4) тендерге қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
51. Конкурсқа қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
52. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
53. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер конкурсқа қатысушыларға беріледі.
54. Конкурстық өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
55. Басқа үміткерлер болмаған кезде конкурстың жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, конкурс жеңімпазы болып танылады.
56. Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін комиссия конкурстық құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
57. Конкурсқа қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылдады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі - конкурс қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
58. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат қамтылады.
59. Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және қысқа мерзімді шарт (бұдан әрі - шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) болып танылады.
60. Конкурс жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған конкурсқа қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
61. Конкурс нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
62. Конкурсқа қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурс нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
63. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.