғастырылуын және білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.»;
50) 57-1-баптың 1-тармағындағы «оқыту бағдарламаларын» деген сөз «оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 59-бапта:
1-тармақтағы «бiлiм берудің оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «бiлiм беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «бағыныстылығы мен меншік нысандарына» деген сөздер «бағыныстылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
1-баптың 2-тармағының 51) тармақшасының тоғызыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 5-тармағының редакциясында қолданылады. 2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 5-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылды
2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының 5-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
«Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.»;
1-баптың 2-тармағының 51) тармақшасының оныншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 6-тармағының редакциясында қолданылды
үшінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1-баптың 2-тармағының 51) тармақшасының он екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 7-тармағының редакциясында қолданылды
2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының 7-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
«2) әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;»;
8-1-тармақтағы «Лицензияның» деген сөз «Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Лицензияның» деген сөз «Білім беру қызметімен айналысу лицензиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру қызметімен айналысу лицензиясымен және (немесе) лицензияның қосымшаларымен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысу лицензиясына жаңа қосымшалар алуға);»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
8-4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бiлiм беру бағдарламаларын» деген сөздер «жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 60-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;»;
53) 61-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары болып табылады.»;
1-баптың 2-тармағының 54) тармақшасының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 8-тармағының редакциясында қолданылды
2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының 8-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 54) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 54) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
54) 62-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Білім беру тапсырысының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
55) 63-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «білім берудің кәсіптік оқу», «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 8) тармақшасындағы «техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын» деген сөздер «білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «курсанттары (тыңдаушылары)», «курсанттар (тыңдаушылар)», «курсанттарына (тыңдаушыларына)», «курсанттарының (тыңдаушыларының)», «курсанттарға (тыңдаушыларға)» деген сөздер тиісінше «курсанттары», «курсанттар», «курсанттарына», «курсанттарының», «курсанттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 4-тармағындағы «курсанттары мен тыңдаушыларын» деген сөздер «курсанттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын тиісті деңгейде іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
4) 23-баптың 10-тармағындағы «тыңдаушылары» деген сөз «магистранттары» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 71-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «курсанттары мен тыңдаушыларына» деген сөздер «курсанттарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 75-бапта:
3-тармақтағы «тыңдаушылар мен курсанттарға» деген сөздер «курсанттарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «тыңдаушыларға (курсанттарға)» деген сөздер «курсанттарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 80-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «тыңдаушыларының және» деген сөздер алып тасталсын;
8) 81-баптың 4-тармағындағы «мен тыңдаушылар» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
4-2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
4-3) уәкілетті органға ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына қосу үшін кандидатуралар жөнінде ұсыныстар енгізу және олардың құрамын келісу;
4-4) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;
4-5) уәкілетті органға базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
2) 20-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады;»;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «қазақстандық және» деген сөздер «қазақстандық және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 4-тармағындағы «Мемлекеттік» деген сөз «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 134-баптың 2-тармағының 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) денсаулық сақтау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру;»;
«7) ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру;»;
2) 139-баптың 3-тармағы «білім беру» деген сөздерден кейін «және мәдениет» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) арнаулы (әскери) оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) курсант - арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкер;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) магистранттар және докторанттар - арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;»;
«16-1) тыңдаушы - арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жүрген қызметкер;»;
3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;
4) 7-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және оған теңестірілген» деген сөздер алып тасталсын;
5) 10-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;
оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің;
оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің;
2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан, жоғары білімі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің құқығы бар.
2. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау тәртібін, егер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасында өзгеше айқындалмаса, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде белгілейді.»;
6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
1. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
7) 17-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қайта даярлықтан өтуіне және бiлiктiлiгiн арттыруына;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;»;
8) 27-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнын бітірген немесе оқыту мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта болудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.»;
9) 30-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнына оқуға қабылданған қызметкер бұрынғы атқарған лауазымынан босатылады және магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.