2) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе) жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы технологиялық бұзылуларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
5) саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
8) 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) жедел есепке алу ісі бойынша жедел-іздестіру қызметін, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру үшін, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін, халықаралық сұранысты орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың:
жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
қызметтік үй-жайларды, көлік құралдары мен өзге де техникалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді, мүлікті, сондай-ақ оларды ұстау, қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
астыртын ұйымдар мен объектілерді құру және ұстау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар, аудармашылар, сарапшылар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың штаттағы жасырын қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ету үшін жедел есепке алу ісі шеңберінен тыс осы тармақшада көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың сатып алуы;
10) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) халықаралық рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
13) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
19) 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) жұмыскерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
22) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;
23) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан әрекет ететін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда, өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
25) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) халықаралық және (немесе) шетелдік ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27) тармақша жаңа редакцияда
27) монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы.
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысының болуы жөніндегі талап ұлттық қауіпсіздік органдарының, сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды;
28) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін уәкілетті органмен және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттiк кәсiпорындарының сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының сотталғандарды және (немесе) жаза мерзімін өтегендерді не пробация қызметінде есепте тұрғандарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған шарттарда қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде жұмысқа орналастыру мақсатында осы Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген көлемнен аспайтын көлемде, тапсырыс берушімен жасалған шарт шеңберінде тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуына жол беріледі;
30) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;
31) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
32) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдары мен әуе кемелерін күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
33) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
34) 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
37) 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мынадай:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу;
40) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
41) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 42) тармақша жаңа редакцияда
39-баптың 42) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңның 5-бабының редакциясында қолданылды
42) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтерді сатып алуы;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43) оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, сатып алу;
44) мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу;
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45) осы мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген жағдайда, көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46) мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының өнер туындыларын сахнада көрсетуді, көпшілік алдында орындау мен көрсетуді және мәдени құндылықтарды көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
47) хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру;
48) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
49) 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.
Осы тармақша өнім беруші өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда, егер мұндай мемлекеттік сатып алу жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса немесе тапсырыс беруші ағымдағы қаржы жылы ішінде құрылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда, бірақ екі айдан асырылмай қолданылады;
51) Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу;
52) ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін сатып алу;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау (оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдардың), күзету және оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 54) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54) тармақша өзгертілді
54) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан мүгедектігі бар адамға арналған таксидің көрсетілетін қызметтерін сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне немесе құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері болып табылатын ұйымдарға тиесілігіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өткен, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға жіберіледі;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 55) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды табуға және зиян келтірмейтін етуге, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды ұстап алу және зиян келтірмейтін ету жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 56) тармақшамен толықтырылды